Ырымға сүйеніп қыз балаларға «Ұл» түбірлі есім қоюды «гендерлік кемсіту» деп те, «жақсы ниет» деп те бағалайтындар бар. Статистикалық дерек бойынша, мұндай аттар соңғы бес жылда қатты сиреген.
Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жатақханасында тұратын студенттер 21-ғасырда оқысақ та, тұрмыстық жайлылық жағынан 18-ғасырда қалдық деген шағым айтады. Жергілікті билік өкілдері қалада жаңа стандартқа сай жатақхана кешені салынуы мүмкін дейді.