Атырауда қазанның 31-і күні болған екі жарылысты «Джунд әл-Халифат» («Халифат сарбаздары») деп аталатын Ауғанстан мен Пәкістанның шекарасында орналасқан исламшыл топ өз мойнына алды.
Қазанның 31-і күні таңертең Атырау қаласында бірінен соң бірі екі жарылыс – алғаш облыстық әкімдіктің маңында, одан соң Сарыарқа көшесінде болды.