Қазақстандық сарапшылар Үрімші оқиғасына бір жыл толуына орай өткізген жиында Қытайдағы ұйғыр мәселесінің шешілмегенін алға тартты. Ал, құқық қорғаушылар мен саясаттанушылар Үрімшідегі оқиғаға қатысты ақпарат алу мүмкін болмағандықтан нақты баға беру қиын екенін айтады.
«Kazakhgold» компаниясына еншілес «Қазақалтын» акционерлік қоғамы кезінде төленбеген салықты өз еркімен Қазақстан бюджетіне қайтарды.
Азат ЖСДП партияны мемлекеттік қайта тіркеуден өткізбегені үшін әділет министрлігін сотқа бермек. Әділет министрлігі аталған партияны сегіз ай ішінде үш рет мемлекеттік қайта тіркеуден өткізбеген. Министрлік партияның бұл мәлімдемесіне ертең жауап бермекші
Қазақстан президенті 2003 жылы Мұхтар Әблязовты түрмеден босатуды сұрап, оған кепіл болған Нұрлан Смағұловты және басқа да кәсіпкерлерді жауапқа тартпақшы. Саясаткерлер мұны саяси билік пен бизнестің жымдасып кеткенінің көрінісі деп бағалайды.
Биліктің қазіргі саясатын сынға алған «Желтоқсан рухы» және «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық қозғалыстарының өкілдері елде қазақ тілінің мәртебесін көтерер жаңа заң қабылдануын талап етеді.
27 қараша күні мұсылмандардың қасиетті мерекесі – Құрбан айт басталады. Бұл күні ауқаттылар құрбандық шалып, тұрмыс-тіршілігі төмен жандарға таратады. Биыл Алматы базарларында қойдың бағасы өткен жылғыдан арзан болса да, құрбандық малын сатып алушылар аз дейді саудагерлер.
Алматы қаласындағы Айманов пен Мыңбаев көшелерінің қиылысында орналасқан дүңгіршекті Ұлдана Әжібекова бұдан бес жыл бұрын 50 мың теңгеге сатып алған екен.
Банктен 500 мың долларға жуық несие алған Анна Кузько айына төлеп тұруы тиіс 4800 долларды қайтара алмай тығырыққа тірелгенде, аутокөлігімен көпірге соғылып өлмекші болған.
Құқыққорғаушыға қарсы қозғалған қылмыстық іс прокуратурадан кейін сотқа жетуі ықтимал. Жовтистің адвокаты қаза тапқан азаматтың туыстарының құқыққорғаушыға қояр кінәсі жоқ дейді. Ал Ішкі істер министрлігі жол апатын болдырмауға Жовтистің техникалық мүмкіндігі болғанын айтады.
«Казтаг» ақпарат агенттігі жақында Қытайда өскен көкөніс пен жеміс-жидекті тұтыну жағынан Орта Азия елдері ішінде Қазақстан бірінші орында деген ақпарат таратты. Экономистер болса егер мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына қолдау жасалса, екі жылдың ішінде Қазақстан жеміс және көкөніс өнімдерімен өзін-өзі толық қамтамасыз ете алар еді дейді.