16 желтоқсан - Қазақстанның тәуелсіздік күні. Осыған орай сіздің тәуелсіздік тарихы туралы біліміңізді тексеретін тест әзірледік. Біліміңізді сынап көріңіз.
23 қазанда Алматыда "митинг орнында" полиция бірнеше белсендіні ұстады. Қалада күзет күшейіп, аумақта интернет өшірілді. Ақтөбе мен Шымкентте де полиция митинг орындарын қатаң бақылап, жұрттың құжатын тексерді.
Әлеуметтік желіде бір топ белсенді әйелдің наразылық видеосы тарады. Онда олар өздерінің "сайлау құқығы жоқ, ертеңгі күнге сенім жоқ, шындықты – экстремизм деп таныған" Қазақстан атты түрмеде тұратынын мәлімдейді.
Ақтөбеде шағын дүкен ұстайтын саудагер сөзінше індет кезінде қарыз алушы көбейген. Тұрғындар қарыз дәптерге ондаған мың теңге жаздыратынын айтады. Ол тауардың күн сайын қымбаттап, дүкенді жалдау қиын боп кеткеніне де қынжылады.
Коронавирус пандемиясы талай адамды тұрақты табысынан айырды. Әсіресе күн көрісі той-томалаққа байланысты өнерпаздарға ауыр тиді. Кейбірі күн көріс үшін амалсыз кәсібін өзгертіп, басқа салаға кетіп жатыр. Солардың бірі - петропавлдық Диляра Сабыр.
23 жастағы әнші Бақытбек Әмірханның өмірін коронавирус түбегейлі өзгертті: бірнеше айдан бері қолына микрофон емес, шүберек пен швабра ұстап жүр. Қазіргі тыңдармандары — коронавирус жұқтырған науқастар.
6 маусымда Шымкентте билікке қарсы митингіде қолшатыр ұстағандар Азаттық тілшісіне кедергі келтірді. Кейін оның бірін өзінің ішкі саясат басқармасынан екенін айтып қалды. 6 маусымдағы оппозицияның митингі кем дегенде алты қалада өтіп, полиция жүзден астам адамды ұстады.
Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында зейнеткер ұзындығы жүз метрге жуық сырғанақ жасаған. Айтуынша, сырғанақты екі ай дайындаған. "Балаларды қуантқым келді" дейді қария. Сырғанаққа өзге ауылдардан, қаладан келушілер де көп.
Демократиялық партия құру жайлы бастама көтерген белсенділер тобы қарашаның 26-сында Семейде жиын өткізді. Оған келген онға тарта азамат шу-шұрқан шығарып, шараға кедергі келтірді. Олардың арасында әкімдіктен тендер алған адам да бар.
20 желтоқсан кешкісін Стамбулда мыңдаған адам көшеге шығып, Қытайдың Шыңжаңдағы ұйғыр және басқа да аз ұлттарға қатысты жасап жатқан саясатына наразылық білдірді.