Украинадағы соғысқа Башқұртстаннан аттанған ондаған адам келісімшартын үзіп, әскери қызметті жалғастырудан бас тартқан. Өткен айда үйіне оралған сарбаздардың бірі Азаттық радиосына соғыста не көргенін баяндап берді.
Ресей шекарасынан төрт шақырым жерде орналасқан Харьков облысындағы Волчанск қаласы оккупациядан қыркүйекте азат етілген. Украинаның қарымта шабуылы кезінде қаланы тастап кеткен Ресей әскері енді оны алыстан атқылап отыр. Тұрғындардың көбі көшіп кеткен, қалғаны күнін әрең көріп отыр.
Ресейде мобилизация жариялаған соң, заңды некеге отырғандар саны күрт артты. Содан бері соғысқа шақырту алғандар бірге тұрып келген немесе кездесіп жүрген әйелдермен некесін заңдастырған. Бұған күйеуі өлген немесе жарақат алған жағдайда отбасына жәрдемақы беретіні түрткі болған.
ЕҚЫҰ-на 2008 жылы Финляндия атынан төрағалық еткен сыртқы істер министрі Александер Стубб, Азаттық радиосына берген сұқбатында, Орталық Азиядағы авторитаризм проблемасына қатысты пікірін білдірді.