Қазақстанның таулы аймақтарында сирек кездесетін кәсіп түрі — марал шаруашылығы дамыған. Шаруалар бұғы мүйізін бизнеске айналдырған. Олар жануардың мүйізін кесіп, қанын ішеді, мүйізді қайнатып, оның суы қосылған ваннаға шомылады, кептірген соң дәрі-дәрмек әзірлейді.
Ukraine
Ресей 7 тамыз таңертең және кешкісін Украинаның Покровск қаласына шабуыл жасады. Бір күн бұрын Херсон қаласына да зымыран тастаған. Шабуылдан қаза тапқан және жараланғандардың көбі қарапайым халық.
Шығыс Қазақстан облысы Боран ауылының халқы жаз бойы қалың киініп, бетін тормен тұмшалап жүреді. Жергілікті билік масаны улауға жыл сайын миллиондаған қаржы бөледі. Азаттық кейінгі 4 жылда дезинсекция тендерін бір компания алып келе жатқанын, оның иесі өңірдегі ықпалды адамның туысы екенін анықтады.
19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының халқы мен ауыл маңында алтын өндіретін фабрика салғалы жатқан компания қызметкерлері қақтығысып қалды. Тұрғындар фабрикаға қарсылық білдіріп, жұмысшыларын алып кетуді талап еткен.
Шығыс Қазақстан облысы Топқайың ауылында тұратын 70 жастағы Гүлнара Таукенова ерте тұрып, өзеннен су алуға барады. «18 жасымда ауылға келін болып түскелі тіршілігіміз — осы» дейді. Аудан әкімі «таулы-тасты жерге құбыр тарту қиын болып жатқанын» айтады.
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының тұрғыны Мергүл Талаптанованың отбасы бие байлап, қымыз сауады. Үйдің отағасы қолдан қымыз пісетін аппарат жасап алған. Шаруа құрылғының арқасында жұмысы жеңілдегенін айтады.
Шығыс Қазақстан облысының тоғыз жыл әкімі болған Даниал Ахметов қызметінен босады. Өкілеті тоқтағаны туралы президент жарлығы бүгін, 16 маусымда жарияланды. Оның орнына Ресейде елші болған Ермек Көшербаев тағайындалды.
Әжетхана жуғызып, видеоға түсіру, ауызға резеңке таяқ тығу, "балаң басқа біреуді әке дейді" деп қыспаққа алу – Қаңтар оқиғасынан соң "жаппай тәртіпсіздік жасады" деп айыпталып, кейін ақталып шыққан өскемендік төрт азамат абақтыда көрген азабын осылай сипаттайды. Бәрінің өмірі астан-кестен болды.
Өскемен жылу электр орталығында вагон тіркеуші болып жұмыс істейтін Ержан Сапарғалиев екі ай бұрын оң аяғынан айырылып қалды. Вагондар соқтығысқанда, аяғы тізеден төмен қиылып кеткен. Еңбек комиссиясы өндірістік жарақатқа жұмысшының өзін кінәлі деп тапқан. Сапарғалиев бұған келіспейді.
Шығыс Қазақстан облысында салынып жатқан елдегі ең ұзын көпір құны екі есе қымбаттап, 60 млрд теңгеден асты. Азаттық көпірді салып жатқан компанияны иелік етіп отырған екі кәсіпкер мен облыс әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметов бизнес-серіктес болғанын анықтады.
Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында салынып жатқан елдегі ең ұзын көпір құны биыл екі есе қымбаттап, 60 млрд теңгеден асты. Азаттық көпір салып жатқан компанияға иелік етіп отырған екі кәсіпкер мен облыс әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметов бизнес серіктес болғанын анықтады.
Шығыс Қазақстандағы Маралды ауылының халқы елді мекен маңында алтын өндіретін фабрика салуға қарсы. Облыс әкімі Даниал Ахметовке үндеу жасаған олар "олигархтармен күресіп жатырмыз, әкімдік байлардың мүддесін қорғап отыр" деді. Азаттық бұл фабриканың артында кімдер тұрғанын анықтады.
20 сәуірде президент Тоқаевтың ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретін күшейтетін жарлық жобасын талқылау аяқталады. Азаматтық белсенділер бұл жоба комитеттің митингілерді бақылау, азаматтарды қудалау құзыретін одан әрі кеңейте түседі деп қауіптенеді. Депутаттар бұған келіспейді.
Суданда қарулы қақтығыстан 100-ге тарта бейбіт тұрғын қаза тапты. Ресейде оппозициялық саясаткер Владимир Кара-Мурза ұзақ жылға сотталды. Жабық өткен сотқа журналистер қатыса алмады. Сот саясаткердің соңғы сөзін де тыңдатпады.
Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік бірнеше күннен бері Қазақстанда қызу талқыланып жатыр. Бұған әлеуметтік желіде тараған Өскемендегі және Қызылорда облысындағы оқушылар төбелесі түрткі болды. Екі оқиға бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.
Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылында алтын өндіретін фабрика салынып жатыр. Компания алтынды карьер қазып, ашық әдіспен алмақ. Тұрғындар "құрылыс кезінде жарылыс болып, үйімізге зақым келіп жатыр" дейді. Аудан әкімі бизнесті де, халықты да қолдауым керек деп, наразыларға нақты жауап бермеді.
Өскемен орталығында зәулім үйлер салады, әкімдіктен миллиардтап тендер алады, облыс әкімінің жанынан жиі көрінеді – өскемендік кәсіпкер Айдос Бақтыбаевтың кәсібі өрлеп тұр. Азаттық Бақтыбаевтың Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғатпен бизнес-серіктес екенін анықтады
Тағы