72 жастағы Иван Плотников Алматы іргесіндегі Ақсай шатқалында 1980 жылдардан бері балаларға арнап тастан қамал салып жатыр. Денсаулығы сыр берген соң оған еріктілер көмектесе бастаған.
Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы Жаркентте өткен Сайрагүл Сауытбайдың кезекті сот отырысы.
Шілденің 23-і күні Алматы облысының Панфилов аудандық сотында Қытай азаматы, "шекарадан заңсыз өтті" деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару мәселесі бойынша сот отырысы жалғасты.