Шілденің 8-інде Ресей президентінің Грузиямен әуе қатынасын тоқтату жарлығы күшіне енді. Азаттық бұл шектеудің Қазақстандағы туристік компаниялар үшін нендей мүмкіндік туғызатынын анықтап көрді.
Үкімет елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасындағы шенеуніктерге әуежайдағы арнайы орындарда қызмет көрсетуге рұқсат беруді ұсынды.
Қазақстан билігі түрме жүйесін реформалау қажеттігін мәлімдеп, құқық қорғаушыларды «диалогқа» шақырды.
Қазақстан орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына журналистер мен халықаралық бақылаушыларды тіркеуді аяқтады. Кейбір миссия өкілдері Қазақстандағы сайлаудың әлем назарын аудартқанын айтса, бірі елеусіз науқан деп сипаттады.
Қазақстан президенті сайлауына екі аптадан сәл артық уақыт қалды. Кандидаттардың сайлауалды штабындағылар бәсекелестердің үгіт-насихат науқанына мониторинг жүргізу немесе дауыс беру күні сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін бақылаушылар саны жайлы нақты ештеңе айта алмады.
Нұр-Сұлтанда балконнан "Сайлауға бойкот!" деп айқайлаған қала тұрғыны сотқа тартылып жатыр. Оған қоғамдық тәртіпті бұзудан өзге "полицияға бағынбады" деген айып тағылған.