Украинаға басқыншылық жасап, Батыс санкциясына ілінген Ресейдің азаматтық авиациясы жыл аяғына қарай қиын жағдайда қалуы мүмкін. Шетелден ұшақ пен қосалқы бөлшек ала алмайтын Кремль елдегі әуе лайнерлерін отандық ұшақпен алмастыру жоспарын жариялады. Азаттық америкалық сарапшы Ричард Абулафиадан Ресей авиациясының қазіргі жағдайы мен болашағы жайлы сұрады.