"Еуразия экономика одағын кей елдердің санкциясына бірге жауап беретін одаққа айналдыру жөнінде ұсыныс – Ресейдің эгосын қанағаттандыру" дейді сарапшылар. Кейбірі Қазақстан бұл ұйымнан шығуы керек деп санайды. Қазақстан билігі ЕАЭО тек қана экономикалық одақ дегенге сендіргісі келеді.
Совет дәуірінде Қазақстанда салынған Байқоңыр ғарыш айлағын қазір Ресей пайдаланып отыр. Оннан астам америкалық астронавт ғарышқа осы жерден ұшырылған. Ал қазір АҚШ 2011 жылдан бері алғаш рет ғарышқа адамдарды өз аумағынан ұшыруға дайындалып жатыр.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуразия жоғары экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы атағы берілді. Азаттық сөйлескен сарапшылар жаңа лауазымның пайда болуы және оған Назарбаевтың тағайындалуы туралы әртүрлі пікір білдірді.
Нұр-Сұлтанда Еуразия экономикалық одағы туралы шартқа қол қойылғанына бес жыл толуына орай саммит ашылды. Одаққа енгелі бері бұл елдерде қандай өзгерістер болды? Одақтан кім ұтты? Кім ұтылды?
Тамыз айы мен қыркүйектің басы Еуразия экономикалық одағына (әрі қарай - ЕАЭО) мүше елдердің валюталық нарығына нағыз сынақ болды. Бұл сынақтан бірінші болып Ресей рублі мен Қазақстан теңгесі "сүрінді". Азаттық ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық валютасының құлдырау себебі туралы Қазақстан, Қырғызстан және Ресей сарапшыларынан сұрады.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Ресейден "қырғыз-қазақ дағдарысына" араласуын сұрағанын және көрші елдің "болашағына сабақ болатын" іс-әрекеті үшін өкінбейтінін мәлімдеді.
Қырғызстан төтенше жағдай министрлігі 6 қарашада түске дейін Қазақстанмен шекарадағы Шу облысының "Ақ-Тілек" тексеру және өткізу бекетінде 30 жүк көлігі тұрғанын, ал "Чалдыбар" бекетінде кезек болмағанын хабарлады.
Үкімет ЕАЭО елдерінен келетін жұмыс күші еркін жүріп-тұруы үшін шетелдіктерді есепке алу ережесін өзгертті. Енді Еуразия экономикалық одағы елдерінің мигранттары Қазақстанда арнайы рұқсатсыз 90 күн жүреді, ал өзге ТМД елдерінің рұқсаты жоқ азаматтары шекарадан шығарылып жатыр.
Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) құрылғалы Қазақстан экономикасы дамуы баяулап келеді. Кей сарапшы дағдарысқа ЕАЭО-ның қатысы жоқ десе, енді бірі осы одақты айыптайды.
ЕО Беларуське адам құқықтары мен демократия талаптарын бұзғаны үшін салған санкцияларының біразын алып тастап, Минскімен ынтымақтастық жобасын әзірледі. Бұл Беларусь авторитарлық режимін онан сайын еркінсітеді деп уайымдайтындар бар.
Тағы