БҰҰ-ның Негізсіз ұстау жөніндегі жұмыс тобы Қарақалпақстандағы Нөкіс оқиғасына қатысты сотталған Дәулетмұрат Тәжімұратовтың ісін қарап, белсендіні қамау және соттау кезінде бостандығы шектелді деп тануды ұйғаруы мүмкін екенін жазған.
Душанбеде президент мінетін Boeing 787-800 Dreamliner ұшағына арналған ангар тұрғызылды. Құрылысқа қанша ақша кеткені құпия. Бұл ұшақтың қалай сатып алынғаны да айтылмайды. Тәжікстан мұндай ақпаратты жасырын ұстайтын жалғыз ел емес.
АҚШ-пен арадағы сауда тайталасынан пайда көріп қалуды ойлаған Қытай басшысы Син Цзиньпин экспортқа ерекше тәуелді аймақ – Оңтүстік-шығыс Азия елдеріне ұзақ сапарын Вьетнамнан бастап, мұнда көпжақты сауданы қолдауға шақырды.
Мәскеу полициясы көбіне қырғыз мигранттары баратын моншада рейд жүргізіп, келушілерді соққыға жыққан, азаптаған. Бұл туралы сол күні моншада болған қырғыз азаматтары айтып отыр. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі оқиғаны тергеп жатқанын мәлімдеді.
Еуроодақ Орталық Азияға бөлеміз деген 12 млрд еуроның қай бөлігі Қазақстанға бағытталады? Әріптес ретінде Брюссельдің артықшылығы қандай? Одақтың Қазақстандағы елшісі осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.
Самарқандағы саммитте Еуропа Одағы Орталық Азияға 12 млрд еуро инвестиция құятынын айтты. Оның қай бөлігі Қазақстанға бағытталады? Брюссель мен Астана әріптестігі қазір қай деңгейде? Одақтың Қазақстандағы елшісі Алешка Симкич Азаттыққа берген сұхбатында осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.
Украинадағы соғысты уақытша тоқтату туралы келісім бұзылып, Мәскеу де, Киев те майдандағы қарқынын күшейтіп жатыр.
10 сәуірде Астанада полиция журналист Лұқпан Ахмедияровты көшеден күштеп алып кетті. Бірнеше сағат тергеушінің алдында болып шыққан журналист "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен қозғалған істе қорғану құқығы бар куә екенін, тергеудің мән-жайын жария ете алмайтынын айтты.
Талдықорғанда жасөспірім Шерзат Полаттың қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс бойынша алдын ала сот отырысы өтіп, судья негізгі сот процесін 17 сәуірге сағат 10-ға белгіледі. Бұл іс бойынша түрлі айып тағылған 9 адамның арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар.
Орталық Азия Қытай көліктерін сату мен өндіру үшін маңызды аймаққа айналып барады: жұрт бағасы арзан көліктерді сатып алса, үкіметтер Қытайдың мемлекеттік компанияларынан миллиардтаған инвестиция тартып жатыр.
Ресейге жұмыс іздеп барған қазақстандықтарды соғысқа баруға ұсыныс жасалған. Шекарадан өткен соң олардың құжатын алып алған кім? Сатира паблигінің авторы Темірлан Еңсебек адамзатқа қарсы қылмыс істеген бе? Айыптаушылар оны қайдан алды?
9 сәуірде Алматының Наурызбай аудандық сотында "Алауыздық қоздырды" деп айыпталған Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша сот процесі жалғасты. Тергеу абақтысынан онлайн қосылған Еңсебектің процеске сот залынан қатысуға рұқсат сұраған өтінішін судья орындамады.
Тағы