Украина президенті Владимир Зеленский Қытай Ресейге қару-жарақ беріп отыр деп мәлемдеді. Еуропа, АҚШ және Украина соғысты тоқтату мәселесін талқылады. Ал Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымына «Украина келісімді бұзып, энергетикалық нысандарымызды бүлдірді» деп шағынды.
Украина Жоғарғы радасы елдегі әскери жағдай мен мобилизацияны тағы үш айға ұзартты. Саясаткерлер Ресей мен Украина жақын арада бітімге келмейді деп болжайды.
13 сәуірде Ресей Украинаның Сумы қаласына ракетамен шабуылдап, 34 адам қаза тапты. 117 адам жараланды. Зеленский мен Еуропа елдері шабуылды сынаса, Трамп Ресей қателесіп атып алды дейді. Мәскеу әскерилерді нысанаға алдық деп отыр.
Украина Ресейдің ракета әскеріне соққы жасадық дейді. Зеленский Украина жерінің тағдырын кім шешетінін айтты. АҚШ қантөгіс тоқтамайынша Ресейге санкцияларды алмайтынын мәлімдеді. Шабуылға күнде ұшырап жатқан Покровскідегі өмір мен эвакуация.
Ресейдің Курск облысы шабуылға ұшырады, адам қазасы бар. Трамптың командасының ішінде Путинге қатысты пікір қайшылығы бар. Трамп Путин, Зеленский, Байденді соғысқа айыптады. Сумы облысының әскери әкімшілігінің басшысы отставкаға кетті.
Украинадағы соғысты уақытша тоқтату туралы келісім бұзылып, Мәскеу де, Киев те майдандағы қарқынын күшейтіп жатыр.
Еуропа елдері Брюссельде бас қосып, соғыс аяқталған соң Украинаға әскер жіберу мәселесін талқылады. Трамптың өкілі Стив Уиткофф Ресейге келді. Ресей Непал, Куба, Үндістаннан адамдарды соғысқа арбаған.
Ресей мен Украина арасындағы атысты тоқтату туралы АҚШ-тың ұсынысынан соң Ресей шабуылдарын бұрынғыдан да үдете түсті. Украина президенті Ресей оккупациялық күштері қатарында кемі 155 Қытай азаматы бар деді. ЕО Ресейдің бұғатталған активтерінің есебінен Укрианаға қаржылай көмек беруді бастады.
Украина президенті Владимир Зеленский майдан даласында Ресей жағында соғысқан қытай азаматтары ұсталғанын мәлімдеді. Бұған АҚШ алаңдаушылық білдірді. Ресей жаңа жерлерді басып алуға ауқымды жорық бастағаны хабарланды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Белгород облысында соғыс жүргізіп жатқанын ресми мәлімдеді. Кривой Рог қаласындағы балалар ойын алаңына зымыран түскеннен кейін Украина Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесін шұғыл отырысын өткізуді сұрады.
Тағы