Украинадағы соғысты уақытша тоқтату туралы келісім бұзылып, Мәскеу де, Киев те майдандағы қарқынын күшейтіп жатыр.
Еуропа елдері Брюссельде бас қосып, соғыс аяқталған соң Украинаға әскер жіберу мәселесін талқылады. Трамптың өкілі Стив Уиткофф Ресейге келді. Ресей Непал, Куба, Үндістаннан адамдарды соғысқа арбаған.
Ресей мен Украина арасындағы атысты тоқтату туралы АҚШ-тың ұсынысынан соң Ресей шабуылдарын бұрынғыдан да үдете түсті. Украина президенті Ресей оккупациялық күштері қатарында кемі 155 Қытай азаматы бар деді. ЕО Ресейдің бұғатталған активтерінің есебінен Укрианаға қаржылай көмек беруді бастады.
Украина президенті Владимир Зеленский майдан даласында Ресей жағында соғысқан қытай азаматтары ұсталғанын мәлімдеді. Бұған АҚШ алаңдаушылық білдірді. Ресей жаңа жерлерді басып алуға ауқымды жорық бастағаны хабарланды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Белгород облысында соғыс жүргізіп жатқанын ресми мәлімдеді. Кривой Рог қаласындағы балалар ойын алаңына зымыран түскеннен кейін Украина Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесін шұғыл отырысын өткізуді сұрады.
Ресей Украинаның Кривой Рог қаласына ауыр соққы жасап, 20 адам қаза тапты, олардың тоғызы бала. Ресей әскерилерге шабуылдадық дейді. Украина жоққа шығарады. Кремль осы аптада Украина мен АҚШ арасында жаңа келісссөз болады дейді.
Ақ үйдің өкілдері Трампқа Путинмен телефон арқылы сөйлеспей тұра тұруға шақырған. Зеленский шабуыл қаупі төнген Сумы және Чернигова облыстарына барды. Ресейдің Харьковқа шабуылынан алты адам қаза тапты. 3-4 сәуірдегі ахуал.
Путиннің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев Вашингтонға барып, Трамптың өкілімен кездескен. Ақ үй соғысты бірнеше айта тоқтату қиын екенін түсіне бастаған. Запорожье қаласының тұрғындары Ресейге қосылғысы келмейді. Соғыстағы ахуал. 2-3 сәуір.
Украинада жас мөлшеріне байланысты Қарулы күштер қатарына алынбай қалған ерікті зейнеткерлер роталық-тактикалық топ құрып, түрлі әскери тапсырмалар орындап жүр. Кейбірінің мүгедектігі барына қарамастан, олар ұрыс аймақтарына барады. Еріктілер отанымызды қорғауға ешкім кедергі бола алмайды дейді.
The Economist басылымы Украина президенті Зеленский сайлауға дайындала бастады дейді. Бірақ Украина Жоғарғы радасының депутаты мұны жоққа шығарады. Ұзақ уақыттан бері алғаш рет Ресей Украинаға дронмен шабуыл жасамады.
Тағы