Қазақстанда криптосаудамен кемі 1,5 миллион азамат айналысады. Бірақ оның заңды негізі мен реттеу тетіктері толық айқындалмаған. "Цифрлық активтер туралы" заңға сәйкес, лицензиясы жоқ платформалар бұғатталуға тиіс, алайда Binance және Bybit биржаларының жаһандық құралдары әлі еркін ашылып тұр.