Еуропа бастаған "ниеттілер коалициясы" Киев пен Мәскеу бітімге көнген жағдайда Украинаға әскери миссиясын қандай шартпен жібермек? Коалиция мүшелері не себепті әлі екі ойлы болып отыр?
Астанада президент іс басқармасына қарасты атқораның құрылысын салуға қатысқан бірнеше кәсіпкер келісімшарттағы қаржыны ала алмай жүр. Іс басқармасы мен бас мердігер міндетімізді толық өтедік дейді. Құрылысшылардың сөзінше, еңбек дауы ортадағы қосалқы мердігерлердің шартты орындамауынан туған.
19 сәуірде Пасха мерекесінде Владимир Путин 30 сағатқа пасхалық татуласу жариялап, атысты доғара тұруға шақырды. Бірақ ол 20 сәуірдегі Украина президенті Владимир Зеленскийдің азаматтық инфрақұрылымға дрондармен және зымырандар шабуылдарды 30 күнге тоқтату туралы ұсынысына жауап бермеді.
Қазақ мұнайы кімнің меншігі? Қашағанды игеретін шетелдіктер табыстың 98 пайызын өздері ала ма? Алматыдағы жартылай марафонда екі адам қайтыс болды. Бірі өрімдей жас бала, екіншісі сексеннен асқан қария. Кеше ғана көпшіліктің алдына шығып, дұға оқыған Рим папасы Франциск дүниеден озды.
Тағы