Ресей президенті Путин тағы да атысты тоқтату режимін жариялауға дайын екенін айтты. Украина президенті Зеленский азаматтық нысандарға шабуылды 30 күнге тоқтатуды ұсынады. Ал Ресей Украинаның қалаларына соққыны үдетті. Украина, Еуропа және АҚШ өкілдері Лондонда кездеспек.
Еуропа бастаған "ниеттілер коалициясы" Киев пен Мәскеу бітімге көнген жағдайда Украинаға әскери миссиясын қандай шартпен жібермек? Коалиция мүшелері не себепті әлі екі ойлы болып отыр?
Астанада президент іс басқармасына қарасты атқораның құрылысын салуға қатысқан бірнеше кәсіпкер келісімшарттағы қаржыны ала алмай жүр. Іс басқармасы мен бас мердігер міндетімізді толық өтедік дейді. Құрылысшылардың сөзінше, еңбек дауы ортадағы қосалқы мердігерлердің шартты орындамауынан туған.
19 сәуірде Пасха мерекесінде Владимир Путин 30 сағатқа пасхалық татуласу жариялап, атысты доғара тұруға шақырды. Бірақ ол 20 сәуірдегі Украина президенті Владимир Зеленскийдің азаматтық инфрақұрылымға дрондармен және зымырандар шабуылдарды 30 күнге тоқтату туралы ұсынысына жауап бермеді.
Тағы