Астанада президент іс басқармасына қарасты атқораның құрылысын салуға қатысқан бірнеше кәсіпкер келісімшарттағы қаржыны ала алмай жүр. Іс басқармасы мен бас мердігер міндетімізді толық өтедік дейді. Құрылысшылардың сөзінше, еңбек дауы ортадағы қосалқы мердігерлердің шартты орындамауынан туған.
19 сәуірде Пасха мерекесінде Владимир Путин 30 сағатқа пасхалық татуласу жариялап, атысты доғара тұруға шақырды. Бірақ ол 20 сәуірдегі Украина президенті Владимир Зеленскийдің азаматтық инфрақұрылымға дрондармен және зымырандар шабуылдарды 30 күнге тоқтату туралы ұсынысына жауап бермеді.
Қазақ мұнайы кімнің меншігі? Қашағанды игеретін шетелдіктер табыстың 98 пайызын өздері ала ма? Алматыдағы жартылай марафонда екі адам қайтыс болды. Бірі өрімдей жас бала, екіншісі сексеннен асқан қария. Кеше ғана көпшіліктің алдына шығып, дұға оқыған Рим папасы Франциск дүниеден озды.
Ресейде 592 мыңға жуық қазақ бар. Олардың көбі Қазақстан мен Ресей шекарасының бойында тұрады. Азаттық кейінгі жылдары Қазақстанға Ресейден көшіп келген ұлты қазақ екі адаммен сөйлесті. Олар Ресей қазақтарының тіршілігі, соғыста қаза тапқан жерлестері мен атамекендегі өмірі туралы әңгімеледі.
Тағы