Үш күнге созылған бүлік
25 жыл бұрын, 1991 жылы 19 тамызда СССР үкіметі мен КПСС орталық комитетінің кейбір мүшелерінен құралған топ елде төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетін (ГКЧП) құрып, Қырымдағы Форос саяжайында демалып жатқан СССР президенті Михаил Горбачевті үйқамаққа алды. Сол күні Мәскеуге танкілер енгізіліп, орталық телеарналардан балет көрсетіле бастады. Үш күнге созылған «ГКЧП бүлігі» туралы «Осы шақ» бағдарламасының [орысша] видеосы.