Қазақстанның біраз өңірін су алып жатқан шақта президент пен әкімдерді сынап, наразылық білдіргендер көп болды. Биліктен жедел әрекет талап етіп, жолды жапқандар "заңсыз митинг" үшін айып арқалады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "қоғамға іріткі салатын әрбір әрекетке тосқауыл қоямыз" деді. Төтенше жағдай кезінде биліктің қоғаммен қарым-қатынасы қалай болды?
Түркістан облысындағы Зағамбар ауылын екі күннен бері полиция арнайы жасағы күзетіп тұр. "Оқушы қызды зорлаған" деген хабар тараған соң ауылда бірнеше көлік пен қора өртенген. Облыстық полиция "кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі" бойынша іс қозғалып, мектеп оқушысы қамауға алынғанын мәлімдеді. Азаттық тілшісі Зағамбарға барып, ауыл адамдарымен сөйлесті.
Орталық Азия елдерін аралаған Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға да келді. Астанада Қазақстан сыртқы істер министрімен және ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен Кэмерон Азаттыққа шағын сұхбат берді.
"2023 жылы күллі әлемде адам құқықтары ахуалы бойынша кері кету байқалды. Қазақстанда пікір білдіру, бейбіт жиын өткізу мен бірлесу құқығы бұрынғыдай негізсіз шектелді". Amnesty International құқық қорғау ұйымы 24 сәуірде жарияланған адам құқықтары жөніндегі жыл сайынғы баяндамасында осылай дейді.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында 2013 жылы табиғи газ кеніші игеріле бастаған. Алғашқы жоспар бойынша, жеке компания газ қорының тең жартысын облыс аумағына таратып, тең жартысын Қытайға экспорттауға тиіс болған. Алайда арада он жылдан аса уақыт өткенде табиғи отынның басым бөлігі шетелге сатылып, ауданның өзі көгілдір отынмен толық қамтылмай қалды. Бұған не себеп болды?
«Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясын құрушы бастамашыл топ әділет министрлігіне 24-рет құжат өткізді. Министрліктің қоғамдық қабылдау бөлмесінен оларды полиция далаға шығарып жіберді. Сыртта да әкімдік өкілдері белсендіоерге «заңсыз митинг өткіздіңдер» деп, жауапқа тартылатындарын ескертті.
АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.
Астанадағы тергеу изоляторында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мен қала прокуроры және Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылары бірлесіп жәбірленушілерді азаптайтын арнайы дәліз ашқан. Ақмола әскери гарнизоны соты азаптау туралы істен соң осындай тұжырым жасады. Судья Қазақстан Конситиуциясы мен заңына қайшы әрекетті тексеруді бас прокуратураға жүктеп, арнайы ұйғарым шығарды.
Түркістан облысында 60 мыңға жуық адам тұратын Қарабұлақ деген ауыл бар. Елге үлкен мал базарымен танылған. Қазақстан үкіметінің 19 наурыздағы отырысында осы ауылға қала мәртебесін беру мәселесі сөз болды. Азаттық тілшісі Қарабұлаққа барып, жұрттан осы жайлы пікірін сұрады.
Жексенбі, 21 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласын кесіп өтетін Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, қауіпті межеден – 8,5 метрден асты. Сол күні қатты екпінмен келген су Орал қаласының шағын ауданы – Зачаганск деп аталатын саяжайдың маңайында тұрғызылған бөгетті бұзып кетті. Құтқарушылар мен полицейлер саяжай тұрғындарын шұғыл әрі күштеп эвакуациялады. Ал Жайықтың деңгейі әлі де көтеріліп, су астында қалған үй саны көбейіп барады.
Франция Қазақстанды шынымен Ресейдің "артқы ауласы" деп есептей ме? Париж Мұхтар Әблязовтің экстрадициясына неге араласпайды? Француз әйелдері аборт жасатуға құқығын Конституцияға қалай енгізді? Жандармдар қай кезде наразыларға оқ ата алады? Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс Азаттықтың осы және өзге сұрақтарына жауап берді.
Тағы