Бүгін Ирақта Диала провинциясы әкімінің орынбасары Ақыл Хамид Әл-Әдели өлтірілді. Ирақ полициясының айтуынша, ол провинция орталығы Бақұба қаласында оққа ұшты. Ирақта сол сияқты азиялық ер азаматтың мүрдесі табылды. Бұл кепілдікке түскен жапониялық жас азамат Шосей Қоданың мүрдесі болуы мүмкін деген жорамалды Жапония мекемелері тексеріп жатыр. Жапония әскері 48 сағаттың ішінде Ирақтан шығарылмаса Қоданың басын кесеміз деп "Әл Қаида" сыбайласы Абу Мұсаб Әл Зарқауидің тобы айтқан шектеулі мерзім өткен болатын. Жапония бопсалауға көнбейміз деген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 6-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары
-
Freedom on the Net
Интернеті еркін емес Қазақстанда кибершабуыл көбейген