Accessibility links

Қазақстан: Назарбаевтың АҚШ-қа сапары мен жылдарға жалғасқан "Қазақгейт" жыры


Кейбір сарапшылардың пікіріне қарағанда, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы аптадағы АҚШ-қа сапары 2001 жылдан бері Қазақстан - АҚШ қарым-қатынастарын күрделендірген "Қазақгейт" деген атпен мәлім жемқорлық ісіндегі жеңістің белгісі болып көрінгендей.

«Қазақгейт» ісі Нью-Йорктың сотында соңғы екі жылдың ішінде төрт рет кейінге қалдырылды. Оның тарихына қысқаша тоқтала кетер болсақ, 1990 жылдардың орта кезіндегі Назарбаевтың американдық кеңесшісі Қазақ президентіне миллиондаған доллар пара берді деп айыпталады. Сот қағаздарында Назарбаевтың аты көлемді деген мұнай келісім-шарттары мен АҚШ пен Швейцария банктеріндегі көптеген есеп-шоттарға қатысты аталады.

Алайда жемқорлық ісінің Қазақстан президентінің саяси келбетіне әсері әлсіреп бара жатқан сыңайлы.

2004 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Дж.Буш қол қойған аса танымал емес құжат бойынша, жемқорлыққа қатысы болған ресми тұлғалардың бұл елдің ішіне кіруіне тиым салынады.

Дегенмен де, Бостандық үйінің Орталық Азия үшін бағдарламалар жетекшісі Саша Гупман Қазақстан президентінің АҚШ-қа бұл сапарының маңызы жайында былайша тоқталады.

- Десек те, оның бұл сапары өзінің атын ақтап алуға тырысу екендігі айқын. Тіпті "Қазақгейт" ісі мүлде көтерілмесе де, АҚШ үкіметінің оның сапарлап келуіне мұрсат беруінің өзі оған деген үлкен заңдық қорғаныш болып табылады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары тұсында Қазақстан үкіметі New York Times және International Herald Tribune сияқты басылымдарда жаппай жарнамалар берді. Олардың тақырыптары "Қазақстан 21 ғасырда, сырт көздің сынымен" деген тәріздес болып келеді. Сондай-ақ әлемдік ББС телеарнасында да осындай жарнамалық негіздегі түсірілімдер көптеп көрсетілді.

Олардың бәрінде Қазақстанның діни төзімділік тұрғысындағы мемлекет, экономикасы мен мәдениеті көтеріліп келе жатқан ел екендігіне назар аударылады. Гупманның пікірінше мұның баршасы Қазақстан үкіметінің бұқарамен байланыс, демек пиар саласында атқарып жатқан ісінің бір бөлігі болып табылады.

Торонто университетінің Орталық Азия істері бойынша талдаушысы Эдуард Счатз Қазақстан үкіметі мұхиттың аржағында жатқан елге Қазақстан туралы насихат жасау жолында бұл аймақтағы басқа мемлекеттерден көп қаржы жұмсауда деп атап көрсетеді.

- Менің күдігімше, бұл қандай да бір нормалардан әлдеқайда көп. Егер сіз оны Қазақстан тұрғындарының жан басына шағар болсаңыз, пиарға кеткен долларлардың сомасы тек таң қалдырары сөзсіз.

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігінің баспасөз хатшысы Роман Василенко «Азаттық» радисоы тілшісінің осы жарнамалардың бағасы және ондай насихатттың әсері қандай болады деген тәрізді өтініш сауалына жауап беруден тайсақтады.

2002 және 2003 жылдары "Қазақгейт" ісі басты тақырыпқа айналып, дүрілдеп тұған кезеңде көптеген адамдар Назарбаев енді АҚШ-қа сапарлап баруы үшін оған қандай бір кепілдік берілмесе бара алмайды деген болжамдар айта бастаған еді. Тіпті бұл сапарында қазақ президентін сотқа шақыруы да мүмкін деген сценарий жасағандар болды. Бірақ мұның бәрі де мүмкін емес болжамдар дейді Гупман.

- Назарбаев пен Қазақстанның алаңдайтын көп нәрсесі шынында бұл іс емес. Назарбаев алаңдайтындай ешкім айып төлеткізіп, оны түрмеге салайын деп жатқан да ешкім жоқ. Бұл пиар ойыны. Басында "Қазақгейт" шыққанда ол өте үлкен жанжал еді, сөйтіп Қазақстандағы АҚШ инвестициясына өз салқынын тигізді, бертін келе біздің көргеніміз бұл іске деген қызығушылық әлсірей бастады.

Ал Торонто универстиетіндегі Орта Азия бойынша талдаушы Эдуард Счатз Назарбаев АҚШ-қа сапарлау арқылы белгілі бір тәуекелшілдікке барды және ондай тәуекелдік жасауға тұратын еді деп атап көрсетеді.

Ал «Қазақгейт» ісі бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа пара берді деп жауапқа тартылып жатқан Джеймс Гиффеннің заңды өкілі Стивен Коэн қорғаушылар командасының сот процесін кейінге қалдыру туралы жасаған қадамдары заңды таңдау дейді.

- Қазіргі уақытта бұл сот ісі 2007 жылдың қаңтарында басталуы тиіс. Маған заңды қадамдар жасау үшін ақша төлейді. Ол айыпты емес және мен мұны сотқа жеткіземін.

Бұл сот процесі туралы прокурорлар көпшілік алдында айтқан емес, Азаттық радиосының түсініктеме беруін сұраған бұрынғы өтінішін жауапсыз қалдырған еді.
XS
SM
MD
LG