Accessibility links

 
Овечкиннің рекорды Кремль пропагандасына қалай серпін берді?

Овечкиннің рекорды Кремль пропагандасына қалай серпін берді?


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және хокейші Алексадр Овечкин. 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) және хокейші Алексадр Овечкин. 2014 жыл.

Ресейлік хоккейші Александр Овечкин Ұлттық хоккей лигасындағы ең үздік сұрмерген атанып, Уэйн Гретскидің рекордын жаңартты. Оның жетістігі Ресейдің пропаганда машинасына да серпін берді.

Кремльдің желідегі парақшаларында жарияланған телеграммасында Ресей президенті Владимир Путин спортшыны құттықтап, оның рекорд жаңартқан голы «[спортшының] өз жетістігі ғана емес, Ресейдегі және одан тыс аймақтағы жанкүйерлер үшін үлкен мереке болды» деді.

Путин хоккей ойынын жақсы көретінімен белгілі. Овечкин де оған дәл солай жауап қатады. Ұлттық хоккей лигасы жұлдызының Instagram парақшасында жарияланған фотода Овечкин Путинмен бірге тұр.

Ресейлік хоккейші Алексадр Овечкин. Capital One Arena, Вашнгтон, наурыз, 2021 жыл.
Ресейлік хоккейші Алексадр Овечкин. Capital One Arena, Вашнгтон, наурыз, 2021 жыл.

Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) 895 шайба салған соң Овечкин Уэйн Грецкидің рекордын жаңартты. Бұл Ресейдің ұлттық рухын көтерген үлкен оқиға болды. Осы уақытта Кремль мен Вашингтон арасында Украинадағы соғысты тоқтату бойынша тартысты келіссөз жүргізіп жатыр. Мәскеу осы тұста әлемге өзін сенімді етіп көрсетуге тырысып жатқан сыңайлы.

Ресейдің Украина келіссөздері бойынша Вашингтонға жіберілген өкілі Кирилл Дмитриев Х желісінде Овечкиннің жанкүйерлерге алғыс айтқан видеосын жариялады. Онда спортшы: « Дүниежүзіндегі барлық жанкүйерлер, орыстар... біз жеңдік! Жігіттер, біз жеңдік! Бұл тарих!» деп айқайлайды.

Мұның алдында ғана Дмитриев Украинадағы ұрысты тоқтату бойынша Вашингтонда өткен келіссөздерге қатысып қайтқан. Ол сапар «өнімді болды» деген. Ол CNN, Fox News сияқты телеарналарға Ресей мен АҚШ қарым-қатынасының болашағы бойынша сұхбат та берген.

«Президент Трамптың командасы Үшінші дүниежүзілік соғысты бастап қана қойған жоқ, Украина мәселесін шешуде біраз жетістікке де жетті» деді ол Fox News тілшісі Брет Байерге.

Дмитриев те, басқалар да мұнда «АҚШ пен Ресей – кәнігі одақтастар, ал Еуропа болса Украинаға көмегін ұлғайтып жатыр» деген нарративті жеткізбек болған сияқты.

Мәселен, Дмитриев пен RT жетекшісі Маргарита Симоньян да режиссер Оливер Стоунның Fox News-қа берген комментариінен Ресейге қатысты «жаушыл әңгімені» (“vituperative dialogue”) тоқтатуға шақырған жерін жариялады.

«Ресейге қатысты жаушыл сөздің барлығы - Америкаға тән емес негатив. Олар да, бәлкім тіпті қытайлар да, біздің ең жақсы серігіміз болар. Мұның барлығы бізге пропаганда арқылы таңылған» деді журналист сұрағына жауап берген Оливер Стоун.

Украина әуеден бомбаланып жатқанда АҚШ пен Ресей арасында достық орнатуға шақыру қисынға келмейтіндей. Әсіресе өткен демалыста Кривой Рог пен Киевке жасалған қанды шабуылдан соң.

Кривой Рогта тұрғын ауданға түскен зымырандар кесірінен балалар мен ересектер опат болды. Тұрғындар балалар алаңқайына келіп гүл қойып жатыр. Кривой Рог, Украина. 5 сәуір, 2025 жыл.
Кривой Рогта тұрғын ауданға түскен зымырандар кесірінен балалар мен ересектер опат болды. Тұрғындар балалар алаңқайына келіп гүл қойып жатыр. Кривой Рог, Украина. 5 сәуір, 2025 жыл.

Овечкин рекорд жаңартқан голын салған күні Украина сыртқы істер министрлігі Ресеймен соғысқа қаза тапқан украин спортшылары туралы мәлімдеме таратты.

«2025 жылғы наурыздағы жағдай бойынша, Ресей Украинаның 591 спортшысы мен бапкерін өлтірген, 22-сін тұтқында ұстап отыр, 11-і із-түзсіз жоғалған. Ресей шабуылдары кесірінен 725 спорт нысаны жойылды не бүлінді, оның ішінде 17 олимпиада, паралимпиада және дефлимпиада жаттығу базасы бар. Ондаған жылдар бойы Ресей спортты пропаганда құралы ретінде пайдаланып келеді. 2024 жылғы Париждегі Олимпиадада бейтарап ту астында өнер көрсеткен 15 ресейлік спортшының 10-ы соғысты ашық қолдаған немесе олардың әскери құрылымдарға қатысы бар. Ресей спорты мемлекеттен бөлінбейді. Ол – агрессияны құптап, оны әрі қарай үгіттеудің бір құралы. Спорт саясаттан бөлек болуы керек дейтіндер Ресей оны саяси қару ретінде пайдаланып жатқанын ұмытпауы тиіс» делінген мәлімдемеде.

Спорт Мәскеу мен Вашингтон арасындағы дипломатиялық тартыста Мәскеудің жұмсақ күші ретінде кәдеге асып тұрғаны анық.

Кривой Рогқа жойқын шабуыл. АҚШ пен Украинаның жаңа келіссөз
please wait

No media source currently available

0:00 0:08:11 0:00

Өткен айда Путин мен Трамп телефонмен тілдескен соң жарияланған Кремльдің жаңалығында АҚШ президенті «Владимир Путиннің ҰХЛ мен ҚХЛ-да ойнайтын Ресей және АҚШ шахматшылары арасында екі елде хоккей ойындарын ұйымдастыру туралы ұсынысын» қолдағаны айтылған. (Ұлттық хоккей лигасы (ҰХЛ) – Солтүстік Америкадағы АҚШ және Канада командалары ойнайтын хоккей лигасы, Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) – Беларусь, Қазақстан, Ресейдің хоккей командалары ойнайтын хоккей лигасы).

Ресей 2022 жылы ақпанда Украинаға басып кіргелі халықаралық хоккей турнирлерінен шеттетілген. Бұл тыйым әлі сол қалпы тұр. Алайда Овечкиннің рекорд жасаған голы Мәскеу мен Вашингтон арасындағы дипломатиялық әрекеттестікке аздап жол ашқандай.

XS
SM
MD
LG