Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Мұса Қала ауданындағы ресмилер мен тұрғындар қаланы 200-300-дей талибан бүлікшілі басып алғанын айтып отыр. Хельманд провинциясының басшысы Асадуллах Уафаның айтуынша, аудан полициясы қарусызданып, аудандық әкімшілік ғимаратындағылар шығарылған. НАТО өкілі лейтенант Том Коллинстің хабарлауынша, нақты саны қанша екені белгісіз талибан жасағы Мұса Қалаға кіріп, бұл жердің тайпа жетекшілерін кепілдікке алуы мүмкін.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 6-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары
-
Freedom on the Net
Интернеті еркін емес Қазақстанда кибершабуыл көбейген