Қоғам ұйымдары мерекелік шараларды тек ғана Алматы мен Астанада өткізген жоқ, жиналыстар мен митингтер көптеген ірі мекенде өтті. Коммунистік партиясының бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин "Азаттық" радиосына бүгін берген сұхбатында мерекелік шаралар барлық қалаларда өтті және тек ғана 7 қараша күні емес, мерекелік жиындар қазан айының соңынан бері өткізілді дейді.
Ал енді Астана мен Алматыда, әрине, ең ірі шаралар өтті. www.zonakz.net интернет-сайты зейін қойып отырғандай, коммунистік идеяны жақтайтындар Астана орталығында шеру жасап, Екінші Дүниежүзілік соғыс ескерткішінің маңында митинг өткізді. Ал Астана елдің бюрократиялық астанасы боп табылатындықтан шеру демонстрацияны көрген қарапайым тұрғындарды қатты толғандырса керек. Астанада оппозициялық ұйымдардың наразылық жиындары өте сирек өткізіледі, ал енді көше шерулері деген тіпті жоқтың қасы. Сондықтан да Серікболсын Әбділдин басқаратын Коммунистік партияның жақтастары, еңбек және соғыс ардагерлері қала орталығында Сейфуллин көшесімен ұрандатып, жалаулатып жүргенде қарапайым тұрғындар шеруді ықыласпен қабылдапты. Октябрь революциясы жөнінде түсінігі жоқ мектеп оқушылары шеруді салтанат, шоу ретінде қабылдаса, орта жастағылар мен аға буын азаматтары шерушілерге қолдау танытқан.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтеріне қарағанда, Астанадағы шеру тыныш тарқаған. Жұрт митинг өткізіп, әлеуметтік талаптарды қойған. Сосын полиция өкілі әлеуметтік теңдік талаптарын айтуды тоқтатыңдар деп бұйырған да, шерушілер үйлеріне тарап кеткен.
Алматыда осындай сарында өткен шеру мен митингтің соңы аздаған қақтығысқа айналыпты. Жалпы, Қазақстан елді мекендерінде өткен мерекелік жиындарды Коммунистік партия басқарды негізінен. Жиындарда көтерілген талаптарды партия басшысы Серікболсын Әбділдин былайша түйіндейді:
- Ең үлкен көтерілген мәселе – социализм кезінде жасалған жақсылықты қайтару. Оның ішінде – тегін оқылу, емдеу, ғылымды дамыту, әлеуметтік жағдайдың ең күрделісі – тұрғын үй мәселесі. Солардың барлығы қаншалықты қиын болса да, социализм кезінде бұқара халық үшін тиімді болды деген сөздер көтерілді.
Серікболсын Әбділдин, сонымен қатар, оппозициялық ұйымдар Қазақстан билігінің ел басқару тәсіліне, демократияға жол ашылмай жатқанына наразылық танытады, президент Назарбаев басқаратын үкімет қарапайым халықпен теледидар арқылы ғана сөйлесуде әдетке айналдырған, халық пен билік арасында көпір жоқ, байланыс жоқ деп сын айтады.
Бірден айта кету керек, Алматыдағы шеру мен митинге қала әкімшілігі тарапынан рұқсат берілмеген, полиция митингті басқарған "Социалистік қарсыласу" ұйымының төрағасы Айнұр Құрмановты қамауға алмақ болған, бірақ шерушілер оны қорғап қалған. Бұл мәліметті Алматыда жұмыс істейтін www.zonakz.net интернет-сайты жариялап отыр. Митингті бақылап тұрған полиция офицері бір шеруші әйелді жұрттың көзінше ұрып жіберген соң "Жедел жәрдем" шақыруға тура келіпті. Ол әйел ауруханаға әкетілді. Полиция қызметкерлері оның қолындағы транспарантты тартып алмақ болған делінеді.
Жалпы, Алматыда шеру мен митингті бірнеше ұйым өткізді. Халық қала орталығында орналасқан 28 панфиловшылар саябағында жиналды. Қоғамдық белсенділер әлеуметтік теңдік мәселесін көтерді, ел үкіметінің репрессиялық саясатқа көшкенін сынады. Жиынға жер дауы мен баспана дауына тап болып, зардап шеккен тұрғындар қосылды. Мәселен, жұмбақ жағдайда өртеніп кеткен үйдің тұрғындары осы митингте белсенділік танытты. Демек, әлеуметтік дағдарыстың кейбір құрбандары түбі оппозиция қатарына қосылады. Алматыда жалғасып жатқан баспана және жер дауларының құрбандары соттардың әділетсіз өтетініне және сот орындаушыларына ерекше құқықтардың беріліп жатқанына наразы. Нақты айтқанда, Алматыда сот орындаушыларына енді қару-жарақ берілмек деген мәлімет тарады. Алматыда митинг өткізген халық бұған наразылық танытты. Осылайша, әлеуметтік мәселелердің құрбандары әділетсіздіктің түбі саясатта деп түсініп, саясатқа өздері тікелей араласуға көшкен сыңайлы.