- Біздегі экологиялық жағдайды айтқанда, Арал теңізінің тартылуы салдарынан келіп жатқан зардаптар, оның адамдардың денсаулығына әсері алдымен ойға келеді. Барлық трагедиялық жағдайлар, шыны керек, көз алдымызда өтіп жатыр. Қызылорда облысында кез-келген адамның денесінде, ағзасында осы аймақтағы экологиялық жағдайдан пайда болған аурулар көп. Мысалы, тұз жиналуы, нәрестелердің дүниеге кемтар болып келуі – осы экологияға келіп тіреліп тұр. Суалған теңіз табанындағы тұздар ауаға ұшып ауа-райына да кері әсер, нұқсан тигізіп жатыр.
Экологиялық жағдай бізде тек бір ғана Аралмен бітпейді, мына жақта Байқоңыр ғарыш айлағы бар. Одан міне жарты ғасырдан астам уақыт бойы ғарышқа жіберіліп жатқан зымырандар да адам мен қоршаған ортаға зиян деп айтылады. Алайда жергілікті халық содан нақты қандай шамада зиян келіп жатқаны туралы ештеңе білмейді. Әйтеуір тіршілікке қауіпті радиация, гептил секілді сөздерден басқа хабары жоқ елдің. Оған қарсы қандай шаралар жасалып жатқаны туралы да хабарсызбыз.
Қазіргі көпшілік адамды мазалайтыны осы. Әрине, үкімет бұл мәселелерді қарап жатыр. Бірақ та оны түзеу үшін оған қаншама көп қаржы бөлу керек. Менің ойымша, үкімет халықтың денсаулығын түзеу үшін республикалық қордан біздің облысқа арнайы қаражат бөлуі керек. Ол қаржы мәселесін тек облыстың мойнына іліп қоюы дұрыс емес, бұны облыстың жеке мәселесі емес, республика проблемасы деп қараған жөн. Себебі, Арал трагедиясы тек қана бір облыстың трагедиясы емес, бұл тұтас ұлттың, бүкіл халықтың трагедиясы болып табылады. Сондықтан бұл мәселені бүкіл республикалық деңгейде қарап, шешу қажет.
Байқоңырды жалға алып отырған ресейліктердің ұшырған «Протондары» қаншама рет қазақ жеріне құлады. Салдарынан адам, мал, қоршаған ортаға зиян келді. Ал бұл мәселені, шыны керек, ресей үкіметі тиісті дәрежеде қарап-қадағалап отырған жоқ. Еліміз болса, трагедиялық жағдайларды бастан кешіріп жатыр.
Сондықтан біздің үкімет Ресейге нақты, қатаң талап қоюы керек: «Протонды» ұшырған кезде қауіпсіздік жағдайы толық, 100 пайыз қамтамасыз ету. Ал егер ол қамтамасыз етілмесе, онда «Протондар» қазақ жерінен ұшпауы керек. Себебі, біз үшін халықтың денсаулығы, халықтың жағдайы бірінші орындағы мәселе. Осыны біздің үкімет ескеріп, ұмытпаса екен деймін.