-Әсіресе 1989 жылдың желтоқсанында Николае Чаушескудың басқаруындағы коммунистік биліктің құлатылған оқиғасын көрсетуде бұл қос радио айрықша маңызды рөл атқарды,- деді Румыния президенті Траян Басеску Бухарест қаласында, шілденің 31-де болған салтанатты басқосуда.
Румын президенті қолынан радиоларға арналған сыйлықтарды алу үшін Азат Еуропа және Азаттық радиосының президенті Джеффри Гедмин, сондай-ақ БиБиСи-дің Румыния бөлімі басшысы Разван Скортей қатысты.
-Бұл сыйлық 60 жылға жуық уақыт ішінде Румын халқына еркін де тәуелсіз ақпарат жеткізу бағытында аянбай тер төккен Азат Еуропа және Азаттық радиосының бірнеше жүздеген журналистері мен сарапшы, зерттеушілеріне тиесілі,- деді Гедмин мырза.
Азаматтардың өмірін өзгертуде Азат Еуропа және Азаттық радиосының қандай рөл атқарғаны туралы Румыния президенті мен осы салтанатқа жиылған қонақтар тарапынан естіген әңгімелерінің көңіл толқытарлық болғанын Азат Еуропа және Азаттық радиосының президенті атап көрсетті.
Алғашқы тәжірибелік хабар таратуын Азаттық радиосының румын бөлімі қызметкерлері 1951 жылдың 14 шілдесінде бастаған еді. Әуеге шын мәнінде шығуы келесі жылдың 1 мамырында басталған болатын. Бірнеше он жылдықтар бойы Азат Еуропа және Азаттық радиосының хабарлары Румын коммунист басшыларының мазасын алып келген еді. Румын үкіметінің 2006 жылғы баяндамасында айтылғанындай, аталған радионың Румын бөлімінің 3 директорының өліміне ол үкімет себепші болуы ықтимал.
Ал БиБиСи-дегі Румын бөлімі хабар таратуды 1939 жылдың 15 қыркүйегінде бастаған еді. Азаттық радиосының румын тілінде хабар тарататын бөлімі өз қызметін 2008 жылдың 1 тамызында тоқтататыны жөнінде бұдан бұрын хабарланған болатын. Азат Еуропа және Азаттық радиосының Молдова және Днестр маңы аймағына хабар таратуы одан әрі жалғаса береді.