Мектеп бағдарламасына туындылары енген қазақстандық жазушылар оқулық шығаратын баспалардың қаламақыны қалай төлейтіндігіне көңілі толмайтынын айтады. Кей туындылардың авторлары өз интеллектуалдық меншігінің қаламақысына жылдар бойы көк тиын да алмағаны белгілі болып отыр.
Орталық Азия елдерінде байырғы ұлт өкілдерінің аты-жөндегі орысша жұрнақтан, мәселен, тегіндегі -ов(а) и -ев(а) қосымшасынан арылу үрдісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Әйтсе де, бұған кері процесс те қарқынды жүріп жатыр. "Азаттық Азия" тілшісі жағдайдың жай-жапсарын зерттеп көрді.
Үкімет қосылған құн салығының мөлшері мен оны төлеушілер қатарын көбейтуді ұсынды. Былтыр салықты өсіруге қарсы болған президент биыл қолдау білдіріп, жылдамырақ енгізуді тапсырды. Сарапшылар салық ауыртпашылығы қарапайым тұтынушыға, салықты төлейтін бизнес иелеріне түседі дейді.
1 ақпаннан бастап Қазақстанда сұйылтылған газдың шекті бағасы бөлшек саудада 10 пайыз, ал көтерме саудада 15 пайыз өспекші. Үкімет болашақта бензин мен дизель отынының бағасын реттеуден толықтай бас тартуды көздеп отыр. Сарапшылар мұндай өзгеріс бағаның күрт өсуіне алып келеді деп санайды.
Астана әкімдігінен 10 мыңға жуық автотұрақ орнын 20 жылға жалға алған "Астана тұрақ кеңістігі" компаниясы түскен табыстың 75 пайызын алып отыр. Тұрақтар операторы бұрынғы қала әкіміне бөтен емес. Жерді уақытша пайдалануға беру жайлы шешімді сот әуелі заңсыз деп танып, кейін шешімнің күші жойылған.
20 жастағы Ринат Асанов – Ақтау қаласына жақын маңда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының жолаушы ұшағында болып, аман қалған Қырғызстанның үш азаматының бірі.
Кейінгі жылдары әлеуметтік желіде үй шаруасындағы, декретте отырған әйелдердің жеке блогы көбейе түсті. Бірі күнделікті тұрмыс-тіршілігін, екіншісі өзі істеген өнімдерін көрсетіп, табыс тауып жүр. Олар кімдер, неліктен блог жүргізіп бастады, әлеуметтік желі оларға қандай мүмкіндік беріп отыр?
16 қаңтар Ақтөбенің тергеу соты "адамдарды кепілге алу" және "кісі өлтіру" қылмысына күдікті ретінде ұсталған азамат Б.-ны екі айға қамауға алуға санкция берді. Оны полиция бірнеше күн бұрын Ақтөбеде кепілге алынған адамдарды босату операциясы кезінде қолға түсірген.
Ақтөбе полициясының хабарлауынша, күдікті кепілге алған адамдарды босатуды бас тартқан соң, арнайы операция жүргізіліп, кепілге алынған әйел босатылған. Жертөледе сол әйелдің пышақтан жараланған ата-анасы табылған. Құтқарылғандардың екеуі кейін қайтыс болған.
Қазақстанда былтыр "ірі мөлшердегі есірткі тектес затты өткізу мақсатында алды, сақтады және тасыды" деген айыппен мыңнан аса адам сотталған. Олардың жартысынан көбі 16-29 жас аралығындағы жастар, көбі 10-15 жыл түрме жазасын алған.
Әлеуметтік желіде адам метапневмовирусы жайлы түрлі дерек тарап жатыр. Бірақ арасында шындыққа жанаспайтыны көп дейді дәрігерлер. Үкімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеп, алаңдауға негіз жоғын айтты. Метапневмовирус деген не? Одан қауіп бар ма? Азаттық жауап іздеп көрді.
Қазақстанды қазір "Штрафстан" деп атап жүр. 4 желтоқсан күні "Ақ жол" партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Азат Перуашев шенеуніктер айыппұлды желеу етіп елді тонап отыр деп айыптап, "Штрафстан құрып жатыр" деп мәлімдеді. Азаттық мұның жай-жапсарын сараптап көрді.
Тағы