- Досмұхамедов мырза, 27 қазан күні «Атамекен» партиясы құрылтайының өткеніне тура екі жыл болды. Партия билік тарабынан өз қызметіне рұқсат ала алмады. Ол ол ма, сіз эмиграциядан бірақ шығып, енді бас сауғалап жүрсіз.
- Мен сыртта қарапайым азамат ретінде де жүрмін. Қазақстан президентіне қайырылып, біріншіден, саяси ұйым ретінде жолымызды таңдап, мәлімдеме жасағандықтан, конституциялық құқығымның қаматамасыз етілуін, демек қауіпсіздігімді қамтуды сұраған едім. Екіншіден, саяси таңдау білдіруіме берілетін конституциялық құқығымның орындалуын сұрадым. Өкінішке қарай, Конституциямыздың басты кепілі болып табылатын президент екі жыл бойы үн-түнсіз, бұл проблеманы байқамағандай болып отыр.
Бұны Қазақстан мемлекеттік жүйесінің қатардағы азаматтарына қаншалықты немқұрайды қарайтынын көрсететін ерекше жағдай деп айтар едім.
- Бірақ бұл жағдайда қазір қатардағы азамат емес, қоғамдық-саяси ұйымның жетекшісі ретінде сөйлеп отырсыз. Партияңыздың тіркелу ісі қандай деңгейде? Билік орындары не деп жауап береді немесе не деп жауап бермейді дегендей...
- Бюрократияның қимыл-әрекеттері саяси партиялар туралы заңда ойластырылған тәсілге сай толық атқарылуда. Бұл сергелдеңнің мәні – Қазақстанда азаматтық қоғамның пайда болуына және оның қалыптасу процесіне толық қадағалау жасай отырып, оған жол бермеу. Билік орындарының бір айдан кейін сараптама қажет деп айтуы мүмкін екенін білесіздер. Ондай сараптау, қазіргі заңға қарасақ, 100 жылға, 200 жылға, тіпті 300 жылға да созылуы мүмкін. Бәрі де қазіргі режимнің қаншалықты ұзақ тұратынына тікелей байланысты.
Сондықтан да заң бойынша тіркеуге берілген бір ай мерзімнің аяқталуына бір күн қалғанда әділет министрінің құрылтайшылық қосымша құжаттарымызды сараптау қажет деген бұйрығының көшірмесін алдық. Бұл сараптаманың созылғанына жақында екі жыл толады.
- Досмұхамедов мырза, Қазақстан президенті жауап бермесе, Әділет министрлігінің шенеуніктері сырғытпа хат жазып отырса, саяси элита тарабынан қандай реакция болды? Қазақстан қоғамы қаншалықты саяси процестерге өзі қозғаушы күш бола алатындай дәрежеге жетті деп ойлайсыз?
- Партиямыздың пайда болуы Назарбаев үшін шынында күтпеген жағдай болды, президент әкімшілігі бұған қатты алаңдап, мазасы кетті деп айтқым келеді. Партиямыздың құрылтай жиналысын, басынан аяғына дейін, қалай өткізгені Президент әкімшілігін сол кезде басқарған Әділбек Жақсыбековтің қатты ашуын туғызды.
Дейтұрғанмен, партиямыз қарапайым Қазақстан азаматтарының еркін саяси таңдауының нәтижесінде дүниеге келді, олар саяси ұйым құру құқығын берген Конституцияның қағидасына сай қадамға барды, осыны түсінуіміз керек. Бірақ партиямыз президент әкімшілігінен бата сұрамаған еді; мен болсам, президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың талабына көнбей, Құран ұстап, ант бермей қойдым; серт жасасуға көндіргісі келген, партияңа екі теңтөраға жіберейік деген президент кеңесшісі Ертісбаевпен келіспей, кабинетінің есігін, турасын айтқанда, тарс жауып кеткенмін. Міне партиямыздың тіркелмей жатқанының нақты себептері осы. Бұл – азаматтық қоғамды ноқталауға бағытталған Президент әкімшілігінің байырғы сценариі.
«Қазақстанның жас кәсіпқойлары» деген қоғамдық бірлестіктің төңірегінде де осындай жағдай қалыптасты, олар да тіркеуден өте алмауда.
Бұл жас азаматтар орта буынның дәл өзі емес пе, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы? Осы орайда Азаттық радиосы арқылы Қазақстан басшысына былай деп қайырылғым келеді:
«Сіз Вашингтоннан бастап, Лондон, Франкфуртке дейін жүрген жеріңіздің барлығында демократиялық қоғам мен нарықты экономиканы құрып жатырмыз деп айтасыз. Бірақ орта буынның саяси ұйымы болмаса, олар да болмайды ғой. Сіз болсаңыз аппаратыңызбен бірлесе қимылдап, экзотикалық партияларды қаптатып жібердіңіз. Бұл жерде ешкімге керек емес «Руханият» партиясын айтуға болады, "Патриоттар" партиясы да сол, Серікболсын Әбділдиннің бағытын әлсірету мақсатында Коммунистік партияны егіздеттіңіз. Болат Әбілов пен Жармахан Тұяқбай басқаратын оппозициясымақ партияларды қаржыландырасыз.
Бірақ осы 15-17 жыл ішінде еркін, нарықты экономика мен нағыз демократияның идеяларын дәріптейтін партия құруға мүмкіндік бермедіңіз».
- Досмұхамедов мырза, қандай да бір партия әу бастан-ақ үкімет бақылауынан тыс болса, оның тіркелуіне жол берілмейді деген күрделі мәселелерді айтып отырсыз. Мұндай көрініс жалпы авторитарлық елдерде бар. Бірақ сіз президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев Құран ұстап, ант бер деп талап етті дейсіз, аңызға ұқсайтын нәрселерді айтып отырсыз ғой. Бұл не, осындай дәстүр бар ма?
- Тимур Құлыбаевтың кеңесшісі болғанымды білесіздер. Құрылтайдан кейін ол менімен ұзақ сөйлесті. Айтпақшы, құрылтай өткеннен кейін олар мені дереу, одан бұрынғы өтіп кеткен датамен бұйрық шығарып, демек 30 қыркүйек күнін белгілеп, жұмыстан шығарып жіберіпті. Сөйтіп «Казэнерджи» ассоциациясы президенті кеңесшісінің қызметінен босатқан.
Құлыбаевтың өзі үшін қорыққаны сонша, ол өтіп кеткен күнмен бұйрық бергізіп, мені жұмыстан шығып кеткен деп ақталыпты.
Бұл режим заң мәртебесіне, дұрыс заңға негізделмеген. Фашистік Германияда да заңдар болған, бірақ олар моралдық және жалпыға бірдей адамгершілік құндылықтарын ескермеген еді. Міне, Қазақстандағы авторитарлық билік көмескі, феодалдық сипаттағы салттарды енгізіп, адамдарды бір- біріне қарауылдатып, бақылаудың бейресми тәсілдерін ойластырып қояды.
Тимур Құлыбаевтан кейін менімен Ермұхамет Ертісбаев та сөйлесті, ол да тікелей осындай талаптарды қойды. Мен үзілді-кесілді қарсы екенімді айттым. Көптеген таныстарым көне салу керек еді, күнкөріс қамы үшін талаптарына мойынұсыну керек еді дегенді айтты. Мен болсам, мұндайға бармағанымыз жөн деймін. Адамгершілікке жат, антидемократиялық режиммен ымыраға, тіпті аздаған болсын компромиске барған сайын – билікке соншалықты көбірек күш-қуат береміз, оның мерзімін соншалықты ұзарта түсеміз.
- Досмұхамедов мырза, бұлар енді – Қазақстан қоғамындағы мистикалық ритуалдар, мистикалық салттар. Бірақ елде нақты саяси дау-дамайлар орын алып жатыр. Оның біреуін жаңа ғана тілге тиек еттіңіз. Бұл – Жармахан Тұяқбай және Болат Әбілов басқаратын партиялардың төңірегіндегі дау. Бұл екі қайраткер Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетіне құпия қызмет етеді деген әңгіме болды. Олардың өзі бұл жорамалды жоққа шығарды. Мұндай мәліметтерді өз басыңыз қалай қабылдадыңыз?
- Қазақстан азаматы ретінде, жүздеген жылдар бойы құлдықта болып, енді өз мемлекеттілігін құрғысы келетін елдің азаматы ретінде оларға қатысты мәліметті өкінішпен қабылдадым. Генетикалық кодымыз енді-енді белгілене бастады, мемлекеттік, ұлттық сана - сезім алгоритмі енді -енді айқындала бастады. Міне осы бастапқы кезеңде мемлекет азаматтық қоғамның қолын артқа қайырып, оны жай ғана құл емес, басыбайлы күңіне айналдырды.
Осының барлығы Назарбаев құрып жатқан демократияның бос сөз екенін көрсетеді. Қазақстанда орын алып отырған саяси процестің жай ғана елді ақымақ қылу, адастыру екені айқындалды. «Еркін баспасөзіміз бар» дегендері, «оппозициялық партияларымыз бар» дегендері жай ғана жұртты ақымақ ету. Мұның барлығы қарапайым азаматтарды және Батыс елдерін алдау үшін жасалады.
- Қазақстанда оппозиция төңірегінде тағы бір саяси дау-дамай орын алып жатыр. Бірнеше партияның басшылары қылмыстық істі жасыруға көмектескен деп айыпталды. Олар Украина басшыларына қайырылып, оппозиция белсендісі және кәсіпкер Есентай Байсақовқа саяси баспана беруді сұраған екен. Негізгі күдікті ретінде Төлен Тоқтасынов аталды, оның шетелде жүргеніне бірнеше айдың жүзі болды. Сыртта екі жыл жүрген саяси эмигрант ретінде бұл іс бойынша қандай болжам айта аласыз?
- Біріншіден, айтқаныңызды түзетіп, сыртта жүрген мерзімім екі жыл емес екендігін айтқым келеді. Коррупцияға батқан бұл режиммен алғаш рет 1997 жылы бетпе-бет келдім. «Аргументы и факты» газетінде үлкен мақала шығып, Қазақстанның Германиядағы елшілігінде болған қаржылық дау-дамай туралы жазылған еді. Ол кезде мен Қазақстан елшілігіне өкілетті өкіл болып жіберіліп, іске кіріскенімде қыруар қаржының жымқырылып, желге шашылғанын анықтадым. Бұдан кейін мені қорқыту-үркіту басталды, қудалауға тап болдым.
Екіншіден, бұдан соң Қазақстанға келе алмай, шетте бес жыл жүрдім. Елге 2001 жылы жағдай сәл оңалғандай болғанда ғана оралдым.
Сіз сұрап отырған іс жайында айтатын болсам, оны егжей-тегжейлі толық білмеймін, сондықтан заңгер ретінде сипаттама бере алмаймын. Бірақ істің астары мен қолтаңбасы заңгер еместерге де түсінікті. Мұның барлығы Қазақстанда тәуелсіз саяси күш пен тұлғаның қалыптасуына жол берілмеу үшін жасалып отыр.
Мұндайда шынайы оппозицияны біріктіріп, халықаралық демократия тетіктерін пайдалана отырып, адамгершілікке сай келмейтін бұл режимнің өзгеруіне ықпал ету керек, Қазақстандағы қазіргі жүйені реформалауға жол аштыру керек.
- Бірақ дәл қазір, Досмұхамедов мырза, Қазақстан оппозициясының сырттағы тұлғаларының арасында да елдің дәл ішіндегідей жағдайды көріп отырмыз. Оппозиция серкелерінің ел ішінде қандай ауызбіршілігі жоқ болса, сыртта да солай.
- Қай жерден араздық таптыңыз? Бұл жерде нақты нені айтып отырсыз сонда?
- Қазақстанда бір бірімен қарым-қатынаста болмаған тұлғалар да, қарама-қайшы бағыт, көзқараста болған тұлғалар да бара-бара шетке ығыстырылды.
Бұл жерде, мәселен, 2001 жылы баррикаданың екі қарсы бетінде болған Ғалымжан Жақиянов пен Рахат Әлиевті айтар едім. Олардың екеуі де қазір саяси майданның бір шебінде. Не болмаса қазақ саяси эмиграциясының көшбасшысы Әкежан Қажыгелдинді алайық, оның қудалануға тап болғанына биыл 10 жыл толды. Сыртқа бас сауғалап кеткен оппозиция жетекшілерінің қатары ұлғаюда, дегенмен, олардың өздерін ұстауы, беталысы елдегідей.
- Біріншіден, сіз атаған тұлғалардың болмысы әртүрлі, олардың Қазақстаннан кетуіне түрткі болған бастапқы себептері де бір біріне ұқсамайды. Сіз тізіп шыққан тұлғалардың басым көпшілігінде Қазақстаннан қол үзулеріне саяси себеп негіз болмаған. Әкежан да солай, Рахат та солай, Ғалымжан да солай.
Рахат пен Ғалымжан режимның құрамдас бөлігі болды, бірі репрессиялық аппаратта қызмет істесе, екіншісі саяси аппаратта жұмыс істеді. Олардың тіл табысуларына қазір әбден болады. Оларды бөлек-бөлек шекпеннен шыққан тұлғалар деп білу орынсыз. Олар "Назарбаевтың қазақ элитасы" деген бір бесіктен шықты.
Әкежан Қыжыгелдин жайында да дәл осыны айтуға болады. Дегенмен, шетте жүрген оппозицияның қай жетекшісі болса да, Қазақстандағы бүгінгі режимді күйретуге өзіндік үлесін қосып жүр.
Бағыттарымыздың бірлестігі жөнінде айтсам, өткен жылы Страсбург қаласында кездескенімізді білесіздер. Мұнда мен, Әкежан Қажыгелдин және Қазақстан оппозициясының Сырттағы бюросының жетекшісі Серік Медетбековтер бас қостық. Біз толыққанды жұмыс істеп, «Страсбург бастамасын» көтердік. Бұл бастама мүмкін болатын барлық реформаларға жол ашады, нақты айтқанда, Қазақстан Конституциясына радикалды, сапалық өзгерістер енгізуді көздейді.
Қазақстан президентінің әкімшілігі таратып жүрген әңгімелерге қарамастан, бұл бағытта көзқарастарымыз толық сәйкес келеді. Барлығымыз Конституцияның жаңа жобасын дайындап жатырмыз. Қазір ол Батыс Еуропа мен Америка университеттерінде сараптамадан өткізілуде. Бұл жоба ортақ қимылдарымыздың тұғырнамасына айналады деп білемін.
- Әңгімеңізге рахмет.