Accessibility links

Кришна қоғамына қарсы сот кейінге қалдырылды, бірақ храмды бұзу қаупі сейілген жоқ


Алматы маңындағы кришнаиттер үйі, 27 қазан, 2008 ж.
Алматы маңындағы кришнаиттер үйі, 27 қазан, 2008 ж.

Мемлекет пен Кришна санасы қоғамы арасындағы сот процесінде үзіліс жарияланды. Сот тыңдаулары енді 3 қарашаға белгіленді.

Діни бірлестіктің баспасөз –хатшысы Максим Варофлеемевтің сөзіне қарағанда, сот отырысында әкімшілік даулы жер учаскесіне қатысты өзінің ескертулерін негіздейтін құжаттар тапсырмаған. Сотқа талап-арыздан басқа ешқандай құжат берілмеген.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Алматы облысы Қарасай аудандық әкімшілігінің әкімі Анзар Мұсаханов діни бірлестікке қарсы сотқа талап-арыз түсірген болатын. Оның мәнісі - Кришна храмын жауып, ол ғимарат тұрған жер учаскесін мемлекетке қайтаруды көздейді.
Бұған дейін Кришна қоғамы сот шешіміне сәйкес, үйлерінің бір бөлігінен және 30 гектар жерінен айрылған болатын.
XS
SM
MD
LG