Бүгін Азаттыққа телефон арқылы берген сұхбатында Австрияның İшкі істер министрлігінің өкілі Рудольф Голия Асанәлі Жекебаевтың 9 қараша күні Вена әуе жайында ұсталғанын растады. Оны Қазақстан жағының сұрауы бойынша Интерпол тұтқындаған.
Қазір Жекебаев Вена абақтысында отыр. Оның ісіне австриялық адвокаттар тартылды. Рудольф Голияның атап көрсетуінше, ресми Астана оны кісі өліміне қатысы бар деп сұратқан көрінеді. Бірақ ең қызығы – Асанәлі Жекебаев өзіне тағылған айып бойынша сотталып, түрмеде отырып шыққан.
Еске сала кетейік, 2001 жылдың маусымында павлодарлық жергілікті кәсіпкер Борис Костанов кісі қолынан қаза тапқаннан кейін Қазақстаның құқық сақшылары Есентай Байсақовтқа кісі өлтіруге тапсырыс берді және ұйымдастырды деген айып таққан болатын.
Алайда, ағайынды Байсақовтарға саяси пана берген Украинаның ұлттар мен дін істері бойынша мемлекеттік комитеті аталған іспен мұқият танысқан соң, Байсақовтарға қарсы істің саяси астары бар деген қорытындыға келді.
2003 жылдың 21 сәуірінде Павлодар облыстық соты ағайынды Байсақовтардың ісіне қатысы бар деген айыппен Асанәлі Жекебаевты 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыратын үкім шығарды. Жекебаев жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтеп жүріп, мүгедек болып қалуына байланысты ғана босатылған болатын. Бұл жөнінде Азаттық радиосының журналистік зерттеу мақаласында жан-жақты айтылған болатын
Түрмеден босағаннан кейін Асанәлі Жекебаев Қазақстаннан кетті. Оппозицияның белсендісі Есентай Байсақов пен оның жақындары осылайша шетелге қоныс аударуға мәжбүр болды. Алайда оларға қарсы қуғын-сүргін әлі тиылмаған болып отыр.
Кезінде ағайынды екеуіне саяси пана беруді сұрап, Украина үкіметіне өтініш хат жолдаған оппозиция серкелерінің өздеріне “ауыр қылмыскерлерді жасырды” деген айып тағылып отыр. Оларға қарсы қозғалған қылмыстық іс әлі тергелу үстінде. Оппозиция жетекшілері ол істің астарында саясат жатыр деп мәлімдейді.