Ұсталғандар бұл су құбырларын жерден қазып алуға жалданған жұмыскерлерміз деп ақталмақшы болған.
-Саран су торабының бірі ұрланып жатқаны туралы хабар алдық. Бұл су құбыры негізгі су құбырларында апатты жағдайлар орын алған кезде Саран қаласын сумен қамтамасыз етеді. Енді қолды боп кеткен құбырларды қалпына келтіру үшін шамамен 50 миллион теңге қаражат қажет. Оқиға орынына барғанымызда Саран қаласын әлі де көп жылдар бойы сумен қамтамасыз ете алатын 3000 метр жерасты су құбырының қопарылып алынып, машинаға тиеліп жатқанын көрдік,- дейді қаланы сумен қамтамасыз етуші «Саранькоммунсервис» мекемесінің бастығы Александр Пимахов.
Сөз болып отырған су құбырларының сарандықтар үшін маңызы жоғары нысан екені айтпаса да түсінікті. Алайда құбырлардың еш күзетсіз қалғандығы мемлекет мүлкіне деген немқұрайдылықты аңғартады. Қараусыз жатқан мүлікке көрінгеннің көз алартпайтынына кепілдік жоқ.
Сумен қамтамасыз етуші мекемедегілер заңға сәйкес бұл құбырлар күзетке алынуы тиіс. Алайда еш бір компания бұл іске белсендік танытпай отыр, өйткені су құбырларының ауқымдылығы мен орналасуы күзет қызметін көрсететін компания үшін тиімсіз, ал біз үшін бұл қомақты қаржыны қажет ететін шаруа дегенді алға тартады.
Оқиға орнында қазып алынған су құбырларын тиеп алып кету үшін әкелінген арнайы техникаға дейін тұр. Сондай-ақ онда істің басы қасында жүрген 12 жұмыскермен қоса , оларды тамақтандыратын аспазшысы да бар екен. Су құбырларын жерден қопарып алғандардың жұмысқа қажетті барлық техникасымен қоса, су және жанар- жағар май әкелетін машинасы дар бар. Сондай-ақ жұмыскерлерді тамақтаныдаратын азпазшысын да алып келгені бұған арнайы дайындықтың дәлелі.
-Құбырлар қазылып жатқан жерде болғандардың барлығынан қазір жауапқа алынды,- дейді Саран қаласы ІІБ тергеу бөлімі бастығы Бейбіт Сағынбек. Тәртіп сақшылары оқиға орнында ұсталғандардың жауаптары бойынша жалдаушы адамды іздестіргенімен, олардың кімдер екенін анықтай алмай отырғандықтарын айтады.
Саран қаласы тұрғындары жылдар бойы ауыз су және жылу тапшылығын тартып келеді. Қыс көзі қырауда мынандай жағдайға тап болған қала тұрғындарын алдағы қаһарына мінетін аяздарда не күтіп тұрғанын іштей болжауға болады. Сумен қамтамасыз етуші мекеме хұқық қорғаушылармен бірлесе отырып тез арада жағдайды шешіп жатса ғана іс оңға басар. Алайда қылмыскерлер ұсталған күннің өзінде 3 шақырым жерге құбыр тарта салу оңай шаруа деп айтқанның аузы дуалы дейтіндер табылмас. Енді сарандықтар үшін қалаға ауыз су келетін негізгі құбырлар жарылмасын деп тілеу ғана қалады.