Азаттық радиосына белгілі болғанындай, 3 наурыз күні таңертеңгісін Костелец над Орлицей қаласында қазақ діни босқындарының жетекшісі Қайрат Досметовты тұтқындаған. Оны бетперде киіп, қаруланған адамдар қамауға алған.
Бұл туралы Азаттық радиосына өздерін «Таза дін» жолын ұстанушылар деп атайтын діни қауымдастықтың белсенді өкілі Нұрлан Қанатбаев хабарлады.
Қайрат Досметов қазақстандық діни босқындардың Чехия билігіне қарсы осы жылдың 7 ақпаны күні Прагада өткізген митингісін ұйымдастырушылардың бірі болған-ды. Ондаған босқындар Чехияның соттары мен миграция қызметтерінің үш жылдан бері өздеріне халықаралық қорғау мәртебесін беруден бас тартып, құқтарын кемсітіп отырғанына шағымданған болатын.
Қазқстан билігі бұл адамдары салафит ағымын ұстанушылар ретінде қудалаған. Осы діни азшылықтың бірнеше өкілі қазір де қылмыстық айыптар бойынша айыпталып Қазақстанда түрмелерінде отыр.
Бүгінде Қазақстанның 205 азаматы – діни босқындар мен олардың балалары Чехиядан кез-келген уақытта депортациялануы мүмкін. Адам құқын қорғаушылар оларды Отанында азаптау мен түрме күтіп тұр дейді.
Наурыздың 2-інен 3-не қараған түні Прагада тағы бір қазақ босқыны Асылхан Жантасов тұтқындалған. Оны басқа босқындармен бірге тұрып жатқан пәтерінде қарулы адамдар келіп, қамауға алған.
Ал, үшінші қазақ босқыны Хамит Нұрғалиев Чехияның батысындағы босқындар қауымдастығы жатақханасында қамауға алынған. Оның бөлмесіне де тінту жүргізілген.
Францияда орын тепкен "Орталық Азиядағы адам құқтары" деп аталатын құқық қорғау ұйымы өткен аптада дәл осы пәтерді чех полициясынанбыз деген алты адамның тінтігенін хабарлайды. Дегенмен де олар тінту әрекетінің ешқандай хаттамасын жазбаған
Чех билігі тарапынан бұл тұтқындауларға қатысты әзірге еш түсініктеме берілген жоқ.