Чехиядан саяси баспана сұраған Атырау қаласының тумасы өз жағдайы туралы Азаттық радиосының тілшісіне айтып берді. Бұл саяси баспана сұраушы өзінің атын атамауды өтінді.
- 2005 жылдан бастап өкіметпен, нақтылап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік комитеті және ішкі істер басқармасымен арада нақты проблемалар туындай бастады. Біздің әрқайсымыз қалалық ішкі істер басқармасы мен ұлттық қауіпсіздік басқармасына бірнеше мәрте әкеліндік. Олар бізбен әңгімелер өткізді. Мен соққыға да жығылдым. Менің достарымның басында да дәл осы жағдай болды. Бізге күш көрсетіліп, қысым жасалды. Олардың тыңшысы болуға ұсыныс жасалды немесе дінімізден бас тартуға көндірмек болып күштеді. Ұсыныстан бас тартқан жағдайда, қатыгездікпен ұрып-соқты. Абақтыға жаппақ болып қорқытты. Бұл жағдай тұрақты түрде орын алды.
Мұндай қысымға шыдамағандықтан, қажетті мөлшердегі қаржыны жинап, туыстарыма хабар берместен, 2006 жылы мен отбасымды алып, Чехияға қаштым, - дейді Батыс Қазақстанның тумасы.Дәл осындай оқиғаны, Азаттық радиосына, Чехиядан күштеп шығарылу қаупі төніп тұрған ондаған қазақстандық босқындар айтып берді. Жалпы саны 205 босқын мен олардың балаларына осындай қауіп төніп тұр. Бұл босқындарды Қазақстан өкіметі салафиттер деп атайды. Бірақ, олар өздерін «таза дін ұстанушылармыз» дейді.
ЧЕХ ҮКІМЕТІНІҢ ҰСТАНЫМЫ
Чехияның сот билігі мен ішкі істер министрлігі Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ететіндіктен, Қазақстанда адамдарды діни көзқарасына байланысты қудалау болмауы керек деп есептейді.
Чехия сотының бірі БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі бас комиссариатының 2006 жылғы 18 мамырдағы ақпаратына сүйене отырып, қазақ босқындарына қатысты шешімінде былай деп атап көрсетеді: «Діндес бауырлардың қауымдастығы қазақ органдары тарапынан, бұл топ мемлекеттегі билікті өзгертуге күш салып жүр деген күдікке себепкер болуы мүмкін».
(Осы және басқа да үзінділер чех сот істері аудармашысының орыс тіліне тәржімалаған нұсқасынан алынып отыр).
«Жалпы алғанда, қудалау да, қысым да жоқ. Алайда, Қазақстанның құқық органдары тарапынан үнемі бақылау ғана бар», - делінген Чехияның Жоғары әкімшілік сотының қазақ босқындарына қатысты шешімінде.
Солай бола тұра, чех соты Қазақстанның құқық органдары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің кездесетінін мойындайды.
«Арызданушының сөзіне қарағанда, Қазақстанда қылмыстық іс қозғаймын деп қорқыта отырып, ақша талап ету полиция қызметкерлерінің тарапынан жиі болатын көрінеді. Қазақстанның құқық органдары қызметкерлерінің арасындағы сыбайлас жемқорлық қылмысы өзекті мәселе. Алайда, 2006 жылы адам құқының қорғалуы жөніндегі АҚШ мемлекеттік департаментінің 2007 жылғы 8-ші наурыздағы ақпаратына сәйкес, қазақ үкіметі мүмкіндігінше оны тоқтатуға, ең болмағанда, азайтуға ұмтылып жатыр».
Чехияның Жоғары әкімшілік соты саяси баспана сұраған қазақтардың бірінің ісіне қатысты Қазақстан өкіметі 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалық қарсаңында мәмілеге келуі мүмкін деген пікір айтады.
«Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге үміткер болып отырған еуропалық емес бірінші мемлекет болғандықтан, қазақ өкіметі халықаралық қауымдастық алдында құқықтық мемлекет екендігін көрсетуге күш салары сөзсіз. Осыған сәйкес, мемлекеттік органдар бұл мәселенің оң шешілуіне мүдделілік танытуы мүмкін», - делінген Чехия Жоғары әкімшілік сотының шешімінде.
Азаттық радиосының тілшілері Чехияның İшкі істер министрлігінен қазақ босқындарының жағдайына байланысты пікір білдіруін сұраған еді. Министрлік өкілі Владимир Ршепка сұрауды жазбаша беруді өтінді. Алайда, Азаттық радиосының сұрауына байланысты олардан электронды пошатаға да жауап болмады.
Чехияның Сыртқы істер министрлігіне жіберілген біздің сауалымыз бен электронды хатымыз да жауапсыз қалды. Чех Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің өкілі Иржи Бенеш біздің журналистерді, жауап жақын күндері болады деп сендірді.
Чехияның Вышни Лхоты деревнясындағы босқындар лагерінің қабылдау орталығына жолданған сауалдарға да жауап келген жоқ. Онда біздің тілшілер босқын-салафиттердің шағымдарына байланысты, Чех өкіметі тарапынан, олардың құқының бұзылу мәселесін сұраған болатын.
ЖҰМБАҚ САЛАФИТТЕР. РЕСЕЙ САРАПШЫЛАРЫ НЕ ДЕЙДІ?
Ресей ғылым академиясы Этнология және антропология институтының аға ғылыми қызметкері Ахмед Ярлыкапов салафиттер қозғалысын былай түсіндіреді: «Салафиттер деген кімдер? Бұны заңдық терминмен түсіндіру қиындау. Салафиттер дегеніміз – ауқымды термин. Салафиттер өздерін Мұхаммед пайғамбар заманынан келе жатқан ата-бабаларының жолын ұстанамыз дейді. Бірақ, бұл жалпылама анықтама. Өйткені, барлық мұсылмандар сол кезеңдердің тәжірибесін жоққа шығармаймыз деп есептейді.
Салафиттер көбінесе өздерін дәстүрлі исламға қарсы қояды. Олар үшін әлемде құдай заңының салтанат құрғаны маңызды. Міне, сондықтан да олар Конституцияға, мемлекеттік заңдарға, т.б қарсы.
Шынында да көп жағдайда салафиттердің осындай радикалды топтары үкіметті төңкеріп, мемлекеттің құрылысын өзгертуді жақтайды. Олардың ойынша, мемлекет құдай заңына негізделіп құрылуы тиіс. Құран – салафиттер үшін Конституция болып табылады. Адамдар ойлап тапқан заңдар олар үшін есеп емес».
Ахмед Ярлыкаповтың айтуынша, салафиттер Орталық Азияда қызметіне тыйым салынған басқа да радикалды топтардай емес, қоғамға қауіп төндірмейді.
- Нақты біреуге тыйым салу қиындау. Мәселен, «Хизб ут-Тахрирға» тыйым салуға болады. Өйткені, бұл топ саяси партия болып табылады. Ал, салафиттерге тыйым салу қиындау, - дейді Ахмед Ярлыкапов.
Мәскеудегі Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері Михаил Рощин, керісінше, салафиттерді қауіпті болуы мүмкін деп есептейді.
«Салафизм немесе уаххабизм туралы әңгіме болғанда билік қорқа бастайды. Мұндай радикалды топтардан қауіп төнуі мүмкін. Салафизм түрлі радикалды бағыттардың базасына айналды. Оны, сонымен бірге, исламдағы фундаментализм бағыты немесе саяси ислам бағыты деп айтуға болады.
Мемлекеттегі өзгерістер бейбіт жолмен немесе радикалды жолмен, яғни қандай да бір көтерілістің, жиһадтың көмегімен болуы мүмкін. Сондықтан, бұл жерде айырмашылық бар. Мәселен, қарулы қақтығысты қолдамайтын салафиттер бар. Ал, кейбір салафиттер қарулы көтеріліс жағын жақтайды. Адамдар қарулы жиһад жолына түссе, бұл қарулы қақтығысқа алып келетіні сөзсіз. Біз Солтүстік Кавказда болған мұндай жағдайларды жақсы білеміз», - дейді ресейлік ғалым Михаил Рощин.
ҚУҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ САЯСАТКЕРЛЕРІ БОСҚЫНДАРҒА АРА ТҮСУДЕ
Азаттық радиосына берген сұхбатында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Әлнұр Мұсаев Қазақстан өкіметінің діни ағымдарға қатысты қатаң саясат ұстанып отырғандығын айтты. Өзі де қуғында жүрген Әлнұр Мұсаев былай дейді:
«Ұлттық қауіпсіздікті қорғау саласында қызмет еткен адам болғандықтан мен Қазақстанда мұндай ағымдардың қатаң түрде қуғындалатынын білемін.
Мен ҰҚК-де қызмет істеп жүрген кезеңде негізінен «Хизб ут-Тахрир» тобының лаңкестік қызметіне қатысы барларды анықтауға маңыз берілетін. Салафиттер ол кезде болған жоқ. Мүмкін, енді пайда бола бастаған шығар. Қалай болғанда да, ҰҚК-нің батысқазақстандық бөлімшелері орталыққа салафиттерге байланысты ештеңе айтқан емес.
Советтік кездің өзінен әрбір бейтаныс ағымды жіті назарда ұстау әдетке айналған. Бұл жерде де жағдай дәл осындай. Жаңадан пайда болған кез-келген исламдық ағым бақылауға алынады. Салафиттердің қуғындалу себебі де осында. Оларға қатысты жедел-іздестіру жұмыстарының жүргізілгені анық. Олардың қашу себептері де осында болар.
Діни ағымдарға қатысты қазіргі саясат өте қатаң. Қазақстан өкіметі қазір кез-келген негіздегі, кез-келген ұйымдардан, соның ішінде діни негіздегі ұйымдардан қорқады».
Өзі де саяси эмигрант, «Атамекен» оппозициялық партиясының төрағасы Ержан Досмұхамедов қазақ босқындарына қолдау көрсетіп, бұл азаматтардың құқықтарының бұзылып отырғандығын айтады. Чехия президенті Вацлав Клаусқа жолдаған ашық хатында Ержан Досмұхамедов былай дейді:
«Адам құқы мен негізгі еркіндіктерін қорғау жөніндегі еуропалық конвенция тұрғысынан алғанда босқындардың құқы бірнеше қайтара бұзылғандығы байқалады. Атап айтқанда, бұрынырақ келген кейбір босқындарға саяси босқын мәртебесі берілген. Ал, сол себептермен кейінірек келген қазақ азаматтарына мұндай мәртебе беруден бас тартылды. Яғни, аталған Конвенцияға мүше елге келген шетелдік босқындарға қатысты Чехияның мемлекеттік органдары мемлекеттік кемсіту әрекетін жасады».
Ержан Досмұхамедов, сонымен бірге, ата-аналары үш жылдан бері Чехияда сандалып жүргенде дүниеге келген 45 сәбидің тағдырына алаңдаулы. Жүздеген босқын Батыс Қазақстаннан бұл жаққа 2006 жылы келген болатын.
«Чехия аумағында дүниеге келген балаларға тиісті мәртебе беруден бас тартылуы таңданыс туғызады. Оның себебі - «балалар Қазақстан аумағында қуғындалмаған екен». Бұның өзі бірқатар мемлекеттік шенеуніктердің Адам құқы жөніндегі еуропалық Конвенцияның негізгі ережелерін басшылыққа алғысы келмей отырғандығын көрсетеді», - деп жазады Ержан Досмұхамедов.
Чехия президенті Вацлав Клаусқа жазған ашық хатында Ержан Досмұхамедов Чехиядағы босқындардың жағдайы туралы пікірін білдіреді:
«Тұруға, діни нанымдарын ұстануға жайлы жағдай табу үмітімен Еуропа одағы аумағына келген қазақ босқындары қуғындалған күйі қалып, жүйкелері жұқаруда.
Кәмелетке толмаған балалар ұдайы қорқыныш жағдайында өмір сүруге мәжбүр және демократиялық Чехия тарапынан психологиялық жәрдемге зәру. Бұл ел ондаған жылдық басқыншылықтан соң ар-ождан тұтқындарына айрықша гуманизмімен ерекшеленетін ел».
Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюроның директоры Евгений Жовтис бастаған құқық қорғаушылар босқындарды өз елінде қуғындаулар күтіп тұрғанын ескертеді. 50-ден астам босқын-салафит ақпанның 7-сі күні Прагада наразылық митингісін өткізді. Олар қазақ босқындарын кемсіткені үшін Чех өкіметін айыптап, сынға алды.
ЧЕХ ӨКІМЕТІНІҢ 7 АҚПАНДАҒЫ МИТИНГІГЕ ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ӘРЕКЕТТЕРІ
Азаттық радиосына босқындар қауымдастығының баспасөз-хатшысы Нұрлан Қанатбаев хабарлағанындай, Чехия өкіметінің оларға қарым-қатынасы әзірге өзгерген жоқ. Әзірге, Чехия өкіметі тарапынан оларға ешқандай жауап болмаған. Қазақ босқындарының өткен сенбідегі митингісі жайында «Пражский денник» деп аталатын бір ғана чех газеті жазды.
Прагадағы митингіден кейін екі күн өткен соң қазақ босқындарының бірінің саяси босқын мәртебесін беру туралы өтінішін көші-қон полициясы қанағаттандырмай тастады. Аманбек Жұмаев есімді бұл босқын 200-ден аса босқынның арасында осыған дейін «негатив» алмаған бірден-бір адам еді. Яғни, «негатив» алу деген сөз босқын мәртебесін беруді сұраған өтініштің кері қайтарылуы. Бұл жайында мамандығы дәрігер, ақтөбелік босқын Нұрлан Қанатбаев хабарлады. Үш рет «негатив» алған соң босқын мәртебесін сұраушы Чехия аумағынан өз еркімен кетуі керек.
Амандық Жұмаев Азаттық радиосына берген сұхбатында бұл ақпаратты растады. «Негативті» оған Брно маңындағы Заставка қаласының көші-қон мекемесі берген. Ол бұл шешімге қатысты аймақтық сотқа шағымдана алады. Егер жергілікті сот екінші «негативті» берсе, онда ол Жоғары Әкімшілік сотқа шағымдана алады.
Аманбек Жұмаевтың айтуынша, көші-қон мекемесінің офицері олардың 7 ақпан күні Прагада өткізген митингісінің резолюциясын «Мә, өз талаптарыңды алып кет», - деп қолына ұстатыпты. Аманбек жергілікті бюрократияның осыншалықты жылдамдығына тан қалып,әлгі құжатты сонда тастап кеткен. Бірақ наразылық митингісінің резолюциясын Аманбек Жұмаевқа келесі жолы қазақ босқындарына көмектесіп жүрген "Нонстоп" әлеуметтік қоғамы арқылы беріп жіберген.
2009 жылдың 1ақпаны күні отандастары Нұрғалиевтер отбасын Вышни Лхотыдағы босқындар лагеріне өз көлігімен апарған да осы Аманбек Жұмаев болатын. Енді Аманбектің өзіне депортация қаупі төніп тұр. Азаттық радиосының журналистері сол сапарда олармен бірге жүрген еді.