Банкирлердің жоғалғанына екі жылдан асты. Азаттық радиосына берген сұхбатында ІІМ-нің ерекше істер жөніндегі тергеушісі, осы қылмыстық істің тергеуін жүргізіп отырған полковник Гаши Машанлоның айтуынша, Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов ендігі тірі болмауы ықтимал. Дей тұрғанмен, ол жоғалған банкирлерді соңғы рет тірідей көрген ҰҚК басшысы және президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі деген ақпаратты тексеру мүмкіндігін жоққа шығармайды.
- Гаши мырза, "Нұрбанктің" бұрынғы топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты іздестіру жұмыстары жалғасуда ма? Олардың табылуы қаншалықты ықтимал?
- "Нұрбанктің" екі топ-менеджері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың жоғалғанына екі жылдан астам уақыт өтсе де, ІІМ мұны ұмытпақ емес, оларды табу үшін барлық амалдар қолданылуда. Бүгінгі біздің басты міндетіміз — оларды тірідей табу.
- Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев "Нұрбанктің" жоғалған топ-менеджерлерін соңғы рет тірідей көрген ҰҚК-нің қазіргі төрағасы Амангелді Шабдарбаев пен президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі, ал қазір Ресейдегі Қазақстанның елшісі Әділбек Жақсыбеков деп мәлімдеді. Сізде осы тұжырымды қуаттайтын немесе жоққа шығаратын мағлұматтар бар ма?
- Кешіріңіз, мен мұны бірінші рет естіп тұрмын.
- Дәлірек айтқанда бұл туралы Әлнұр Мұсаев Венада өзіне қастандық жасалынғаннан кейін мәлімдеді. Оның сұхбаты Азаттық радиосының веб-сайтында жарияланды. Сол ақпарат тексеріле ме?
- Бәлкім, бұл менің қателігім шығар, мен бұл кезеңде, өкінішке қарай, Азаттық радиосының веб-сайтын қарамаппын. Десек те, ондай мәлімдеме жасалған болса, біздің басшылық маған ескертер еді деп ойлаймын.
Егер олар ол жайында соншалықты жауаптылықпен мәлімдеп жүрсе, менің ойымша бұл адамдарды әңгімеге тартып, ол жөнінде өздерінен анықтауға негіз бар шығар.
Бүгіндері Әлнұр Мұсаев өз қамын ойлап, түрлі тұжырымдар айтуы мүмкін. Рахат Әлиев те солай. Сіздерге тағы да айтарым — Әлнұр Мұсаев пен Рахат Әлиевтің мұндай мәлімдемесін бұған дейін естіген емеспін.
Алматы қаласының Алмалы аудандық соты қараған бұл істің материалдары арқылы дәлелдегенімдей, "Нұрбанк" топ-менеджерлерінің амандығы жайлы еш мағлұмат жоқ. Менің жеке пікірім бойынша, жоғалған адамдар ендігі бұл дүниеде жоқ болуы әбден мүмкін, тіпті, солай екендігіне 99 пайыз кепілдік бере аламын.
Олардың жоғалғандарына екі жылдан асты. Отбасылары, әке-шешесі, жұбайлары, етжақындарының кешіп отырған күйін елестетудің өзі ауыр. Егер олар тірі болса туыстарына қандай да бір белгі берер еді. Ал, Әлнұр Мұсаев сұхбатта ондай мәлімдемені өз басын арашалап алу үшін жасауы мүмкін.
- Гаши мырза, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев "Нұрбанк" топ-менеджерлерінің жоғалу ісі бойынша тергеу кезінде өрескел заң бұзушылықтарға, соның ішінде дәлелдемелерді бұрмалауға жол берілді дегенді айтады. Осы мәлімдемеге не жауап қайтарар едіңіз?
- Тергеу өте ұзақ жүрді, шамамен бес айға жуық. Жұрттың берер айғақтары Рахат Әлиев пен Вадим Кошлякқа қарсы бағытталғаны әу баста-ақ белгілі болды. Өйткені, жұрт бұл адамдарды білетін.
Мәселен, сол әлгі Имашев, одан кейін Әлнұр Мұсаев көзге түскен мезеттер болған. Соңына қарай тоғыз тәулік бойы отырған жерлерінен ұрланғандарды әкетуге тағы бір егде тартқан, бурыл шашты ер адамның қатысқаны анықталды.
Сосын Рахат Әлиевтің қасында кім болғаны жайында мәлімет жинау басталды, бұл деген бір күнде бітетін жұмыс емес. Деректер түгелденген соң өте көп фотосуреттер танытуға ұсынылды. Сонда әлгі егде тартқан бурыл бас адам Әлнұр Мұсаев боп шықты. Осы секілді жәйттер жетіп артылады.
-Гаши мырза, сіз оппозиция көсемі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісінің өлтірілуіне қатысты қылмыстық істі де тергедіңіз. Өткен айда саяси және қоғам қайраткерлері топтасып, Қазақстан президентіне осы істің және диссидент Заманбек Нұрқаділовтің опат болуына қатысты істің қайта қаралуын сұраған үндеу жасады. Нақтырақ айтқанда, оппозиция жетекшілері екі саясаткердің де қазасына Рахат Әлиевтің қатыстылығын тексеруді талап етті. Сіз осы болжамды қарастырып көрдіңіз бе?
- Мен Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне байланысты қылмыстық істің тергеуін жүргізген адам ретінде айтарым сол — тергеу барысында Рахат Әлиевтің ол қылмысқа қатыстылығы жөнінде қандай да бір бейтарап дерек болған жоқ. Яғни, тергеу барысында мен ондайды көрмедім.
Менің пікірім мынадай: бұл істі қайта қарауға негіз жоқ. Қадағалау органы да осындай қорытындыға келіп, онысын айтады деген ойдамын.
Киллер Рустам Ибрагимовтың берген бірнеше айғақ сөздері құбылып. өзгеріп отырды. Басында құрбандарды өлтіргенін мойындаудан қашып бақты. Бірақ, қылмыстық іс материалдарында айқын тұрған дәлелдемелер жиынтығы сөзсіз соның қолы қанды екенін растайды.
Өлім болған жерде оған және «Паджеро» автокөлігінің рулінде болған Мирошниковқа тиесілі аяқкиім іздері табылған. Іздер қарға анық түскен. Осының бәрін жинақтап, қылмыстық іс материалдарына тіктік емес пе?
Ибрагимов қылмысқа қатысты үшінші тараптың да барын мәлімдеді. Тергеуші ретінде менің оны есепке алмауыма хақым жоқ, бірақ, бұл іске Рахат Әлиевтің қатыстылығын білдіретін бір де бір дерек те болмады. Бұл турасында сөз қылуға да негіз жоқ. Әрине, ойды сан саққа жүгіртуге болады, бірақ, кешіріңіз, тергеудің атынан біз долбармен сөйлей алмаймыз.
- Гаши мырза, Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшілерінің өліміне қатысты өзге де болжамдар айтылды. Бұл жайлы «Дежа вю» атты мақаласында Дариға Назарбаева да мәлімдеді. Оның мәліметтері бойынша, сол кезде ҰҚК-ін басқарған Нартай Дүтбаев Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне Әлнұр Мұсаевтың қатыстылығын баяндап, президент Нұрсұлтан Назарбаевқа кірген. Осы мәліметтерді сіз тексердіңіз бе?
- Білесіз бе, мен Нартай Дүтбаевтан да, Дариға Назарбаевадан да жауап алғам. Ал, әлгі жайттар туралы тек бұқаралық ақпарат құралдарынан ғана білемін.
- Сұхбатыңызға рахмет.
ІСКЕ ҚАТЫСТЫЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕ ПІКІРІ
Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев "Нұрбанк" топ-менеджерлерінің қайда екені өзіме де беймәлім дейді. Рахат Әлиев пен оның көмекшісі Әлнұр Мұсаев қазақстандық заң орындарының тағып отырған айыптаулары қолдан ұйымдастырылған және бұл ресми Ақорданың тапсырысы деп санайды.
"Нұрбанктің" бұрынғы топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасенов банктегі дау-жанжалдан кейін 2007 жылы 31-ші қаңтарда жоғалды. Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың айтуынша, екі банкирдің тағдыры президент Назарбаевқа жақын адамдар — Амангелді Шабдарбаев пен Әділбек Жақсыбековке көбірек белгілі.
Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов ағымдағы жылдың 24-ші қаңтары күні біздің Азаттық радиосына берген түсінігінде бұл болжамның негізсіз екенін айтқан. Біздің журналисіміздің "ІІМ-нің тергеу органдары президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі мен ҰҚК төрағасының Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновтың тағдырына қатыстылығы турасында Рахат Әлиевтің болжамын қарастыруда ма?" деген сұрағына Бағдат Қожахметов былай деп жауап берді:
- Жоқ, әрине. Өйткені, не дегенмен оларды соңғы рет тірі көрген нақ осы Рахат Әлиев, Әлнұр Мұсаев және Вадим Кошляк екенін тергеу дәлелдеді, деректер мен куәгерлер айғақтады. Тергеушілердің түрлі болжамды қарастырғаны белгілі. Ақыр аяғында бәрі де осы болжамға тоқтады.
ҰҚК баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаров та Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев айтқан болжамдар жөнінде шамамен дәл солай жауап берді, олардың кінәні басқаға аударғысы келетінін айтты. Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев болса өз айтқандарын табанды түрде қайталауда.