Ол үшін аса құпия кеңесте «Тұзақ» арнайы қылмыстық іс-шара жобасы жасалып, мемлекеттік тендер ісін шешетін бастықтың бірі Сылпыл таңдап алынды.
Дереу жасанды фирма құрылып, сол фирманың Қылпыл деген өкілі әлгі шенеуніктің қабылдауына кіріп, пара беруі тиіс болады. Оның өзі де сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетінің белді мүшесі еді.
Сылпылдың жандайшаптары мемлекеттік тендерге «Ақ» дейтін бұрын белгілі болмаған фирманың қатысқысы келіп және тендерді жеңу үшін «сыйақы» бермекші болып отырғанын жанамалап жеткізеді. Өзге шенеуніктер құсап қақалып қалудан секем алған Сылпыл дереу Ұлттық құпия қызметімен байланысады.
- Еш саспаңыз, - дейді Ұлттық құпия қызметінің маманы Сылпылға. – Сізді қылмысқа итермелеген жемқорларды біз тұтқындаймыз. Берсе – алыңыз. Аз ұсынса – көп сұраңыз!
Осыдан кейін-ақ жемқорлардың жұлынын жұлып қолына ұстатпақшы екі мекеме де бұл операцияға тыңғылықты даярлықты қызу бастап кетеді. Ұлттық құпия қызметі қылмысты әшкерелейтін арнайы «Қақпан» деген жоба құрды.
Ертесіне Сылпылдың офисіне «Ақ» фирмасының өкілі Қылпыл келеді.
- Иә, тендерге қатысу үшін қағаздарыңыз дайын ба? – дейді Сылпыл еш саспастан.
- Әрине, заңды қағазымыз да, заңсыз қағазымыз да сақадай сай! – деп жауап береді Қылпыл да жылпылдатып.
- Заңсызы несі тағы?
- «Көк қағаздарды» айтамын... онсыз тендер – тендер ме?
Ұлттық құпия қызметтің маманы айтқан ақыл есіне түсіп кеткен Сылпыл:
- Қанша ұсынасыздар? – деп сұрайды.
Сылпылдың оңай олжаға айналатынына сенген Қылпыл:
- Жүз мың! – дейді.
- Аз! Өте аз! – деп Сылпыл жаратпай қалады.
- Сіздер қанша сұраған болар едіңіздер? – дейді Қылпыл жемқордан көз жазып қалмас үшін.
- Мен қазір сыртқа шығып келейін, - деп, Сылпыл есікке қарай беттейді.
Дәлізге шыға салысымен Сылпыл жалма-жан қалта телефонымен Ұлттық құпия қызметіндегі маманға қоңырау шалады.
- Әлеу, мыналар жүз мың деп отыр, не істеймін?
- Сіз не дедіңіз?
- Аз дедім...
- Дұрыс, жүз мың аз болады, сұраған соң жарты миллионнан бірақ қайырыңыз!
- Құп болады! Солай етейін...
Өз орнына сенімді түрде келіп жайғасқан Сылпыл тілдей қағазға шимайлап жаза бастайды. Дегбірі қашқан Қылпыл:
- Сонымен, неше сұрайсыздар, айтсаңызшы? – дейді үздігіп.
Сылпыл шимайлап отырған қағазын столдың үстімен сырғытып жібереді. Қағазға үңілген Қылпыл аз-кем ойланып:
- Мен де сыртқа шығып келейін, - дейді де дәлізге тұра ұмтылады.
Қалта телефонымен асығыс бір нөмірді терген Қылпыл:
- Алло, бұл мен ғой. Мынауыңның құлқыны кең екен, - дейді сәл жымиып.
- Жүзді азырқанып отыр ма? – дейді арғы жақтағы дауыс.
- Азырқанғаны несі, тіпті, ақша деп отырған жоқ!
- Онда екі жүз береміз деп қатыр!
- Сіз де айтады екенсіз, бес жүз бер дейді, бес жүз!
Сәл үзілістен соң телефондағы дауыс шарасыз түрде тіл қатты:
- Жартысын ақшамен, жартысын «тауармен» береміз десең, қайтеді?
- Не тауар?
- Алғанды алып ұратындай, мәселен - есірткі...
- Келісіп көрейін, үркітіп алып жүрмесем болғаны...
Кабинетке ойланып кірген Қылпыл сөзді әріден сөз бастайды.
- Құрметті Сылпыл мырза! Қазір, өзіңіз білесіз, қаржы дағдарысы деген алқымнан алып тұр. Сіздің сұраған сомаңызды тез арада тауып беру сәл қиынырақ екенін түсініңіз. Сондықтан да, біз сізге жартысын «тауармен» берсек, қалай болар еді?..
- Не тауар ұсынбақсыз?
- М-м, мәселен – есірткі дегендей...
Сылпылдың көзі алақтап кетті.
«Мен қазір!» деп дәлізге тұра жүгірген ол қалта телефонынан керек нөмірді теріп жатып қолының ғана емес, денесінің де дірілдеп тұрғанын сезді.
- Әл-әлеу! Бұл мен ғой...
- Тыңдап тұрмыз, айта беріңіз?
- Мыналар ондай ақша таба алмаймыз, жартысын «тауармен» берсек дейді...
- Тауары несі тағы?
- М-м-м-мәселен, есірткі дейді...
Телефонның арғы жағындағы Ұлттық құпия қызметінің маманы бұндай сөзді естігенде жүрегі жарылып кете жаздады.
- Келісіңіз! Тіпті, қатып кетті! Ол сұмырайларды сөз жоқ түрмеде шірітеміз! Оның үстіне есірткімен пара беру деген... келісіңіз! Тек, шошытып алып жүрмеңіз!
- Құп-құп болады!..
Мемлекеттік тендердің мәселесі шешілетін кең кабинеттің төрінде Қылпыл мен Сылпыл қол алысып тұрып келісімге келді.
Сол күні кешкісін Сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығынан Ұлттық құпия қызмет мекемесіне «Елдегі сыбайлас жемқорлықты түп тамырымен жою мақсатында біздің орталық «Тұзақ» деп аталатын арнайы іс-шара жобасын дайындаған еді. Сол жобаның жүзеге асырылуы үшін біздің контораға екі келі есірткі бөлулеріңізді сұраймыз» деген қызметтік хат жолданды.
Сауысқанның офисі. Столда да, орындықта да жымы білінбей орнатылған микрофондар. Есіктің көзінен бастап, бұрыш-бұрыш, қуыс-қуыстың дымын қоймай түсіретін камералар әрбір секундті есептеп жазып жатыр. Қобалжығанын сездірмеуге тырысып Сылпыл отыр. Құпия қызметтің жігіттері шкафтың ішіне, столдың астына, тіпті, перденің артына дейін жасырынып алған. Бәрі іштен тынып Қылпылды күтуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығы қызметкерлері келісілген жоба бойынша бір топ журналистерді жинап, терезелері тұмшаланған мәшинелермен Сылпылдың офисінің алдында тұр. Санаулы секундтардан соң қоғамға қауіпті қылмыскер қолға түсуі тиіс.
Қылпыл қадамын нық басып Сылпылдың кабинетіне келіп кірді. Сылпыл ешнәрсені сездірмеуге тырысып Қылпылды жымия қарсы алды. Іштей «әп-бәлем, сені ме?!» дескен екеу бір-бірінің қолын қатты қысып тұрып, ұзақ амандасты.
Шкафтың ішінен, столдың астынан, перденің артынан еңгезердей жігіттер секіріп-секіріп шығып, Қылпылды жерге атып ұрды. Артынша есік айқара ашылып, тағы бір топ кіріп келді де, Сылпылды тұтқынға алды.
Бірнеше секундтан кейін Ұлттық құпия қызмет пен Сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығының мамандары бір-бірінің танауларына куәліктерін тапанша кезегендей тақап тұрды. Екі ортада диктофондарын сайлап журналистер жүгіріп жүр...
Ертесіне мемлекеттік басылымдарда «Кеше мемлекеттік тендер комитетінде «Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары» атты тәжірибелік оқу-жаттығу сабағы болып өтті» деген қысқаша ақпарат жарық көрді.