- Ағаш - қурады... - дедім, мен де таңғала тұрып. - Енді бұл құласа, не болады? Шырмауықтар не істейді?..
Сіз, көбіне, бірінші жақтан жазасыз ғой... Кейіпкерлеріңіз, негізінен - "Мен"... Жаңа қарасам, "мен" деген бірінші жақ жіктеу есімдігі мәтіннен түгел... ұшып кетіпті!.. Кітабыңыздың жартысынан көбінде бас кейіпкер жоқ...
Осының қайсысы болғанын білмеймін, бірақ Құланның әңгімесін айналаға Бақаның өзі айтып таратқаны анық.
Ағамыздың үйінен оралғанда, мен осы күнге дейін қысылып-қымтырылмай, кең-мол тұрып келген ескі пәтеріме сыймай қалдым. Өмірімде алғаш рет өзімнің әлгі... статусым туралы ойладым.
Өмір майданында қолданар әрқайсыңның-ақ бір-бір "көзірлерің" бар. Біреуде - байлық, біреуде - талант, біреуде - пысықтық дегендей... Ал маған, неге екені белгісіз, ерекше сүйкім берген...
О баста мен Керқұла атты Кендебай батыр едім... Күндердің күні, жар дегендегі жалғыз серігім, астымдағы Керқұла тұлпар... сенатқа депутат болғысы келетінін айтқанда, төбеден ұрғандай болдым!.
Жөңкебай деген журналистпін. Танып отырған шығарсыз... Теледидардан көріп жүрсіз, газеттерден оқып жүрсіз...
Сонымен, осы қалада қазір екі-ақ түрлі xалық қалдық. Бірі - аты-жөні белгісіз, бізге қарап аузын ашқан қалың көпшілік... Сосын, жердің құты, елдің қаймағы, өмірдің қызығы мен шырайы - мына біздер...
Ақ тұлпар маған былай деп аян берді... Егер сіз өле қалсаңыз... яғни, алда-жалда, өлуге шешім жасай қалсаңыз, менің тұлыбыма сіздің ескерткішіңізді мінгізеді екен...
Барлық бояудың әдеті сол - өзіне ұқсағанды жақсы көреді. Әйтпесе, бұлар, жалпы, бір-бірін ұната бермейді. Оларда өзінен басқа, не көмескірек түстерді мойындай қоймайтын қажетсіз, ұсақ тәкаппарлық бар.
Ертең басқа біреу озады... Науқан мен дүрмек - өтеді. Сен озса да, озбаса да, жеңсе де, жеңілсе де, көшіп кетпей, мәңгі орнында қалатын еліңнің олқысын ойлап қайғыр, алдымен!
Өтірік пен Шын осылай мәміле тапты. Шын сөздің өтірікке қисын болған заманы туды. Бұрынғы кенеусіз Өтіріктің бүгінгі қисынды сөзіне ел жаппай ұйыды. Дүниеге "Өтіріктің өзіне сенбе, қисынына сен" деген мәтел келді...
Тағы