ЕЛШІ ИНТЕРНЕТКЕ ЕШКІМ ТОСҚАУЫЛ ҚОЙМАҒАНЫН АЙТАДЫ
Тыңдау барысында Хельсинки комиссиясының төрағасы мен бірқатар мүшелері Бэн Кардин, Элси Хастингс пен Крис Смит, сондай-ақ АҚШ мемлекеттік хатшысының Қазақстан және Орта Азия жөніндегі көмекшісінің орынбасары, елші Джордж Крол, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов және қазақстандық құқыққорғаушы Евгений Жовтис сөз сөйледі. Олардан соң сарапшылар қауымының өкілі профессор Эрик МакГлинчидің сөзі тыңдалды.
Елші Ерлан Ыдырысов Азаттық радиосына Вашингтоннан телефон арқылы берген сұхбатында, тыңдау барысында ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге Қазақстанның дайындығы жайында әңгіме болғанын айтты. Ерлан Ыдырысов америкалық Хельсинки комиссиясының мүшелеріне Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ-на төрағалық етуге әзірлік мәселелерімен шұғылданатын «Task Force» атты арнайы бөлімше құрылғанын хабарлап, екі ұсыныс енгізген.
Сөзінің екінші жартысында Қазақстан елшісі өз еліндегі ішкі реформаның жай-жапсарына тоқталған. Оның айтуынша, «Қазақстан саналы түрде саяси либералдық даму процесін таңдап отыр».
«Біз бұл жолдан ауытқыған жоқпыз және ешқашан ауытқымаймыз», - деп мәлімдеді Ерлан Ыдырысов.
Алайда Азаттық радиосына берген сұхбатында қазақ елшісі өз отандасы құқыққорғаушы Евгений Жовтистің Қазақстандағы процестерге берген бағасымен келіспейтіндігін білдірді.
Атап айтқанда, Ерлан Ыдырысов Қазақстан билігінің іс-әрекеті мен ниетінің адалдығына үлкен күмән айтқан Евгений Жовтистің пікірімен келіспейді.
«Ол біздің қоғамның іс жүзінде шынайы, адал ниетпен экономикалық және саяси тұрғыдан либералды бағытта алға жылжып бара жатқанына күмән келтіреді. Мен бұнымен келіспеймін», - деді қазақ елшісі.
Өз кезегінде Евгений Жовтис те Қазақстан елшісінің елдегі жағдайға берген бағасымен келіспей отыр. Құқыққорғаушының пікірінше, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысовтың кейбір жайттарға қатысты сөзі дерек-дәйектермен үйлеспеген.
Евгений Жовтистің айтуынша, елші Қазақстанда оппозицияны ешкім аңдып-торымайтынын, интернетке ешкім тосқауыл қоймайтынын, тәуелсіз немесе оппозициялық баспасөзді ешкі қуғындамайтындығын, елде сөз бостандығы қамтамасыз етілгендігін, ал тәуелсіз немесе оппозициялық баспасөз миллиондаған данамен таралатынын айтқан.
«Мен миллиондаған данамен тарайтын ешқандай басылымды білмеймін», - деп мәлімдеді Қазақстанның Адам құқығы жөніндегі бюросының директоры Евгений Жовтис.
Бұдан өзге, елші Ерлан Ыдырысов Қазақстанда діни азшылық өкілдерін ешкім қудаламайды, керісінше, олар емін-еркін өмір сүруде деп мәлімдеген. Елшінің пікірінше, діни миссионерлерді елден шығарудың жекелеген оқиғалары болғанымен, оған қандай да бір талаптарды орындамаған солардың өздері кінәлі. Бірақ құқыққорғаушы Евгений Жовтис елшінің бұл айтқандарымен үзілді-кесілді келіспейтіндігін білдірді.
«МЕН ОППОЗИЦИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІН АҢДЫП-ТОРУ МЕН ҚУҒЫНДАУҒА ҚАТЫСТЫ НАҚТЫ ДӘЛЕЛ-ДӘЙЕКТЕРДІ АЙТТЫМ»
Азаттық радиосына берген сұхбатында Евгений Жовтис, тыңдау кезінде Қазақстандағы шынайы жағдайдың ресми билік өкілінің айтқандарынан қаншалықты алшақ екендігін көрсеткен нақты бір мысалды келтірді:
«Тыңдаудың соңында АҚШ Хельсинки комиссиясының бұрынғы төрағасы, конгресмен Крис Смит Қазақстан елшісіне: "Сіздерде оппозицияны аңдып-тору оқиғалары бар ма? Электрондық хабар-ошар сүзгіден өте ме? Телефон әңгімелері тыңдала ма? Интернетке бақылау орнатылған ба?" деген сауалдар қойды.
Елші Ыдырысов ондай ештеңе жайлы естімегенін айтты. Бұдан кейін Смит мырза оның айтқанына бір ауыз жауап білдіруге маған сөз берді. Мен қарапайым ғана мысал келтірдім:
«Астанаға келіп, әдетте шетелдіктер тоқтайтын «Ambassador» [«Дипломат»] қонақ үйіне түсіңіздер. Сонда сіз онда интернетке еркіндіктің бар екендігін және кез-келген сайтты ашып оқуға болатынына көз жеткізесіздер.
Ал егер қонақ үйден қадам ұзап шыға қалсаңыз, сіз «Республика» (http://respublika-kaz.livejournal.com) немесе «Инкар-инфо» радиосы секілді бірталай оппозициялық сайттарды аша алмайсыз. Өйткені оларға тосқауыл қойылған.
Міне бұл Қазақстанда интернетке бақылау жүйесінің қалай жұмыс істеп отырғандығының жарқын мысалы. Интернетке қатысты заң жобасы қазір елде қызу пікірталас туғызып отыр.
Бұған қоса мен оппозиция жетекшілерін аңдып-тору мен қуғындауға қатысты, тәуелсіз немесе оппозициялық баспасөзді қуғындау және жабуға байланысты нақты дәлел-дәйектерді алға тарттым».
«АЛ АРҒЫ ЖАҒЫ КІЛЕҢ КЕЛЕҢСІЗДІК»
Осы тыңдаудың қарсаңында Евгений Жовтис Азаттық радиосына берген сұхбатында ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі қарсаңында тұрған Қазақстандағы адам құқықтары, сөз бостандығы және дін салаларындағы ахуал жайындағы өзінің баяндамасының мазмұны туралы қысқаша әңгімелеп берген еді.
«Менің сөзім үш маңызды мәселеге негізделген. Біріншіден, әрине, шешім қабылданған уақытта [2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі туралы. - Азаттық], бұл жағдай Қазақстанның демократияға жақындай түсуіне, адам құқықтары саласындағы ахуалдың жақсаруына, т.б. қозғаушы күш болады деп үлкен үміт күтіп едік.
Сол сияқты, Марат Тәжин мырза жария қылған [2007 жылдың желтоқсанында Мадридте өткен ЕҚЫҰ саммитінде. - Азаттық] уәделер де көңілге үміт ұялатқан-ды.
Екіншіден, мен әлгі шешім қабылданғаннан бері қарай жасалған бірқатар оң қадамдарды да атап өттім. Оның қатарында, әрине, Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге қосымша Хаттаманы, сондай-ақ, Азаптауға қарсы конвенцияны мақұлдауын айтуға тиіспін.
Яғни, Қазақстан азаматтарының БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне және БҰҰ-ның Азаптауға қарсы комитетіне өз бетінше шағымдануына мүмкіндік пайда болды. Бұл да болса, бір қарағанда, оң ниеттің нышаны.
Ал, оның арғы жағы кілең келеңсіздік. Айтар болсақ, дін туралы заң жобасы, бірақ, ол әйтеуір кері қайтарылды. Конституцияға қайшы деп танылды. Алайда, ол жоба іс жүзінде орындалуда.
«Тасжарған» газеті жөніндегі іске қатысты мәселе де назарда. Газет өтелуі мүлдем мүмкін емес айыппұл салынғандықтан жабылуға мәжбүр болды.
Не болмаса, «қылмысты жасырушылар» деп танылған Болат Әбілов, Төлен Тоқтасынов және Асылбек Қожахметовке қарсы істі алайық. Әлгі, мемлекеттік құпияны жария қылу ісі бойынша Рамазан Есіргеповтың үстінен жүрген сот талқысы.
Сонымен қатар діни азшылыққа қысым көрсету, түрлі бейбіт акциялар ұйымдастыруды көздеген қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың жиындарына тыйым салу. Яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне жарты жыл қалғанда осы сияқты қорқынышты бірқатар тенденциялар мен деректер қынжылысты көбейте түсуде.
Әрине, Қазақстандағы осы қалыптасқан жағдай үшін Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне дауыс берген өзге елдердің де жауапты екені даусыз, оның ішінде АҚШ-та бар. Сондықтан, менің ең маңызды айтпағым – бар-жоғы жарты жылдан соң Қазақстан төраға болады. Және АҚШ пен ЕҚЫҰ-ның өзге де мүшелері Қазақстандағы жағдайды жақсарту үшін қалай да ықпал етуі тиіс».