Даудың шығуына биылғы наурыз айының 3-і күні «Приуралье» газетінде басылған «Так проблемы не решаются!» атты мақала түрті болған. Онда балалар үйінің бұрынғы түлегі Анатолий Романовтың бала кезінен бері жүйке аурулары емханасында тіркеуде тұрғаны айтылған. Бұған қоса, мақала ауторы, Анатолий Романовтың ақыл-есінде айтарлықтай ауытқушылықтар бар екенін айтып, оны деліқұлы дегенге де келтіріпті.
Бұл мақала Анатолий Романовтың ашу-ызасын туғызған. Ол енді газеттің меншік иесі – «Жайық пресс» медиакомпаниясы мен әлгі мақаланың ауторын сотқа бермекші.
Анатолий Романов бала кезінде ақыл-есінде ауытқушылық бар балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатта оқығанын жасырмайды, бірақ ол ешқашан психиатриялық аурухананың көмегіне жүгінбегенін айтады.
– Маған олигофрен, деліқұлы деген ат қойып, айдар тағылғанын «Приуралье» газетінің «арқасында» білдім. Бұл маған естен тандырғандай әсер етті. Менің ойымша, бұқара алдында абыройымды аяқасты қылмақ ниетпен қалалық әкімдік әдейі осындай тапсырыс берген, – дейді Анатолий Романов.
Бұған дейін Азаттық радиосы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі Анатолий Романовтың 2009 жылғы наурыздың 18-і күні қалалық әкімдік маңында өсіп тұрған теректің басына өрмелеп шығып, наразылық шарасын өткізгеннен кейін полиция жасағының күштеуімен жүйке аурулары емханасына мәжбүрлеп жөнелтілгенін хабарлаған болатын. Тек адам құқығын қорғаушы ұйымдардың араласуының арқасында Анатолий Романов бостандыққа шыққан-ды.
Анатолий Романовтың айтуынша, ол иесіз пәтерді өзіне рәсімдеп беруді уәде еткен Орал әкімдігі шенеуніктерінің пәтерді басқа адамға сатып жібергенін заңсыздық деп бағалап, оған наразылық білдіріп әлгіндей шараға барған.
Ол пәтерді сатқандардың іс-әрекеті заңға қаншалықты сәйкес келетінін тексеруді сұрап, құқық орындарына шағымданған. Қаржы полициясы қылмыстық іс қозғағанымен оны аяғына жеткізбеген. Амалы таусылған Анатолий Романов бұқаралық наразылық акциясын өткізуге бел буған.
Енді Анатолий Романов газеттен өзіне материалдық өтем төлеуді, мақалада айтылғандарды жоққа шығаруды және жариялы түрде өзінен кешірім сұрауын талап етпекші. Әйткенмен ол қазақстандық соттың әділдігіне сенбейді. Дегенмен де, талапшыл жігіт өз ісінің дұрыстығын дәлелдеу үшін соттың барлық сатыларынан өтуге әзір екенін айтады.
– Сот процесінде жеңіске жетеріме өзім де күмәндімін. Бірақ, бұл осыдан кейін мен жігерім құм болып, үнсіз қаламын деген сөз емес. Қазақстандағы соттар тек дәулетті байлар мен билігі бар күштілердің сөзін сөйлейді, солардың құқын ғана қорғайды. Алайда, мен Жоғарғы сотқа дейін шағымданамын, себебі бұл принциптік мәселе, – деді Анатолий Романов Азаттық радиосының тілшісіне берген сұхбатында.
Ал «Жайық-пресс» медиакомпаниясындағылар бұл мәселеге байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Әйткенмен, олар Анатолий Романовтың денсаулығы туралы дәрігерлік-медициналық анықтама мен қорытындыны редакцияға Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айгүл Төкешева бергенін алға тартты.
Азаттық тілшісі телефон арқылы сөйлескен Айгүл Төкешева болса, бұл мәселеден мүлдем бейхабар екендігін айтып, «Приуралье» газетінің редакциясына ешашан ештеңе берген жоқпын деп ақталды.
– «Жайық пресс» медиакомпаниясының не себепті маған сілтеме жасағанын түсіне алар емеспін. Материалды жариялаған өздері, енді қолмен істегенін мойнымен көтеріп, өздері жауап берсін. Біз мұндай күйкі істермен айналысқан жоқпыз және айналыспаймыз да, – деп мәлімдеді Айгүл Төкешева.
Ресми билік өкілдерінің жауабы Анатолий Романовты таңдандырған жоқ.
– Әрине, бұл былықтың барлығын Орал әкімдігінің шенеуніктері ұйымдастырды. Сонымен қатар, бұған жүйке аурулары емханасы дәрігерлерінің де қатысы барын білемін. Бірақ мен неде болса соттаса беремін деп шештім, және өз құқығымды қорғап, баспаналы болудан үмітімді үзбеймін. Егер керек болса, Орал қалалық әкімдігінің алдында наразылық шараларын күн сайын өткізуге де дайынмын, – деп мәлімдеді Анатолий Романов.