Кәрішал Асанов – он шақты кітаптың авторы, қуғындалған жазушылар мен журналистерге берілетін халықаралық Хеллман – Хэммет сыйлығының лауреаты. Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар тағайындаған «Азаттық» сыйлығының иегері.
Кәрішал Асанов жұртқа билік пен президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынаған адам ретінде танылған. «Президент Назарбаевтың ар-намысын қорлаған» деген айыппен ол екі рет қылмыстық жауапқа тартылған. Оның күреске толы тағдырын білетіндер Кәрішал Асановтың билікпен тіл табысып, қамсыз өмір сүру мүмкіндігі болғанын, бірақ, шындықты бетке айтатын қайсарлығымен ешқандай билікке жақпағанын айтады.