ЖОҒАЛЫП КЕТКЕН 43 ҰЙҒЫР
«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқық қорғау ұйымы 20 қазанда «Біз тіпті оларды іздеуге қорқамыз: Шыңжаңдағы қарсылық салдарынан жоғалып кетулер» деген тақырыптағы баяндамасын жариялады.
44 беттік баяндамада Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районындағы ұлтаралық тәртіпсіздіктерден соң Қытайдың арнаулы қызметтері ұстап әкеткен ұйғырдың 43 жас жігіті туралы айтылады.
Баяндама ауторлары Қытай өкіметі қамауға алынған барлық адамдардың нақты саны жайында ақпарат берулері керек дейді.
«Қытай үкіметі заңның жоғарылығын құрметтейміз дейді. Бірақ, өз үйлерінде, көшелерде тұтқындалған адамдардың жоғалып кетулерінен кейін мұндай мәлімдемелердің құны көк тиын. Қазір тұтқындалғандардың отбасылары олардың жоғалып кеткен жақындарының өлі-тірі екендігін білмей әрі-сәрі күй кешуде», – дейді «Хьюман Райтс Вотч» құқыққорғау ұйымының Азия елдері жөніндегі директоры Брэд Адамс.
Қытай өкіметі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген айыппен мыңнан астам адамды тұтқындағанын хабарлаған болатын. Олардың ішінде әйелдер мен кәмелетке жасы толмағандар да бар.
ІРІ АУҚЫМДАҒЫ ТАЗАЛАУЛАР
Жақында Шыңжаңда шілде айында Үрімжіде болып өткен ереуілге қатысы бар деп айыпталған адамдардың соты болды. Тоғыз еркек өлім жазасына кесілді, тағы үшеуі өлім жазасына кесіліп, үкімнің орындалуы екі жылға кейін шегерілді және бір адам өмір бойы түрмеде отыруға кесілді.
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымы биылғы жылдың 6-7 шілдесінде қытай полициясы мен әскерилері Үрімжідегі негізінен ұйғырлар көптеп тұратын Эрдаоцяо және Сеймчанг аудандарында көптеген ірі ауқымдағы операциялар өткізгенін анықтады.
Құқық қорғау ұйымына белгілі болғанындай, ауқымы жағынан кішірек мұндай операциялар мен арнайы рейдтер тамыздың ортасына дейін жалғасып келген.
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымы анықтағанындай, негізінен ұйғырдың жас жігіттері жоғалып отырған. «Біз тіпті оларды іздеуге қорқамыз: Шыңжандағы қарсылық салдарынан жоғалып кетулер» атты баяндамада былай делінген:
«Із-түзсіз жоғалып кеткендердің ең кішілері 12-14 жаста болғанымен, жоғалып кеткендердің дені 20 жастардағы жас жігіттер болған. Кейбір қытайлықтар да заңсыз тұтқындалып, жоғалып кетулері де мүмкін. Алайда, Үрімжіде тұратын жиырмадан астам қытайлар «Хьюман Райтс Вотч» ұйымына бергенсұхбаттарында мұндай оқиғалар жайында ақпараттар бермеген».
Үрімжі оқиғаларын көзімен көргендердің айтуларынша, Қытай арнаулы қызметтерінің адамдары ұйғырдың жас жігіттерін іздеп табу үшін тұтас кварталдарды қоршап алған. Кейбір жағдайларда олар ерлерді өзге адамдардан бөліп алып, тізерлетіп отырғызып қойған. Кейбір кездері олардың қарсылық акциясына қатысқан-қатыспағандығын сұрап ұрып-соққан.
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымының деректеріне қарағанда, денелерінде көгерген жерлері мен жарақаттары барларды және қарсылық акциясы кезінде үйлерінде болмағандарды орган қызметкерлері алып кеткен. Басқа жағдайларда қауіпсіздік қызметінің өкілдері өз жөндерімен кетіп бара жатқан жас жігіттерді ондап ұстап, оларды мәшинеге отырғызып алып кеткен.
КУӘГЕРЛЕРДІҢ СӨЗДЕРІ
25 жасар Махмуд М. (есімі өзгертіліп алынды) және тағы 16 адам Сеймчанг ауданында жасалған осындай рейдтердің бірінде жоғалып кетті. Махмудтың әйелінің және тағы бір куәгердің «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының құқық қорғаушыларына айтуынша, 6 шілде күні кешкі сағат 7 шамасында 150-дей полицейлер мен әскерилер тобы олар тұратын аудандағы басты көшені қоршап алған.
«Олар барлықтарына үйлерінен шығуы керектігін айтқан. Әйелдер мен қарт адамдарды шеттеу тұрғызған. 12-45 жас аралығындағы қалған ерлердің барлығы қабырғаны бойлап бір қатарға тұрғызылған. Кейбіреулердің қолдарын артына қайырып таяқпен байлап тастап, тізерлетіп отырғызып қойған. Енді біреулерді қолдарын желкесіне қойдырып, күштеп жерге жатқызып тастаған. Солдаттар, олар көрмес үшін, еркектердің жейделерін бастарына түріп тастаған», – дейді бұл оқиғаны көзімен көргендер.
Олардың айтуларынша, полицейлер мен әскерилер еркектердің денелерін тексеріп, жарақатының бар-жоқтығын анықтаған. Олардан шілденің 5-6 күндері қайда болғандарын сұраған.
«Олар кездейсоқ ер адамдарды да ұрып-соқты. Тіпті біздің 70 жасар көршімізді де жұдырықпен ұрып, бірнеше мәрте тепті. Біз оларды тоқтату үшін ешнәрсе істей алмадық. Олар бізді тыңдаған да жоқ», – деді куәгерлер.
«Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымының жазуынша, із-түзсіз жоғалып кеткен туыстарының қайда екендігін іздемек болған адамдардың әрекетінен нәтиже болмаған. Полиция және өзге де күштік құрылымдар адамдардың тұтқындалғанын мойындамаған немесе із-түзсіз жоғалып кеткендердің туыстарын аулаққа қуып тастаған.
Осыған байланысты «Хьюман Райтс Вотч» Қытай өкіметін адамдардың із-түзсіз жоғалуын жедел тоқтатуға, айып тағылмаған адамдарды босатуға шақырды. Құқық қорғау ұйымының айтуынша, тұтқындалғандардың қай-қайсысы да осындай күйде.
ЖАУАП БЕРУІН ТАЛАП ЕТУ КЕРЕК
Құқық қорғау ұйымы Қытай өкіметін Үрімжіде өткен тәртіпсіздіктер мен олардың салдарларына байланысты халықаралық тәуелсіз тексерулер өткізуге рұқсат беруге шақырды. «Хьюман Райтс Вотч», сонымен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Адам құқықтары жөніндегі бас комиссарды осындай тексеру жасауға бастамашы болуға шақырды.
Өзінің баяндамасында құқық қорғау ұйымы, 5-7 шілдеде Шыңжаңның астанасы Үрімжіде болған қарсылық акциялары, Қытайдағы соңғы онжылдықтарда болған этникалық зорлық-зомбылықтың ең бір нашар көрінісі болып табылды деп жазды.
«Қытай тұтқындалғандарды қамауда ұстау үшін тек ресми орындарды пайдалануы керек. Онда қамауда отырған адамдардың өзінің отбасы мүшелерімен, адвокаттарымен кездесуге мүмкіндігі болуы керек. Әлемнің көшбасшылығына ұмтылып отырған елде адамдардың жоғалып кету саясаты орын алмауы керек», – дейді «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Азия елдері бойынша директоры Брэд Адамс.
«Хьюман Райтс Вотч» сарапшыларының пікірінше, халықаралық құқыққа сәйкес, мемлекет адамдардың жоғалуына мұрындық болады, арнаулы қызмет агенттері адамдарды тұтқындап, содан соң бұны жоққа шығарады немесе олардың ұсталып отырған жерін жасырады.
«Із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарға көп жағдайда азаптау және соттан тыс жазалану қаупі төнеді. Осыдан барып бұл адамның отбасы мен дос-жарандары жақын адамдарының қандай халде екендігін біле алмай үнемі қиналыс пен үрейде болады», – дейді сарапшылар.
Баяндамасының қорытындысында «Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымы Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ және Қытайдың өзге де халықаралық серіктестері Шыңжаңдағы із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың бұдан арғы тағдыры жайында нақты жауапты талап етулері керек деп жазады.
«Мұндай жағдайда сауда-саттық қарым-қатынастары және өзге де саяси түсініктер оларға Қытайдың саясатын мұндай қорқынышты жағдайлар орын алып жатқан өзге де елдердің саясатынан өзгерек қарастыруға мәжбүрлемеу керек», – деді «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Азия елдері бойынша директоры Брэд Адамс.
ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ КӨМЕГІНЕН ҮМІТТЕНЕДІ
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Үрімжідегі оқиғалар жайында жариялаған баяндамасына дипломатиялық корпустың ұстанымын білу үшін Азаттық радиосының тілшісі телефон арқылы Қытайдың Алматыдағы елшілігімен хабарласты. Алайда, телефон тұтқасын көтерген елшіліктің күзет қызметкері тілші телефон арқылы тек виза беру бөлімімен ғана хабарласа алатындығын айтты:
– Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма – қабылдау күндері. Елшінің қабылдауына жазылыңыз. Бізге баспасөзбен байланысатын қызметкерлердің
Қазақстандағы ұйғыр диаспорасының жетекшісі, Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі төрағасының орынбасары Қаһарман Қожамбердиев Азаттық радиосына тек Қытайдың әлемдегі дипломатиялық корпусы ғана емес, ресми Бейжіңнің өзі де Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районындағы қанды оқиғаларға қатысты халықаралық қоғамдастықпен диалогқа барғысы келіп отырған жоқ дейді.
– Үрімжідегі қанды оқиғалар Қытай өкіметіне тиімді болатын. Олар өздерінің тыңшылары арқылы ұйғыр жастарының бейбіт шеруін қанды тәртіпсіздіктерге ұластырып жіберді ғой. Қытай ұйғырларға қарсы жасап келе жатқан қылмысын бірнеше жыл бойына жасыруға тырысты. Қазір де сондай саясатты ұстанып отыр. Сол себепті Қытай халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен батыс елдеріне Шыңжаңдағы оқиғаларға байланысты тәуелсіз тексерулер жүргізуіне мүмкіндік бермейді. Әлемдік қаржы дағдарысы да Қытайдың пайдасында болып тұр: бүкіл әлемде қаржылық дағдарыс болып жатқанда Батыс ресми Бейжіңге экономикалық қысым да жасай алмайды, – дейді Қаһарман Қожамбердиев.
Алайда ол Шыңжаң оқиғаларының құрбандарына түркі тілдес елдер тарапынан көмек болуы мүмкін деп есептейді.
– Түркі тілдес мемлекеттер қазір Қытай мен Ресейге қатты тәуелді. Сондықтан, тіпті олар да Қытайға қысым жасай алмайды. Бірақ, осыған қарамастан қазір Шыңжаңнан қашқан босқындардың проблемасы орын алуда. Көптеген ұйғырлар ол жақтан қашуда. Осы жағдайда түркі тілдес елдер ұйғырларға саяси баспана беріп, оларды Қытайдың арнаулы қызметтеріне ұстап бермеуі арқылы оларға қатты көмектесе алады. Егер Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан адам құқы саласындағы өзінің нық ұстанымын білдіріп, Қытайдың ұйғырларына қауіпсіз баспана берер болса, бұл бауырлас ұйғыр халқына жасалған үлкен көмек болар еді, – деді Азаттық радиосына Қазақстандағы ұйғырлар диаспорасының жетекшісі Қаһарман Қожамбердиев.
Биылғы жылдың 5 шілдесінде Үрімжіде этникалық қытайлар мен ұйғырлардың арасындағы қанды қақтығыстар болған еді. Ресми деректер бойынша, осы қақтығыстар кезінде екі жүздей адам қаза болып, мың жарымнан астам кісі жарақат алған.
«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқық қорғау ұйымы 20 қазанда «Біз тіпті оларды іздеуге қорқамыз: Шыңжаңдағы қарсылық салдарынан жоғалып кетулер» деген тақырыптағы баяндамасын жариялады.
44 беттік баяндамада Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районындағы ұлтаралық тәртіпсіздіктерден соң Қытайдың арнаулы қызметтері ұстап әкеткен ұйғырдың 43 жас жігіті туралы айтылады.
Баяндама ауторлары Қытай өкіметі қамауға алынған барлық адамдардың нақты саны жайында ақпарат берулері керек дейді.
«Қытай үкіметі заңның жоғарылығын құрметтейміз дейді. Бірақ, өз үйлерінде, көшелерде тұтқындалған адамдардың жоғалып кетулерінен кейін мұндай мәлімдемелердің құны көк тиын. Қазір тұтқындалғандардың отбасылары олардың жоғалып кеткен жақындарының өлі-тірі екендігін білмей әрі-сәрі күй кешуде», – дейді «Хьюман Райтс Вотч» құқыққорғау ұйымының Азия елдері жөніндегі директоры Брэд Адамс.
Қытай өкіметі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырып, қатысты деген айыппен мыңнан астам адамды тұтқындағанын хабарлаған болатын. Олардың ішінде әйелдер мен кәмелетке жасы толмағандар да бар.
ІРІ АУҚЫМДАҒЫ ТАЗАЛАУЛАР
Жақында Шыңжаңда шілде айында Үрімжіде болып өткен ереуілге қатысы бар деп айыпталған адамдардың соты болды. Тоғыз еркек өлім жазасына кесілді, тағы үшеуі өлім жазасына кесіліп, үкімнің орындалуы екі жылға кейін шегерілді және бір адам өмір бойы түрмеде отыруға кесілді.
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымы биылғы жылдың 6-7 шілдесінде қытай полициясы мен әскерилері Үрімжідегі негізінен ұйғырлар көптеп тұратын Эрдаоцяо және Сеймчанг аудандарында көптеген ірі ауқымдағы операциялар өткізгенін анықтады.
Құқық қорғау ұйымына белгілі болғанындай, ауқымы жағынан кішірек мұндай операциялар мен арнайы рейдтер тамыздың ортасына дейін жалғасып келген.
Үрімжідегі ұлтаралық толқулар туралы іс бойынша сотқа тартылған алты адамның бірі 2009 жылы 15 қазанда Қытай телеарнасынан көрсетілді.
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымы анықтағанындай, негізінен ұйғырдың жас жігіттері жоғалып отырған. «Біз тіпті оларды іздеуге қорқамыз: Шыңжандағы қарсылық салдарынан жоғалып кетулер» атты баяндамада былай делінген:
«Із-түзсіз жоғалып кеткендердің ең кішілері 12-14 жаста болғанымен, жоғалып кеткендердің дені 20 жастардағы жас жігіттер болған. Кейбір қытайлықтар да заңсыз тұтқындалып, жоғалып кетулері де мүмкін. Алайда, Үрімжіде тұратын жиырмадан астам қытайлар «Хьюман Райтс Вотч» ұйымына берген
Із-түзсіз жоғалып кеткендердің ең кішілері 12-14 жаста болғанымен, жоғалып кеткендердің дені 20 жастардағы жас жігіттер болған. Кейбір қытайлықтар да заңсыз тұтқындалып, жоғалып кетулері де мүмкін.
Үрімжі оқиғаларын көзімен көргендердің айтуларынша, Қытай арнаулы қызметтерінің адамдары ұйғырдың жас жігіттерін іздеп табу үшін тұтас кварталдарды қоршап алған. Кейбір жағдайларда олар ерлерді өзге адамдардан бөліп алып, тізерлетіп отырғызып қойған. Кейбір кездері олардың қарсылық акциясына қатысқан-қатыспағандығын сұрап ұрып-соққан.
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымының деректеріне қарағанда, денелерінде көгерген жерлері мен жарақаттары барларды және қарсылық акциясы кезінде үйлерінде болмағандарды орган қызметкерлері алып кеткен. Басқа жағдайларда қауіпсіздік қызметінің өкілдері өз жөндерімен кетіп бара жатқан жас жігіттерді ондап ұстап, оларды мәшинеге отырғызып алып кеткен.
КУӘГЕРЛЕРДІҢ СӨЗДЕРІ
25 жасар Махмуд М. (есімі өзгертіліп алынды) және тағы 16 адам Сеймчанг ауданында жасалған осындай рейдтердің бірінде жоғалып кетті. Махмудтың әйелінің және тағы бір куәгердің «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының құқық қорғаушыларына айтуынша, 6 шілде күні кешкі сағат 7 шамасында 150-дей полицейлер мен әскерилер тобы олар тұратын аудандағы басты көшені қоршап алған.
«Олар барлықтарына үйлерінен шығуы керектігін айтқан. Әйелдер мен қарт адамдарды шеттеу тұрғызған. 12-45 жас аралығындағы қалған ерлердің барлығы қабырғаны бойлап бір қатарға тұрғызылған. Кейбіреулердің қолдарын артына қайырып таяқпен байлап тастап, тізерлетіп отырғызып қойған. Енді біреулерді қолдарын желкесіне қойдырып, күштеп жерге жатқызып тастаған. Солдаттар, олар көрмес үшін, еркектердің жейделерін бастарына түріп тастаған», – дейді бұл оқиғаны көзімен көргендер.
Олардың айтуларынша, полицейлер мен әскерилер еркектердің денелерін тексеріп, жарақатының бар-жоқтығын анықтаған. Олардан шілденің 5-6 күндері қайда болғандарын сұраған.
«Олар кездейсоқ ер адамдарды да ұрып-соқты. Тіпті біздің 70 жасар көршімізді де жұдырықпен ұрып, бірнеше мәрте тепті. Біз оларды тоқтату үшін ешнәрсе істей алмадық. Олар бізді тыңдаған да жоқ», – деді куәгерлер.
«Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымының жазуынша, із-түзсіз жоғалып кеткен туыстарының қайда екендігін іздемек болған адамдардың әрекетінен нәтиже болмаған. Полиция және өзге де күштік құрылымдар адамдардың тұтқындалғанын мойындамаған немесе із-түзсіз жоғалып кеткендердің туыстарын аулаққа қуып тастаған.
Осыған байланысты «Хьюман Райтс Вотч» Қытай өкіметін адамдардың із-түзсіз жоғалуын жедел тоқтатуға, айып тағылмаған адамдарды босатуға шақырды. Құқық қорғау ұйымының айтуынша, тұтқындалғандардың қай-қайсысы да осындай күйде.
ЖАУАП БЕРУІН ТАЛАП ЕТУ КЕРЕК
Құқық қорғау ұйымы Қытай өкіметін Үрімжіде өткен тәртіпсіздіктер мен олардың салдарларына байланысты халықаралық тәуелсіз тексерулер өткізуге рұқсат беруге шақырды. «Хьюман Райтс Вотч», сонымен бірге, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Адам құқықтары жөніндегі бас комиссарды осындай тексеру жасауға бастамашы болуға шақырды.
Өзінің баяндамасында құқық қорғау ұйымы, 5-7 шілдеде Шыңжаңның астанасы Үрімжіде болған қарсылық акциялары, Қытайдағы соңғы онжылдықтарда болған этникалық зорлық-зомбылықтың ең бір нашар көрінісі болып табылды деп жазды.
«Қытай тұтқындалғандарды қамауда ұстау үшін тек ресми орындарды пайдалануы керек. Онда қамауда отырған адамдардың өзінің отбасы мүшелерімен, адвокаттарымен кездесуге мүмкіндігі болуы керек. Әлемнің көшбасшылығына ұмтылып отырған елде адамдардың жоғалып кету саясаты орын алмауы керек», – дейді «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Азия елдері бойынша директоры Брэд Адамс.
«Хьюман Райтс Вотч» сарапшыларының пікірінше, халықаралық құқыққа сәйкес, мемлекет адамдардың жоғалуына мұрындық болады,
Із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарға көп жағдайда азаптау және соттан тыс жазалану қаупі төнеді. Осыдан барып бұл адамның отбасы мен дос-жарандары жақын адамдарының қандай халде екендігін біле алмай үнемі қиналыс пен үрейде болады.
«Із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарға көп жағдайда азаптау және соттан тыс жазалану қаупі төнеді. Осыдан барып бұл адамның отбасы мен дос-жарандары жақын адамдарының қандай халде екендігін біле алмай үнемі қиналыс пен үрейде болады», – дейді сарапшылар.
Баяндамасының қорытындысында «Хьюман Райтс Вотч» құқық қорғау ұйымы Америка Құрама Штаттары, Еуропалық Одақ және Қытайдың өзге де халықаралық серіктестері Шыңжаңдағы із-түзсіз жоғалып кеткен адамдардың бұдан арғы тағдыры жайында нақты жауапты талап етулері керек деп жазады.
«Мұндай жағдайда сауда-саттық қарым-қатынастары және өзге де саяси түсініктер оларға Қытайдың саясатын мұндай қорқынышты жағдайлар орын алып жатқан өзге де елдердің саясатынан өзгерек қарастыруға мәжбүрлемеу керек», – деді «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Азия елдері бойынша директоры Брэд Адамс.
ТҮРКІ ТІЛДЕС ЕЛДЕРДІҢ КӨМЕГІНЕН ҮМІТТЕНЕДІ
«Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Үрімжідегі оқиғалар жайында жариялаған баяндамасына дипломатиялық корпустың ұстанымын білу үшін Азаттық радиосының тілшісі телефон арқылы Қытайдың Алматыдағы елшілігімен хабарласты. Алайда, телефон тұтқасын көтерген елшіліктің күзет қызметкері тілші телефон арқылы тек виза беру бөлімімен ғана хабарласа алатындығын айтты:
– Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма – қабылдау күндері. Елшінің қабылдауына жазылыңыз. Бізге баспасөзбен байланысатын қызметкерлердің
Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі төрағасының орынбасары Қаһарман Қожамбердиев Шыңжаңда қаза болғандарды еске алуға арналған жиында сөйлеп тұр. Алматы, 13 тамыз 2009 жыл.
телефондарын бермейді. Менде тек виза беру бөлімінің ғана телефоны бар, қажет болса соған қоса аламын, – деді Қытай елшілігінің қызметкері.Қазақстандағы ұйғыр диаспорасының жетекшісі, Бүкіләлемдік ұйғыр конгресі төрағасының орынбасары Қаһарман Қожамбердиев Азаттық радиосына тек Қытайдың әлемдегі дипломатиялық корпусы ғана емес, ресми Бейжіңнің өзі де Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық районындағы қанды оқиғаларға қатысты халықаралық қоғамдастықпен диалогқа барғысы келіп отырған жоқ дейді.