Accessibility links

Нұрқаділов дүниеден өткен күннің қарсаңында оның ұлы лауазымды қызметке тағайындалды


Заманбек Нұрқаділов, Алматы облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі. Алматы әуежайы, 3 ақпан 2005 жыл.
Заманбек Нұрқаділов, Алматы облысының бұрынғы әкімі, бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі. Алматы әуежайы, 3 ақпан 2005 жыл.

Осыдан тура төрт жыл бұрын, сол кезде Назарбаевты ең өткір сынап жүрген Заманбек Нұрқаділов мерт болды. Оппозициялық саясаткер «өзіне өзі қол салған» күннің қарсаңында оның ұлына биліктен лауазымды қызмет берілді.

ҰЛЫ ӘКЕСІ «ӨЗІНЕ ӨЗІ ҚОЛ САЛДЫ» ДЕГЕН ОЙДА

Оқиғаның қалай болғанын еске түсірейік. 2005 жылғы 12 қарашаның кешінде Алматы полициясына жедел жәрдем тобы Заманбек Нұрқаділовтің зәулім үйінде төтенше оқиға болғаны жайында суыт хабар жеткізеді. Шамамен сол уақытта үй күзетшісінен де дәл сондай хабар түседі. Оппозициялық саясаткердің өлі денесін қарау кезінде үш жерден оқ тигені анықталады. Мәйіттің жанында 1998 жылы ішкі істер министрлігі Нұрқаділовке берген «Кобальт» маркалы оның жеке тапаншасы жатады.

Тергеу Заманбек Нұрқаділовті жүрегі мен басына атылған оқтан мерт болған деп тапты. «Ол өзіне өзі қол салған» деген ресми тұжырым жасалды. Журналистерге адамның қалай бір қарумен өзін өзі алдымен жастықтың сыртынан жүрегіне атып, сосын құлап бара жатып
Заманбек Нұрқаділовтың өлі денесі өз үйінде табылды. Алматы, 13 қараша 2005 жыл.
басына ата алатынын ұқтыратын тергеу экспериментін көрсетті.

Бірақ, сол ресми тұжырым үлкен күмән тудырады. Қазақстандық интернетте пайда болған материалдарда оқтары түгел салынған «Кобальт» револьверінің 800 граммнан астам салмаққа баратыны айтылады. Диссидент отбасының адвокаты Серікқали Мусиннің байқағанындай, жастықтың сыртынан «бір шоғырлы» ату бір келсе, кәсіби атқыштың қолынан ғана келу мүмкін.

Қаза болған жанның туыстарының атынан полициялық қортынды құжатқа оппозициялық саясаткердің бірінші некесінен туған ұлы, жігіт ағасы Қайрат Нұрқаділов қол қойды. Опат болған диссиденттің жесірі Мақпал Жүнісоваға ондай мүмкіндік берілмеді. Оны, тіпті, жәбірленуші тарапқа да қоспады.

Саясаткердің жақындарының, оның бірінші және екінші отбасының арасында 12 қарашаға дейін де кикілжің бар еді, ал, өзінің көзі кеткеннен кейін ол кикілжің тіпті күшейді.

Бірақ, Заманбек Нұрқаділовтың өзі де бірінші некеден дүниеге келген балалары мен екінші әйелін жақындастырам деп әуре болған емес.
Заманбек Нұрқаділовтың жесірі әнші Мақпал Жүнісова (оң жақта) мен ұлы Қайрат (сол жақта) марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде. Алматы, Ғылым Академиясының ғимараты, 15 қараша 2005 жыл.
Айтпақшы, Қайрат Нұрқаділов қазір де әкесінің өлімі жайында сөз қозғауды қаламайды, ол журналистерден де өзін қашық ұстайды. Нұрқаділов әлі жерленбей тұрып-ақ ол әкесінің қазасын саясиландырмауды сұраған болатын.

Заманбектің қызы, дизайнер ретінде шетелге танымал Құралай Нұрқаділова да саяси пікірсайыстан аулақ жүреді. Ол басқаратын алматылық «Құралай» сән үйі 2008 жылы қазақстандық олимпиадашыларға арнап салтанатты киім үлгісін тігуге тендер ұтып алды. Құралай Нұрқаділованың есімі халықаралық баспасөзде жиі аталады.

Заманбектің қаза болғанына төрт жыл толуына бір күн қалғанда оның ұлы Алматы әкімдігі тұрғын үй басқармасының бастығы қызметіне тағайындалғаны туралы хабарланды. Қайрат Нұрқаділов қалалық әкімдікте бұрыннан жұмыс істейді. Әкесі журналистермен әңгімелескенде сол кездегі қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовқа айтып, ұлын әкімдікке өзінің тұрғызғанын айтатын.

ЗАМАНБЕКТІ СОҢҒЫ РЕТ КӨРГЕН АДАМДАР

Айта кетерлік бір жайт – Алматының қымбат ауданында салынған Заманбек Нұрқаділовтың үйі биіктігі екіжарым метрлік тас қабырғамен қоршалған. Үйдің ауласын бақылап тұрған 16 бейнекамерадан ақпарат жеке күзеттің мониторына онлайн режимінде берілетін.

Айтпақшы, Нұрқаділовтың үйінде жиі-жиі қонақ болған журналистер қазақстандық телеарналарда көрсетілген бейнематериалдарда үй киімін киген саясаткердің бөлменің ортасында тұрған бильярд үстелінің жанында ұзынынан жатқанына назар аударады.

Ал, сол үйге жиі барғандар Заманбек Нұрқаділовтың қонақты диванға жайғастыратынын, ал, өзі кірер есікке қарап, қабырғаға таяу орындыққа отыратынын айтады.

Ал, анандай киіммен Нұрқаділов жақын таныс жігіттерді ғана қарсы алатын. Қонақтардың арасында әйел адам немесе бейтаныс адам болса, онда жақсы үтіктелген шалбар және таза теннистік киім киіп қарсы алатын.

Заманбек Нұрқаділовпен қоштасу. Алматы, Ғылым Академиясының ғимараты, 15 қараша 2005 жыл.
Не дегенмен де, тергеушілер тобы өзіне өзі қол салған деген тұжырымға тоқтады. Мұндай тұжырыммен Заманбек Нұрқаділовтың жесірі де, жақтастары да мүлдем келіспейді.

Оқиға орнынан табылған бірнеше бос конверттер де шешілмеген жұмбақ күйінде қалды. Соларға қарағанда, шамасы, қаза болардан бұрын Нұрқаділов жақын таныстарының бірімен жүздескен болуы керек.

Айтпақшы, жекелеген тәуелсіз журналистермен болған ашық әңгімеде өзіне «025 номерімен» бүркемеленген әлдебір мырзаның «Әділетті Қазақстан үшін» оппозициялық қозғалысын жақсылап сынауға үгіттегенін және сол «риясыз» ұсыныстан бас тартқанын Нұрқаділов жиі айтатын.

ЗАМАНБЕККЕ ЖАСАЛҒАН ШАБУЫЛ

Өзіндік пікірі бар Нұрқаділовтың еркін рухы, өткір сөйлеуі, қым-қуыт жоспарлары және кенеттен мерт болуы қоғамда қызу пікір туғызды. Көп адамдар әлі күнге төрт жыл бұрынғы қайғылы оқиғаның қиюларын жуыстыра алмай, баспасөзде, одан қалды, шәй басында айтылған ақпараттарды жиыстырып әлек болуда.

Бірақ, мәселе сонда, оқиғаның көптеген тұстары беймәлім, сондықтан, болған қасіретті жайттың толық суретін жасап шығу мүмкін емес. Сосын, әдеттегідей, ақпараттық вакуум бірімен бірінің басы бірікпейтін әртүрлі долбар тудырды.

Дей тұрғанмен, қолда бар ақпарат бойынша, 2004 жылы басталған оқиғалар тізбегінің даму бағытына қатысты бірнеше нұсқа айтуға болады. Биліктен шеттетілген Заманбек Нұрқаділов өзіне қарсы қастандық жасалуы мүмкін екенін тура сол кездерде алғаш хабарлады. Ол наурыз айының аяғы болатын.

Нұрқаділовтың айтуы бойынша, ол Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің басшылығынан шеттетілгеннен кейін Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздескенде демократиялық реформалар жүргізуін талап етіп, өзінің сонда ғана ынтымақтасатынын айтқан:

Заманбек Нұрқаділовты ақтық сапарға шығаруға жиналған жұрт. Алматы, Ғылым Академиясының ғимараты, 15 қараша 2005 жыл.
«Мен 11 наурызда сөйлегеннен кейін, 10 мамырда оның тікелей делдалы Болат Өтемұратов келіп: «Сізбен президент кездесіп, сөйлескісі келеді», – деді. Біз құпия түрде кездестік. Мен: «Парламент пен оппозициядан қорқасыз ба?» - деймін. Ол: «Қорықпаймын», – дейді. «Олай болса, – деймін мен, – әділетті де ашық сайлау өткіземін мен. Парламентіміз өзіндік пікірі бар, өз көзқарасы бар парламент болады. Сол кезде сіз саяси бағытыңызды өзгертесіз. Бәрі ашық жұмыс істейтін болады, экономиканы көтереміз, әлеуметтік қамқорлықты арттырамыз». Бірақ, ол келіспеді. Былайша айтқанда, біз әлдебір театр іспеттіміз! Сахнада Назарбаев бастаған актерлар тамаша ойнайды. Әлемдік қауымдастық алдында, көршілеріміздің алдында... Ал, сахнаның дәл қасындағы көрермендер залы, сахнаның арты, дәретханасы мен киім ілетін жағы шіріп жатыр. Сахна мен актерлардан басқа бізде ештеңе жоқ».

Диссиденттің айтуы бойынша құпия кездесуден күткен нәтиже шықпады. Бірақ, Заманбек Нұрқаділов жайдан жай қол көтеріп, беріле салатын адам емес еді.

Министр қызметінде отырып, 2004 жылғы наурызда Назарбаевқа қарсы ашық хат жазуы Нұрқаділовтың бірінші демаршы емес-тін. Нұрқаділов оның алдында да оппозицияға кетіп қалып, қайтып келген болатын. Ал, екінші реткісі арақатынастың соңғы үзілуі болып шықты. Тағдыр оған билікпен ашық қарсыласуға біржарым жыл ғана уақыт берді.

Екінші рет 2005 жылғы бірінші мамырда президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Республика алаңында сөз сөйлеп тұрған кезде болған шабуыл нақты қауіптің барын тағы білдірді. Сол күні Заманбек Нұрқаділов құдай қағып, аман қалды. Оның басына сұр күрткедегі жас жігіт лақтырған тас (айтпақшы, сол тас әлі күнге табылған жоқ) Қазақстанның демократиялық таңдауы оппозициялық партиясының белсендісі Әлихан Рамазановқа тиген. Куә болғандардың айтуынша, тастың қатты тигені сондай, Рамазанов есінен танып қалған.

ҚОЛДАҒЫ КОМПРОМАТ ТА ҚҰТҚАРАР ЕМЕС

Бірақ, Нұрқаділов та тағдырдың қыл тұзағынан құтыла алмады. 2005 жылдың қаңтарында ол Қазақстаннан шетке бір пакет құжат алып шығады. Еуропадан орала салып, Заманбек Нұрқаділов қазақстандық оппозицияны басқаруға ниеті бар екенін мәлімдейді. Оның жақын
Заманбек Нұрқаділовтың Еуропа сапарынан оралған кезі. Алматы әуежайы, 3 ақпан 2005 жыл.
адамдары айтып бергендей, әңгіме қырғыз жолымен төңкеріс жасау турасында болған. Ол 2005 жылдың желтоқсанында, яғни, Қазақстан президентін сайлау кезінде болуға тиіс еді.

Нұрқаділовтың өзі де: «Менің өлгенімді қалайтын адамдар бар екенін жоққа шығармаймын. Олар үшін мен қауіпті адаммын. Бірақ, мен оған қамданып қойдым. Егер мен әлдеқалай болып кетсем, Еуропаға апарған құжаттар сол мезетте жарияланатын болады. Ол өте сұмдық құжаттар, бірақ, олар менің кепілім», – деп еді.

Алайда, оппозициялық саясаткердің үміті ақталмады. Заманбек сенген еуропалық құпия адвокаттар ол қаза болғанда еш әрекет жасаған жоқ. Өмір шындығы компроматтық құжаттардың саясаткердің амандығына кепіл болып, ылғи да құтқара бермейтінін көрсетті.
Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың үйіндегі оның мұражайында. Алматы, 2006 жыл.


Құжаттардың бір бөлігінің қайда кеткені белгісіз секілді. Мұның да жайы тура 2003 жылы Нұрқаділовтың үйіндегі сейфінен Мақпал Жүнісованың миллион долларымен бірге ұрланған қара блокнот секілді болып тұр ғой. Ақша қайтарылды деп естісек те, өте маңызды ақпараттар жазылған блокнот сол күйі қайтпады.

Айтпақшы, Заманбек Нұрқаділовтың қазасынан кейін Еуропаға апарған құжаттарының кейбірін өзі құрған «Қазақстандағы жемқорлықпен күрес жөніндегі халықаралық комиссия» (ICTK) ұйымы таратты. Бірақ, уәде етілген компроматтың негізгі бөлігі сол күйі жарық көрмеді. Қазақстандық сарапшылар бәлкім, шулы құжаттар болмаған да шығар, мүмкін Заманбек «алматыша» әншейін қоқан-лоққы көрсеткен шығар дегенді айтады. Не болмаса, компроматтар жолай әлдекімдердің қолына тап болып, енді жарық көрер өз уақытын күтіп жатқан болар.

КОМПРОМАТТАР ҮШІН ЖАЗА БЕЛГІЛЕУ

Осы кезде сарапшылар мен саясаткерлер Астанадағы билік пен ресурстар үшін элита ішіндегі күрес шиеленісіп отырғанын айтады. Мәскеу мемлекеттік университеті ақпараттық-талдау орталығының директоры Алексей Власовтың көзқарасы бойынша «…кейбір қазақстандық элита өкілдері шындықтан ажырап барады десек те болады, тіпті, өзін қоршаған ең жақын адамдарға әбден төзімді қазақстандық президенттің өзі елеулі қорытынды жасауға мәжбүр болды», – деп санайды ресейлік саясаттанушы.

Заманбек Нұрқаділов зайыбы Мақпал Жүнісовамен бірге. Алматы, 2002 жыл.
«Ақ жол» партиясының жетекшісі Әлихан Бәйменов те Назарбаевтың айналасына кілең түкке жарамсыз, есесіне әулеттік иерархияны нығайтып алған біреулердің қаптап кеткеніне назар аударады.

Оппозиция өкілі Әміржан Қосанов та осыны айтады: «Бүкіл қазақстандық саясатты президент пен оның айналасындағылар жүргізіп отыр. Ешқандай дарыны, не ақыл-парасаты жоқ кез-келген билік маңындағы пысықай жай шәй басында-ақ саяси шешім шығара салып жатыр».

Қазақстанда жемқорлықтың айыбын тағып, топ-менеджерлер мен үлкен шенеуніктерді тұтқындап, соттап жатқанына ендігі бір жылдан асты. Жаза мерзімінің бір бөлігін отырып шыққан бірінші топ-менеджер Жақсыбек Күлекеев бостандыққа да шығып үлгерді. Осы секілді көптеген процестер азаматтың жеке өміріне ешкімнің қол сұқпауы құқығы туралы заң жобасына апарып тіреді, ол заңда компроматтық мәліметтерді жариялағаны үшін түрмеге тығу жазасы белгіленген.

Заманбек Нұрқаділовтың қазасына қазақ ақыны Иран-Ғайыптың шығарған өлеңі:

XS
SM
MD
LG