Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын сынап жүрген оппозициялық саясаткердің өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Ресми тергеу "ол өз-өзін үш рет атқан" деген қорытынды жасаған. Бірақ оппозиция "Нұрқаділов қастандық құрбаны болды" деп санайды.