Accessibility links

Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлына қатысты жаңа деректер


Алаштың үш арысы (солдан оңға): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы.
Алаштың үш арысы (солдан оңға): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы.

Санкт-Петербург мұрағаттары мен кітапханаларында ізденген Азаттық радиосы олжалы болды. Ол жерден Әлихан Бөкейхан редакциялаған үш басылымның біреуі – «Иртыш» газетінің бір данасы табылды.


БӨКЕЙХАННЫҢ ОМБЫДА ШЫҒАРҒАН ГАЗЕТТЕРІ

ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан 1906-1907 жылдары «Иртыш», «Омич» және «Голос степи» (Ф. А. Брокгауз, И. А. Ефрон, Жаңа энциклопедиялық сөздік, 8-том. СПб., 1908 жыл) газеттерін шығарған және редакциялаған. Және де бұл газеттер бір шығып, бір шықпай қалып отырды, ол шығарушы мен редактордың кінәсінен емес еді.

Бейхабар оқырманға жаңағы аталған газеттердің редакторлары ретінде әртүрлі адамның аталуы түсініксіз болып көріну мүмкін. Мәселен, Ресей мемлекеттік кітапханасы газеттер бөлімінің анықтамалығындағы мәліметтер бойынша, «Голос степи» газетінің алғашқы қаңтарлық сандарында редактор-шығарушы ретінде Д. В. Ивановтың есімі көрсетілген, ақпан айындағы сандарында В. В. Кирьяновъ, ал, «Иртышъ» газетінің редакторы И. А. Поваренныхъ деп жазылған. «Омич» газетінің редакторы ретінде көрсетілген адам – В. И. Вереденко деген бәз бір әйел.

Бірақ, бұл жерде үзілді-кесілді түйін жасауға асықпау керек, өйткені, бұл аталған үш басылымның да тағдыры күрделі болды. «Жаңа
Алаштың көсемі һәм Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Мәскеу, 1935 жыл.
энциклопедиялық сөздік» бойынша айтатын болсақ, басылымдардың тағдыры олардың шын мәніндегі шығарушы редакторы болған Әлихан Бөкейханның тағдырына ұқсас болды.

Брокгауз бен Ефронның «Энциклопедиялық сөздігі» әлемдегі ең озық әмбебап энциклопедиялардың бірі деп саналатын. Ол сөздіктің өз заманында немістің «Брокгаузынан», француздың «Ларуссасынан» және ағылшынның «Британникасынан» кем түспегені былай тұрсын, тақырыптық ауқымының кеңдігімен және соңғы (ХХ ғасырдың басындағы) ғылыми мәліметтерді пайдалану тереңдігімен айрықшаланып, кей тұстарда озық тұрған.

1908 жылдан және дәл сол 8-інші томынан бастап, 22-інші томына дейін Әлихан Бөкейханның өзі аталған энциклопедияның редакциялық алқасының мүшесі болды. Мұнда да бірден үш мерзімді басылымды редакциялаған оның артық қосып жазуы не қателесуі мүмкін емес.

Ең қызығы басқада. 1906 жылғы шілденің соңында Омбыда «Иртыш» газетінің бірінші саны шығады, сосын ол Далалық генерал-губернатор Сухотиннің өкімімен ««зиянды бағытына» байланысты әскери жағдай тоқтатылған мерзімге дейін» жабылады, бірақ, оның ізі суымай жатып, сол жылдың қарашасының соңында оқырмандарға жаңа газет ұсынылады.

«Иртыш» басылымы жабылысымен бірінші саны шыққан «Омич» (бұл да мән-мазмұны жағынан тура сол басылым еді, тек аты ғана басқаша) газетінің өмірі одан да қысқа болды. Оның оншақты саны шығып үлгерді, ал, «Иртыш» газеті оқырмандарға 74-тен астам санын ұсынған еді.

Ол «Иртыштың» ізімен 1906 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін, Әлихан Бөкейханның сөзімен айтқанда: «орыс императорының далалық сатрабы» генерал Сухотин қайтадан тура сондай желеумен және дәл солай белгісіз мерзімге жабуға өкім бергенше шығып тұрды.

«Голос степи» газеті 1907 жылдың 1 қаңтарынан шыға бастады да, 42-інші санынан кейін, ақпанның соңында шығуын тоқтатты. Бұл басылымның да тоқтауы әйгілі «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін Әлихан Бөкейханның Санкт-Петербург сотының арнайы қатысуымен сотталып, үш айға түрмеге жабылуымен дөп келеді. Сол кезде ол өз еркімен Семейге келіп, түрмеге отырып жазасын өтеген еді.

Бірақ, оны түрмеде астаналық соттың шешіміне сәйкес үш ай емес, тұтас сегіз ай бойы ұстады. Одан соң оны 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін Самараға жер аударып жіберді. Әрине, шындықты айту керек, саяси жер аудару қазақ көсеміне кедергі бола алған жоқ, ол Санкт-Петербургке жиі-жиі жасырын келіп жүрді.

Бұл үш газеттің де оқырман қауымы кең және тұрақты болғанын атап айту керек. Осы басылымдардағы жарнамаларға қарар болсақ, оқырмандардың елеулі бөлігі газеттерді жазылып алып тұрған. Газетте мынадай жарнамалар берілген:

«Иртышъ» және «Омичъ» газеттерінің орнына 1907 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Голосъ степи» (Орфографиясы сақталған) газетіне жазылу басталды».

«Иртышъ» және «Омичъ» газеттеріне жазылушыларға. «Иртышъ» және «Омичъ» газеттерінің жазылушыларына «Голос степи» жолданады, алдыңғы газеттер үшін төленген ақша есепке алынады».

«Голос степи» газетінің барлық санына басылған осы екі жарнаманың өздері-ақ сөйлеп тұр. Бұл жарнамалардың мазмұнынан оқырман қандай да бір түсініксіздік байқаған болса олар жалғыз бұнымен шектелмейді.

Тағы бір түсініксіздік мынау – әртүрлі аталатын де-юре газеттердің редакторлары ретінде әртүрлі есімдер жазылғанымен, олардың кеңселері мен редакцияларының мекен-жайы, тіпті, телефон номерлері де біреу: «Омскъ, уголъ Тобольской и Екатерининской, домъ Дудоладовой. Телефонъ № 234».

Тағы бір таңғаларлығы – редактор ретінде аталған адамдардың бәрі өмірде болған және тура сол Омбыда өмір сүрген. Мысалы, Иван Аксентьевич Поваренных адвокат болған және Әлихан Бөкейханның досы еді. Бұл кісіні бірде генерал-губернатор Сухотин бір қазаққа шағым жазуға көмектескені үшін ғана Омбыдан айдап жіберген.

Неге Әлихан Бөкейхан әлгі газеттерді іс жүзінде өзі редакциялай отырып, өз аты-жөнін көрсетпеген деген заңды сұраққа оның 1906 жылғы 11 тамызда «Степной піонеръ» газетінде жарияланған өз мақаласынан жауап табамыз.

Оның жазған «Обыватель-критиканъ» деген мақаласында мынандай жолдар бар: «…бұрынғы дума мүшелері құрған кез-келген қауымдастық қызметіне тыйым салынады. …Думаға мүше болғаны себепті... қоғамдық қызметпен айналысуға жаппай тыйым салынды!..»

Әлихан Бөкейханның 1906 жылдың маусымында Семей облысының атынан бірінші Мемлекеттік думаның депутаты болып сайланғаны белгілі. Дума таратылғаннан кейін Омбыға оралып, газет шығаруға кіріскен ол өз мақаларында жаңа премьер-министр Петр Столыпиннің әрекетін сынайды.

Басылымдардың ішінде қаттырақ жапа шеккені «Омич» газеті еді, оның барлық санын патша әкімдігі тәркілеп алып, жойып жіберген. 74-тен астам «Иртыш» сандарының екеуі ғана құдайдың құдіретімен сақталып қалған: №19 саны Химкиде Ресей мемлекеттік кітапханасында сақтаулы болса, 1906 жылғы 2 қыркүйекте шыққан №36 саны Санкт-Петербургтен табылды.

БҮРКЕНШІК ЕСІММЕН ЖАЗЫЛҒАН МАҚАЛА

Зерттеуіміз кезінде біз Ресей ұлттық кітапханасы (РҰК, Санкт-Петербург) және Ресей мемлекеттік кітапханасы (РМК, Мәскеу) анықтамалықтарында көрсетілгендей, Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың қорына нұсқамалар бар Санкт-Петербургтегі Ресейдің мемлекеттік тарихи мұрағатына (РМТМ) (оны Мұстафа
1907 жылы қаңтардан ақпан айының соңына дейін Омбыда Әлихан Бөкейханның редакциялауымен шығып тұрған «Голос степи» газетінің саны.
Шоқайдың ісі сақтаулы тұрған ОМТМ-мен шатастыруға болмайды) үлкен үміт артып едік.

Алайда, «Иртыш» газетінің басылуы туралы» деп аталатын 1906 жылға арналған 776-ыншы қорда және сол қордың «Мерзімді және беймерзім баспасөз туралы есептер» деген 1907 жылға арналған 39-ыншы істе тек Баспасөз істері жөніндегі бас басқарманың, басқаша айтқанда, патшалық цензураның Далалық өлке әкімшілігімен жазысқан аталмыш басылымдарды жабу негіздері туралы бюрократиялық хаттары ғана сақтаулы екен. Ал, тігілген немесе тәркіленген «Иртыш» не «Омич» басылымдарының сандары қорда жоқ болып шықты.

Санкт-Петербургтағы Ресей ғылым академиясының кітапханасынан (БРАН) табылған «Иртыш» газетінің №36 санында редактор Әлихан Бөкейхан екі мақала шығарған. Оның біреуі редакторлық бағанға салынған, әдеттегідей қол қойылмаған. Екіншісін «Къ петиціямъ киргизъ» (әңгіме қазақтардың 1905 жылғы әйгілі «Қарқаралы петициясы» туралы өрбиді) деп атап, «V» деген өзінің тағы бір бүркеншік есімімен жариялаған. Негізінде мұндай бүркеншік атты ол тек айрықша жағдайларда ғана пайдаланатын.

Әлихан Бөкейхан жеңісті білдіретін «V» деген латын әрпін өміріндегі ең ауыр кезеңдерінде – 1906-1910 жылдардағы столыпиндік реакция кезінде және 1922-1927 жылдардағы жаппай сталиндік қуғын-сүргіннің бастапқы кезеңінде жазған көптеген мақалалары мен жазбаларына қолданған.

«МҰҚТАЖДЫҚПЕН БЕТПЕ БЕТ»

1906 жылдың 26 қазанындағы «Иртыш» газетінің №77 санында Әлихан Бөкейхан семейлік ер балалар гимназиясын бітірген Семей облысы Павлодар уезі Басқұдық болыстығының жасы Нұх Абдул-Ғалым Рамазановтың Ресей университеттерінің біріне оқуға түсуіне көмек
"Иртыш" газетінің 1906 жылғы қыркүйектің 2-інде шыққан №36 саны, Омбы қаласы.
берулерін сұрап, Семей және Ақмола облыстарының қазақтарына ашық хат жариялады.

Хатта жазылған сөз тіркестерінің мазмұнын қазақша берейік: «Рамазановтың әкесі Бұқа-Құбыр (Бәсентиін) руынан шыққан кедей қырғыз (қазақ - Азаттық)... Павлодар мен Омбыда дала генерал-губернаторы Надаров мырзаға екі рет өтініш айтты. Ол (генерал-губернатор - Азаттық) қырғыз сомасынан стипендия бөлуден бас тартты».

«Рамазанов Петерборға барды. 1907 жылғы қаңтарда ол қаржыдан тапшылық көрмек. Қазақтар, Алаш балалары, сіздер оған жәрдемдесуге міндеттісіздер! Семей мен Ақмола облыстарының миллиондаған жұрты жас жігітті университетте оқыта алмағаны ерсілік болар еді», – деп үндеу тастайды Әлихан Бөкейхан өз жерлестеріне.

Одан ары аутор ақшаны мына мекен-жай бойынша жіберуге болатынын жазған: «Петербург. Ғылым академиясы, оның тікелей хатшысы Сергей Федорович Ольденбургке... және Омбыға, «Иртышъ» газеті редакциясының кеңсесіне Нұх Рамазановқа арнап».

Әлихан Бөкейханның өз атымен жариялаған бұл хат ол алғаш жарияланған «Иртыш» газетінен емес, хатты көшіріп басқан басқа газеттен алынған. Бірақ, ашық хатта аталған Ғылым академиясының тікелей хатшысы С. Ф. Ольденбургтің есімі ары қарай ізденуімізге негіз болды.

Біз Санкт-Петербургтегі Ресей мемлекеттік кітапханасының қолжазба бөліміне барып ізденгенімізбен, өзіміз де күткендей Сергей Ольденбург пен Әлихан Бөкейханның (ол екеуі, тіпті, Совет өкіметі кезінде де бұрынғы партиялас ретінде әрі ғалым ретінде дос болып қала берді) жазысқан хаттары да, ғылыми еңбектері де, бірге не бөлек-бөлек тұруы мүмкін фотосуреттері де, не басқа да құжаттар да табылмады.

Бірақ, Сергей Федорович Ольденбургтің жеке қорынан Ахмет Байтұрсынұлының бұрын көрмеген екі фотосуреті табылып, жанымыз жадырап қалды.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ БЕЙМӘЛІМ ЕКІ ФОТОСУРЕТІ

Екі фотосуреттің де артқы бетінде шамасы, Сергей Ольденбургтің қолы болса керек, «Ғылыми қызметкерлердің бүкілодақтық сиезі. 1927
Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы алдыңғы қатарда сол жақтан үшінші отыр. Бұл фотосуреттің сыртында «Ғылыми қызметкерлердің бүкілодақтық съезі. 1927 жыл. Ақпан 5-13» деп жазылған.
жыл. Ақпанның 5-13» деген қолмен жазылған сөздерден басқа ешқандай жазу немесе суреттегі адамдардың тізімі жоқ.

Бірінші фотосуреттегі отырған Ахмет Байтұрсынұлын ешкіммен шатыстыру мүмкін емес. Тура сол қатардағы көзілдірік киген бізге бейтаныс бір адамнан кейін отырған академик Сергей Ольденбург. Қалғандары белгісіз.

Екінші фотосуреттегі де осы топ, тура сол құрамда, бірақ, бұл жолы үлкен ғимараттың кіреберісіндегі баспалдақта тұрып түскен. Мұндағы ғимарат Санкт-Петербургтегі бұрынғы Ресейдің Императорлық ғылым академиясына ұқсайды. Бұл суретте қазақ ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы Сергей Ольденбургтің артында – сәл оңға қарай және бір саты жоғары тұр.

Өкінішке қарай, фотосуреттің түсірілген уақытынан өзге бізге ештеңесі белігісіз, бұл суреттер қай
Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы (үстіңгі қатарда, ортада тұр) ғылыми қызметкерлердің бүкілодақтық съезіне қатысушылармен бірге.
жерде түсірілген, Мәскеуде ме, әлде (ол кезде атауы өзгеріп үлгерген) Ленинградта ма? Дей тұрғанмен, бір нәрсені ғана еш шүбәсіз айтуға болады: Ахмет Байтұрсынұлы мен Сергей Ольденбург секілді екі аса көрнекті ғалымның танысуына Әлихан Бөкейхан септескен.

МОЙЫНДАЛМАҒАН ЭНЦИКЛОПЕДИСТ–ҒАЛЫМ

Әлихан Бөкейхан қазақтың аса көрнекті энциклопедист-ғалымы еді, ол қазақ өлкетануының негізін қалаушы, бірқатар фундаменталды ғылыми еңбектің, очерктің және Қазақстан тарихы, антропология, жер өңдеу, мал шаруашылығы, әдебиет және басқа да білім салалары бойынша ондаған мақалалар мен жазбалардың ауторы.

Ол Императорлық орыс географиялық қоғамының (ИРГО) Батыс-Сібір бөлімінің нағыз мүшесі, 1902 жылдан ИРГО-ның реттеу комитетінің мүшесі, Мәскеу ауыл шаруашылығы қоғамы (ООМОСХ) Омбы бөлімінің мүшесі, Ленинград мемлекеттік университетінің профессоры (шамамен, 1925-1927 жылдар), ССРО Ғылым академиясы Айрықша комитетінің Қазақстан бойынша сарапшысы болған адам.

1894-1926 жылдар аралығында ол төрт түрлі ғылыми-зерттеу экспедициясының жұмысына қатысқан: «Тобыл» экспедициясы; В. А. Щербинаның жетекшілігімен жасалған экспедициялар; С. П. Швецов басқарған статистика-экономикалық экспедиция; сондай-ақ (1926 жылы) ССРО Ғылым академиясының антропологиялық экспедициясы.

Әлихан Бөкейхан академиктер С. П. Швецов, С. Ф. Ольденбург, А. Е. Ферсман, С. И. Руденко, С. Ф. Баранов секілді көптеген көрнекті ғалымдармен достық қарым-қатынаста болған.

Айта кетуіміз маңызды – Азаттық радиосының Санкт-Петербург мұрағаттары мен кітапханаларында жүргізген журналистік зерттеулерінен тапқан олжасының қатарында ХХ ғасырдың басындағы қазақтың тағы бір көсемі Мұстафа Шоқайға қатысты да деректер бар. Оның студенттік шағына, Әлихан Бөкейханмен бірі Францияда, екіншісі темір қақпаның бергі жағы – Совдепияда қалған кездегі байланысына қатысты жаңа құжаттар табылды. Бұл турасында келесі мақалада әңгімелейтін боламыз.
XS
SM
MD
LG