Accessibility links

Қытайдың Назарбаевтан жер сұрағанынан Бейжің елшісі хабарсыз


Солтүстік Қазақстан облысындағы егін орағы. Қазан, 2008 жыл.
Солтүстік Қазақстан облысындағы егін орағы. Қазан, 2008 жыл.

Қытай елшісі 1 миллион гектар қазақ жерін жалға сұраған өз елінің өтініші жайында ешнәрсе білмейтінін айтты. Осылайша, ол жұртшылықты дүрліктірген Қазақстан президентінің мәлімдемесінің сырын бүгіп қалғандай.


ҚЫТАЙ НАЗАРБАЕВТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРАДЫ

Өткен аптада Қазақстан президенті ерекше бір жаңалық айтты. Жалпы Қазақстан жұртшылығы бұл жаңалықты енжар қабылдағанымен, ол кейбіреулердің қатты алаңдаушылығын туғызды.

Ақорда қожайынының айтуынша, Қытай Қазақстаннан ауыл шаруашылығына пайдалану үшін көп те емес, аз да емес 1 миллион гектар қазақ жерін жалға беруін сұраған.

Атап айтқанда, 4 желтоқсанда Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісінде сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннның шикізат секторында жұмыс істейтін шетел инвесторларына ірі жобалар жұмыс істеп жатқан аймақтар маңында агроөнеркәсіптік өндіріс кешендерін құруға ұсыныс жасады.

Өз ұсынысының салмақтылығының дәлелі ретінде Ақорда қожайыны Қытайды мысалға келтірді. Атап айтқанда ол: «Мысалы, Қытай Халық Республикасы соя мен рапс өсіру үшін оларға 1 миллион гектар жерді жалға беруімізді сұрады», – деп мәлімдеді.

Қазақ президентінің бұл сөзді абайламай немесе «сендер келмесеңдер қытайлықтар келеді» деп, әсіресе батыстың ауыл шаруашылығы инвесторларын асықтырғысы келгендіктен айтқанын бағалау қиын.

Алайда, алматылық ҚазТАГ агенттігі 9 желтоқсанда Бейжіңнің 1 миллион гектар жер сұрауы жайындағы әңгіме Қытайдың Қазақстандағы елшісіне «жаңалық болғанын" хабарлады.

«Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чэн Гопиннің өз елінің соя мен рапс өсіру үшін Қазақстаннан 1 миллион гектар жер сұрағанынан хабары жоқ. Бұл туралы ол сәрсенбіде өткен баспасөз-мәслихатында журналистердің сұрағына жауап берген кезде айтты», – деп хабарлады ҚазТАГ.

«Шынымды айтсам, мен мұны бірінші рет естіп отырмын. Әрине, Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында жоспарлы және
Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығы саласында жоспарлы және мазмұнды ынтымақтастық жасайды. Бірақ, мұндай ынтымақтастық міндетті түрде екі үкіметтің бақылауымен, өркениетті жолмен жүзеге асады.
мазмұнды ынтымақтастық жасайды. Бірақ, мұндай ынтымақтастық міндетті түрде екі үкіметтің бақылауымен, өркениетті жолмен жүзеге асады», – деді Қытай елшісі Чэн Гопин.

БАТЫС ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА АСЫҒАР ЕМЕС

Бірақ, қазақ билігі үшін егер мүмкіндік болса батыс инвесторларын елдің ауыл шаруашылығы жобаларына инвестиция салуға асықтыруға, тіпті оған итермелеуге себеп баяғыда пісіп, жетілген. Батыс және Орталық Еуропаның Германия, Италия және Чехия сияқты елдері инвесторларының қазақтың ауыл шаруашылығына жарамды жерлеріне қызығушылық танытқанын естеріңізге саламыз.

Алайда, Азаттық радиосына берген сұхбатында ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің мойындағанындай, осы уақытқа шейін батыс елдері тарапынан бір де бір салмақты ұсыныс түспеген.

Тек батыс елдері ғана емес, сонымен бірге Жапония мен Парсы шығанағындағы бірқатар елдердегі мүмкін болар инвесторлардың Қазақстанның аграрлық секторына инвестиция салуына кедергі болып отырған себептер бар: біріншіден, климаттық жағдайлар; екіншіден, көліктік және өзге де қажетті инфрақұрылымдардың дамымағандығы және алыста орналасуы.

Солай бола тұра, Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің мәжілісі барысында Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге жарамды қыруар жері бар екенін жиналғандардың есіне сала кетті.

Атап айтқанда, Ақорда ауыл шаруашылығына арналған 3,5 миллион гектардан астам жерді шетелдік инвесторларға ұсынуға даяр. Бұл жайында Азаттық радиосына биылғы мамыр айында Арман Евниев айтқан болатын.

ҚЫТАЙ – ОРАСАН РЫНОК

Вице-министр Арман Евниев 7 желтоқсанда Азаттық радиосының тілшісімен телефон арқылы болған сұхбатта соя және тағы сол сияқты тиімділігі жоғары дақылдарды өндіруге байланысты шетел инвесторларын тарту жөніндегі қазақ үкіметінің жоспарлары жайында жан-жақты әңгімелеп берді:

«Бұл жердегі әңгіме Қытайда соя сияқты дақылдарға үлкен сұраныс бар екенінде болып тұр. Олар жыл сайын 40 миллион тонна сояны сырттан алады және бұл көлем жыл сайын өсе түсуде.

Тиісінше, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан сияқты бірқатар облыстардың суармалы жерлерінде сояны өсіруге мүмкіндік бар. Қазір осы жобаны инвестициялау, ұйымдастыру мәселесі талқылануда.

Есептеулер көрсетіп отырғандай, алдағы бес жылда соя өндіруді 1 миллион тоннаға дейін жеткізуге болады және алдағы бес жылда соя, жүгері және т.б. ауыспалы дақыл түрлерін есепке ала отырып өнім көлемін 3 миллион тоннаға дейін жеткізуге болады.

Рапсты біздің солтүстік өңірлерде өсіруге болады. Бірақ, мен бұл жұмыс әзірге осы жақын маңдағы оңтүстік өңірлерді игеруден басталып, сатылап жүргізіледі деп ойлаймын.

Бізде қазір астықты сатуға байланысты белгілі бір қиындықтар бар. Ал, рапс ішкі рынокта да, әсіресе сыртқы рынокта сұранысқа ие. Яғни, бұл рынокта сұранысқа ие дақыл».

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев «алдағы жылы осы жоба аясындағы байқау ретінде 10-17 мың гектар жер игерілетін болар», – деді.

ҚЫТАЙТАНУШЫ ҚАТТЫ АЛАҢДАУЛЫ

Қытайдың 1 миллион гектар қазақ жерін жалға сұрауы туралы Назарбаевтың айтқанына байланысты Қытайды зерттеуге көп жылдарын арнаған белгілі мәдениеттанушы Мұрат Әуезов былай деп түсінік берді:

«Қытайдың соя туралы бұл ұсынысы олардың жақын арада осы жерлерге келіп, түптеп орнығып қалу туралы ойын аңғартады.

Президент Қытайдың бұл ұсынысын айтқанда біздің ұланғайыр жеріміз де бар және оны игеруге ұмтылып отырғандар да жоқ емес деген тұрғыдағы әдістемелік айла жасады үміттенемін. Мұның артында бәрін Қытай алып қалмайды, елеусіз жатқан жер жоқ, қапы қалмаңдар деген ой да жатуы ықтимал».

Егер Ақорда соя мен рапс өсіру үшін Қытайға 1 миллион гектар қазақ жерін беретін болса, онда бұл Қытайдың Қазақстанды отарлай
Мұрат Әуезов, белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы. Алматы, 9 шілде 2009 жыл.
бастауының нағыз өзі болатындығына Мұрат Әуезов сенімді. Әңгіме 200 мың гектарға артық жер жайында болып отыр, дейді Әуезов.

Азаттық радиосына берген сұхбатында Мұрат Әуезов былай деді:

«Байқайсыз ба, ол сояға қатысты жоба талқыланып жатыр деді. Бірақ, бұл жоба жүзеге асса Қытайдан көптген адамдардың әкелінетіні түсінікті ғой. Ол сояны кім өсіріп, өңдеп, сатумен айналысады?

Егер әлгіндей жұмыстардың барлығымен қытайлықтар айналысса, онда бұл қыруар адам. Бұл жерде әңгіме тек қытай шаруасы ғана емес, қытайлық бүкіл инфрақұрылым жайында болуы мүмкін.
Қытайларға өз тағамдары, өз медицинасы, т.б. керек болады. Яғни, егер бұл мәселе Қытайдың пайдасына шешілер болса, онда Қазақстанды нағыз отарлау туралы әңгіме айтуға болады.


Өйткені, қытайларға өз тағамдары, өз медицинасы, т.б. керек болады. Яғни, егер бұл мәселе Қытайдың пайдасына шешілер болса, онда Қазақстанды нағыз отарлау туралы әңгіме айтуға болады.

Оның үстіне, соя, рапс өсіруге байланысты бұл жоба тек Қазақстанның оңтүстік облыстарын ғана емес, сонымен бірге бірқатар солтүстік облыстарды да қамтиды. Қытай осы арқылы болашақта бұл жерлерге қытайларды қоныстандыруды ойлап отыр. Ал, бұның бізге еш қажеті жоқ. Бұл соңғы күндері мен естіген ең қорқынышты жаңалықтардың бірі».

БАЙЫРҒЫ ЖЕР МӘСЕЛЕСІ

Қытайға жер беруге байланысты қорқыныш-қауіп айтып отырған тек Мұрат Әуезов қана емес екен.

Қазақ жерінің қилы да күрделі тарихы мен қайғылы тағдыры туралы төрт кітаптың ауторы, белгілі жазушы Сапабек Әсіптің пікірінше, Қазақстандағы ең ыңғайлы және шұрайлы жерлер алдымен қазақтардың өзіне берілуі керек.

Жер үшін көшпелі қазақтар әрқашан өмірін тіккеніне және бұл қазір де ең түйінді мәселе болып қалғандығына жазушы нық сенімді.

Өз кезегінде, қытайтанушы Мұрат Әуезов Қытаймен қарым-қатынаста Қазақстан басшылығы өткен жылдардың тәжірибесін есепке алатындығынан үмітін үзбейді және Ақорданы барынша сақ және қырағы болуға шақырады:

«Біріншіден, тәуелсіз Қазақстанның Қытаймен арадағы қарым-қатынасында үлкен тәжірибесі бар. Және президент Назарбаев қоғамға мұндай ақпаратты берген кезде бұл тәжірибені есепке алады деп үміттенемін.

Мен барлығымызға тағы да қайталап ескертемін: Қытаймен қарым-қатынаста өте сақ, әрі қырағы болуымыз қажет. Өйткені, әңгіме біздің ұлттық қауіпсіздігіміз жайында болып отыр. Біз бұл жайында бұған дейін де көп айтқанбыз және қайталаудан шаршамаймыз.

Қытайлықтар мұнай және газ құбырларын салды. Бұл құбырлардың Қытай үшін маңыздылығы соншалық, оның алғашқы тармағының ашылу салтанатына мемлекет басшысы Ху Цзиньтаоның өзі келмек! Яғни, бұның өзі әлгі мұнаймен, газбен, уранмен және т.б. байланысты жобалардың Қытай үшін қаншалықты маңызды екендігін байқатуда.

Бірақ, әр елдің өзінің іргелі мүддесі болатындығына тағы бір рет назарларыңызды аударғым келеді. Біз Қытайдың стратегиялық мүддесінің не екендігін білеміз. Қытай өзінің басты мақсатына жету үшін қандай терминологияны болса да қолдана береді.

Сондықтан, экономикалық тиімділігі болатын кез-келген мәселені талқылауға болады. Бірақ, біз үшін аса маңызды территориялық мәселеде ұтылмауымыз керек. Өйткені, бұл мәселе ежелгі түрік кезеңінен бері келе жатыр.

Міне осы мәселелерді бір-бірімен байланыстырып, кешенді түрде қараған маңызды және қажетті. Міне, дәл осылай, біреуін екіншісінен бөле қарай отырып біз шекаралық өзендер және шекара мәселесінде Қытайдан ұтылып қалдық.

Қытаймен бұлайша жұмыс істеу – қылмыс. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып айтқым келетіні: ненің не екендігін тура айту керек. Біздің жерімізге, байлығымызға байланысты мәселелермен айналысып, тұмсығының астындағынан арғыны көрмейтіндер – қылмыскерлер.

Президент Назарбаевтың жіңішкелеп айтқан сөзі ол кісінің бұл проблеманың қаншалықты күрделі екендігінен хабардар байыпты ұстанымын аңғартады деген үміттемін.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао. Бейжің, 16 сәуір 2009 жыл.
Ал бірақ, президент Назарбаевтың айтқан сөзі өзінің не істейтінін алдын ала мұқият жоспарлайтын және қойған мақсатына жетуді білетін қытай тарабының әлгіндей ұсынысының пайдасына шешілуден құдай сақтасын.

Қытай алға қойған мақсатына өте шебер түрде, асықпай, саспай, бірақ әйтеуір бір тыңғылықты жетуді біледі. Сондықтан, соя егу жобасына қатысты айтылған бұл ұсынысқа дер кезінде қарсы тойтарыс берілмеуі немесе оны талқылаудың доғарылмауы мені өте қатты алаңдатып отыр».

Қазақтың кейбір қоғам қайраткерлері осындай қауіптерін айтып жатқанда, келесі аптада Қазақстанға Қытай төрағасы Ху Цзиньтаоның келетіндігі белгілі болды. Қазақстан СІМ хабарлауынша, сапар барысында Ху Цзиньтао мен президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-Қытай» газ құбырының бірінші тармағының іске қосылуы және екінші тармағындағы дәнекерлеу жұмыстарының бітуіне байланысты салтанатты рәсімге қатысады.
XS
SM
MD
LG