Мемлекеттік әнұранның авторлары, өмірден өтіп кеткен композитор Шәмші Қалдаяқов пен ақын Жұмекен Нәжімеденовтің шығармалары Қазақстанның 2010 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын алды. Мемлекеттік сыйлық бойынша шешім қабылдайтын комиссияның бұл ұсынысы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілді.
Әдебиет майданының бірқатар өкілдері өлілер мен тірілерді жарыстырғаннан гөрі қазіргі қаламгерлердің шығармаларын сарапқа салайық десе, енді бір бөлігі өзі кеткенмен сөзі қалған әдебиет өкілдерін қашан да марапттау кеш болмайды деген пікірде.
Ал жазушы Дулат Исабеков болса, өмірден өтіп кеткен қаламгерлерге қатысты өз алдына бөлек ереже ойлап тапсақ деген ұсынысты алға тартады. Әдебиетшілердің осы тақырыптағы пікірталасын Руханият айдары хабарынан тыңдаңыздар