Канададан Мәскеу қаласына байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанатына арнайы келген Бақыт Кенжеев Азаттық радиосына сұхбат берген еді.
«МЕНІҢ ОТАНЫМ – БҰРЫНҒЫ СОВЕТТЕР ОДАҒЫ»
– Бақыт мырза, сыйлығыңыз құтты болсын. Жеңіп алған жүлдеңіздің басқа да көптеген жетістіктеріңізден қандай артықшылығы бар?
– Бұл сыйлық шетелдегі орыс жазушыларына беріледі. Орыс әдебиеті шетелде тұратын қаламгерлер де Ресейде тұратын шығармашылық өкілдерімен бірдей құнды екендігін түсінгеніне шүкіршілік етемін. Бұл сыйлықты мен жылы қабылдадым. Себебі, кезінде мен Отанды тастап шетелге қынжыла көшкен едім. Әрине, Отанның бізді де елеп-ескеріп сыйлық тапсырғанына мен қуанамын. Менің Отаным – бұрынғы Советтер одағы.
– «Поэзия» жанрындағы бұл сыйлық дәл сізге берілетіндігін алдын-ала сездіңіз бе?
– Бұл сұраққа «иә» және «жоқ» деп жауап берер едім. Менің Владимир Кондельсман секілді мықты бәсекелестерім болды. Нью-Йоркте тұратын бұл ақынға екінші орын берілді. Айта кетерлік жайт, әрбір сыйлық ақынның мәртебесін өсіретіндігі түсінікті. Бұл қарапайым пендешілік сезім. Бірақ, мен қалай дегенмен Бақыт Кенжеев емеспін бе? Сыйлықтың Владимир Ивановқа емес, маған беріліп отырғанына қалай қуанбасқа.
– Ал, сіздің сыйлық қорыңызда қазақстандық жүлделер бар ма?
– Иә. Біріншіден, мен Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегерімен. Екіншіден – Қазақстанда менің үш кітабым жарық көрді. Мен үшін қазақ елімен байланыстың үзілмеуі өте маңызды. Тағы да қайталап айтамын, қалай дегенмен мен Володя Иванов емес, Бақыт Кенжеевпін.
МЕН ӘЛЕМ АЗАМАТЫМЫН
– Қазақстанда соңғы рет қашан болдыңыз және елге қаншалықты жиі келіп тұрасыз?
– Өкінішке қарай, Қазақстанға бармағаныма үш жылдың жүзі болып қалды. Бір жылдары, мүмкіндігіне қарай, елге жиі барып тұрғанмын. Шынымды айтсам, жақсы ұсыныстармен шақыртулар түсіп жатса қуана-қуана қабылдар едім. Қалай дегенмен, бүйрегің Отаныңа қарай бұрып тұрады.
– Сіз қазір Канадада тұрып жатырсыз...
– Мен әртүрлі елдер арасында шашылып жүрген жайым бар: Ресейге жиі келіп тұрамын; тұрғылықты жерім – Канада; америкалық қызға үйлендім, енді сонда көшкелі жатырмын. Жалпы, мен өзімді «әлем азаматымын» деп есептеймін. Менің идеалдарымның бірі – Шоқан Уәлиханов. Ол да қазақ, және орыс офицері, мен секілді «әлем азаматы» десе болғандай... (күледі)
– Ал, сізді Қазақстанның қазіргі тұрмыс-тіршілігі қызықтыра ма?
– Әрине, мен қоғамда болып жатқан өзгерістерді үнемі бақылап отырамын. Мені Қазақстанның, сондай-ақ Ресей мен басқа да елдердегідей, жоғарғы мәдениетке деген қызығушылығының біршама бәсеңсуі алаңдатады. Бірақ, Қазақстанды мен өте жақсы көремін. Әйтеуір біздегі жүйе ақылға сыйымды аяда ғой, одан да нашар болуы ғажап емес-тін.
НАЗАРБАЕВ – «БІЛІМДІ ТИРАН»
– Сіздің бұл қызығушылығыңыз шығармашылығыңызда көрініс тапқан ба?
– Бұл сұраққа да «ия» және «жоқ» деп жауап берер едім. Мен өрелі өлеңдер жазамын. Айтайын дегенім, өрелі өнер тудыруға тырысамын. Шығармаларымда үнемі даланың, көшпенділердің сарыны сезілетіндігін байқаймын. Ал, сүйікті асым – қазы. Қазақстанның оңтүстігінде дүниеге келдім, туыстарым Алматыда тұрады.
Балалық шағымды жылы сағынышпен еске аламын. Қазақ болып тудым, қазақ болып қаламын да. Бұл мінезім бірқатар орыс достарыма ұнай бермейді. «Неге?» деп сұрайды олар, ал мен «Булат Окуджава орыстың ұлы ақыны болған, бірақ оның ұлты – грузин. Бұған сіздер таңырқамайсыздар ғой» деймін оларға. Яғни, менің бұл сөздеріме сіздер де таңырқамаңыздар.
– Сіз 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі кезінде Бақытжан Қанапяновтың өлеңдерін Азат Еуропа және Азаттық радиосынан оқыған екенсіз.
– Оқығаным рас. Аса қайғылы оқиға кезінде Отаныма осылай қолдау білдіргім келді. Ал, Бақытжанды қатты құрметтеймін. Ақынның менің еңбегімнің кітап түрінде шығарылуына көмектескенін айтқым келеді.
– Сіз бір сұхбатыңызда Назарбаевты «тиран» деп атапсыз?
– Жоқ. Мен Назарбаевты «білімді тиран» деп атаған болатынмын. Бұл екеуінің айырмасы жер мен көктей. Тиран – бұл балағаттау. Ал, «білімді тиран» деп айтатын болсақ, бұрынғы Советтер одағының мемлекеттеріндегі саяси және басқа да жағдайларды ескерсек, онда бұл қошемет сөз болып шығады. Бұл – мадақтау сөз.
Мәселе салыстыруда болып тұр. Мысалы, Назарбаев пен Кәрімовты салыстыруға келмейді. Өйткені, олар мүлдем бөлек адамдар, бөлек жүйе, бәрі бөлек... Әрі қарай айтпай-ақ қояйын. Мен саясатты жақтырмаймын. Бірақ, менің пікірімше, аса шағымдана берудің реті жоқ секілді... (күледі)
ҚАЗАҚ ТІЛІН БІЛМЕГЕНІМ – ДРАМА
– Сіз жеңіп алған байқаудың мақсаты – орыс тілін сақтауға ықпал ету екен. Осы тұрғыдан алғанда, сіз қазақ тілін сақтау туралы не айтар едіңіз?
– Мен үшін бұл үлкен драма. Қазақтың көптеген зиялылары секілді мен қазақ тілін білмеймін. Нағыз драма. Осы жағы мені күйзелтеді. Орыс тілді ортада өскен соң тілім қазақша шықпаған. Менің пікірімше, бұл өте күрделі міндет. Қазақстан секілді халық саны аз, оның үстіне полиэтникалық мемлекет үшін үкіметтің бірінші міндеті – ұлттық мәдениетті, соның ішінде әдебиетті дамыту деп есептеймін мен.
Яғни, қазақ тілді кітаптардың жарық көруін қаржыландыру, әлемдік әдебиетті таныту үшін қазақтың жас жазушыларын шетелге оқуға жіберу, сол арқылы қазақтың әдеби тілін дамытуға көмектесу керек. Жасыратын түгі жоқ, оған қолдаудың қажет екендігі рас. Менің пікірімше, Қазақстан кәрі құрлықтағы Финляндия, Норвегия, Швеция секілді шағын мемлекеттердің саясатын ұстануы тиіс. Бұл мемлекеттерде жазушылар, ұлттық тіл мен мәдениетті дамыту үшін, мемлекеттің есебімен өмір сүреді. Сол секілді, қазақ әдебиеті де әлемдік картадан өз орнын иеленуі тиіс.
– Шығармашылық тұрғысында қандай жоспарларыңыз бар?
– Құдай жазуды қаласа, жазармын. Болмаса, мастыққа батармын (күледі). Бәрі жұрттікіндей ғой...
– Канадада қандай кәсіппен шұғылданып жүрсіз?
– Жалпы, мен аударма ісімен айналысамын. Ал, биылғы жылы шығармашылықпен кәсіби түрде шұғылданып жатырмын. Жақында ғана Канаданың өнер ісі жөніндегі кеңесінің грантына ие болдым. Көпшілік жұрт секілді еңбек етіп, отбасын асырап жүрген маған бұл жағдай аса қолайлы емес. Гранттың ақшасы көп болмағанымен жұмыс істемей күн көруге жетеді. Енді кәсіби жазушымын – мен үшін бұл өте оғаш жағдай. Амалсыз бірдеме жазуға тура келеді...
– Бақыт мырза, әңгімеңізге үлкен рахмет. Шығармашылық табыс тілейміз.
P.S. Ақын Бақыт Кенжеев 1950 жылы Шымкент қаласында туған, үш жасынан бастап Мәскеу қаласында тұрды. Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірді. Жетпісінші жылдардың басында Кенжеев «Московское время» ақындар тобын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1982 жылы Канадаға көшті. Алғашқы өлеңдер жинағы кітап ретінде 1996 жылы «Жібек Жолы» баспасында жарық көрді. Шығармалары қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс және швед тілдерінде жарияланды.