«Азаттық» сыйлығын тапсыру рәсімі
«Демократия күні» ретінде аталып өтетін қаңтардың 19-ы күні жылдағы дәстүр бойынша тіркелмеген «Алға!» партиясы «Азаттық» сыйлығын тапсыру рәсімін өткізді. Биылғы жүлдегерлер Ермек Нарымбаев, тіркелмеген «Алға» партиясының белсендісі Игорь Колов және қуғында жүрген бизнесмен Мұхтар Әблязов лайықты деп танылды. Алматы, 19 қаңтар 2011 жыл.