Саны | Аты-жөні | Жасы | Ұсыну туралы мәлімет | Тіркелу туралы мәлімет |
1. | Сәлім Өтен | 60 | 5 ақпан өзін-өзі ұсынды | 12 ақпан қазақ тілі сынағын тапсырды, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды. |
2. | Уәлихан Қайсар | 46 | 6 ақпан өзін-өзі ұсынды | 8 ақпан тіл сынағынан өтпеді. Жоғары сотқа дейін шағымданды. 10 ақпан ОСК-на қайтара өтініш түсіріп, арызы қабылданбады. |
3. | Мұсағали Дуамбеков | 50 | 7 ақпан өзін-өзі ұсынды | 9 ақпан қазақ тілі сынағын тапсырды. 2 наурыз сайлауға қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. |
4. | Амантай қажы Асылбек | 69 | 10 ақпан өзін-өзі ұсынды | 12 ақпан қазақ тілі сынағына келмей қалды. 16 ақпан "Қазақ тілін жақсы білем. Сынаққа мүлдем бармаймын" деп мәлімдеме жасады. 21 ақпан ОСК үміткердің тіркелмегені туралы хабар таратты. |
5. | Нұрсұлтан Назарбаев | 71 | 11 ақпан Нұр-Отан ХДП ұсынды | 11 ақпан тіл сынағынан өтіп, 18 ақпан кандидат ретінде тіркелді |
6. | Қанат Есжанов | 49 | 12 ақпан өзін-өзі ұсынды | 15 ақпан тіл сынағынан өтпей қалды |
7. | Қанат Төрегелдиев | 49 | 14 ақпан өзін-өзі ұсынды | 16 ақпан тіл сынағынан өтті. Наурыздың 1-і сайлауға қатысудан бас тартты. |
8. | Зәуре Масина | 64 | 14 ақпан өзін-өзі ұсынды | 15 ақпан кандидатурасын алып тастады |
9. | Жамбыл Ахметбеков | 50 | 14 ақпан Қазақстанның коммунистік халық партиясы ұсынды | 17 ақпан тіл сынағынан өтті, 26 ақпан кандидат ретінде тіркелді |
10. | Советқазы Нұрсила | 56 | 15 ақпан өзін-өзі ұсынды | 17 ақпан кандидатурасын алып тастады |
11. | Толыбай Баймұрзин | 49 | 15 ақпан өзін-өзі ұсынды | 18 ақпан тіл сынағынан өтпеді |
12. | Гүлдана Тоқбаева | 57 | 16 ақпан өзін-өзі ұсынды | 19 ақпан тіл сынағынан өтті, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды. |
13. | Майя Қарамаева | 54 | 16 ақпан өзін-өзі ұсынды | 19 ақпан тіл сынағынан өтпеді |
14. | Адалбек Құнанбаев | 43 | 16 ақпан өзін-өзі ұсынды | 20 ақпан тіл сынағынан өтпеді |
15. | Мэлс Елеусізов | 61 | 16 ақпан өзін-өзі ұсынды | 18 ақпан тіл сынағынан өтті, 28 ақпан кандидат ретінде тіркелді |
16. | Мейрамкүл Қожағұлова | 50 | 17 ақпан өзін-өзі ұсынды | 23 ақпан тіл сынағына келмей қалды |
17. | Жақсыбай Бәзілбаев | 59 | 18 ақпан өзін-өзі ұсынды | 22 ақпан тіл сынағынан өтті. Наурыздың 1-і сайлауға қатысудан бас тартты. |
18. | Біржан Ділмағамбет | 50 | 19 ақпан өзін-өзі ұсынды | 23 ақпан қазақ тілі сынағынан бас тартты |
19. | Мұрат Телібеков | 53 | 19 ақпан өзін-өзі ұсынды | 23 ақпан қазақ тілі сынағына келмей қалды |
20. | Құрманғазы Рахметов | 47 | 20 ақпан «Желтоқсан» қозғалысы ұсынды. | 22 ақпан қазақ тілі сынағынан өтті, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды. |
21. | Ғани Қасымов | 61 | 20 ақпан Қазақстанның патриоттар партиясы ұсынды | 20 ақпан қазақ тілі сынағынан өтті, 28 ақпан кандидат ретінде тіркелді |
22. | Серік Сапарғали | 59 | 20 ақпан өзін-өзі ұсынды | 23 ақпан тіл сынағынан өтті, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды. |
Орталық сайлау комиссиясы конституция бойынша президенттікке үміткер болуға лайық деп таныған соң үміткерге қол қою парақшалары беріледі. Үміткерлер тіркелу үшін өздерін қолдайтын және 14 облыстың кем дегенде тоғызында тұратын 91 мың сайлаушының қолын өткізуі тиіс.
Жоғарыдағы тізімде тіркелген кандидаттардың есімдері қою әріптермен терілді.
Сайлаудың өту барысы
Ақпанның 5-і | Президент сайлауына қатысуға үміткер ретінде өтініш беру басталды |
Ақпанның 20-сы | Өтініш беру аяқталды |
Наурыздың 2-сі | Үміткерлерді кандидат ретінде тіркеу мерзімі бітті |
Наурыздың 3-і | Президенттік сайлау алдындағы кандидаттардың үгіт-насихат шаралары басталды |
Сәуірдің 1-і (2-сіне қараған түнгі 12-де) | Үгіт-насихат шаралары тоқтатылады |
Сәуірдің 3-і (07.00-20.00) | Президент сайлауы өтеді |
Сәуірдің 9-ына дейін | Сайлау қорытындысы жарияланады |
Президент сайлауы сәуірдің 3-і күні жергілікті уақытпен таңғы жетіде басталып, кешкі сегізде аяқталады.