Accessibility links

Сирия билігі Хама қаласынан танктерін шығарды


Үкіметке қарсы наразылық жиыны. Хама қаласы, Сирия, 13 мамыр 2011 жыл.
Үкіметке қарсы наразылық жиыны. Хама қаласы, Сирия, 13 мамыр 2011 жыл.
Сирия билігі елдің орталығындағы Хама қаласынан танк бөлімшелерін шығарды.

Қала тұрғындарының айтуынша, танктер мен бронетранспортёрлер қаладан шығып, солтүстікке қарай бет алған. Бұған дейін Хама қаласында ондаған адамның тұтқындалғаны туралы хабарланған.

Өткен аптада Сирия президенті Башар әл-Асад өзіне қарсы шыққан шерушілерді басу мақсатында Хама қаласының әкімін қызметінен босатқан еді.

Жұма күні Хамада 200 мыңға жуық адам шеруге шығып, әл-Асадтың режиміне наразылық танытты. Белсенділердің айтуынша, әл-Асад отбасының 40 жылдық билігіне қарсы жалпыұлттық наразылық шарасы кезіндегі қақтығыстар барысында кемінде 11 адам мерт болған.
XS
SM
MD
LG