Сейсенбі күні Иордан өзенінің сол жағалауына келген АҚШ ресми делегациясының жолын бөгеген бір топ палестиналық оларға қарсы аяқ киім лақтырып, "Масқара!" деп айқайлады. Араб халықтарында аяқ киім лақтыру - жек көрудің белгісі.
Жергілікті полиция наразы топты ығыстырып тастаған соң АҚШ делегациясының сапары жалғасты.
Өткен айда Палестина басшылығы БҰҰ-ға мүше болу үшін ресми өтінішін тапсырған еді. Израиль мен АҚШ бұған келіспей отыр.
Вашингтон Палестинаға мемлекет құру мәселесін Израильмен келіссөздер арқылы шешуді ұсынып, бұл мәселе бойынша БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің қарарына вето қоятынын ескерткен.